Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Тұлғаның өзін-өзі болжауы



бет18/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

4. Тұлғаның өзін-өзі болжауы

Адамның ең іргелі қасиеттерінің бірі – өзін-өзі болжауға қабілеттілігі. Шынында да, күнде және сағат сайын адамдарға алдын ала көріп, болашағын болжап, оқиғаларды дамытып, нәтижесін қарауға тура келеді. Онсыз өмірін жоспарлау, іс-әрекет жасау мүмкін емес, барлығы соған байланысты. Алдын ала болжам жасауды психологияда көбінесе болашағын болжау деп түсіндіреді. Мұндай болжам жасау, әрдайым мүмкін бола бермейді. Бұл түсінікті де, әртүрлі оқиғаларды алдын-ала тура айту, көріп-білу күрделі және қиын мәселе.


Көп жағдайда адамдар түрлі оқиғалардың дамуын болжайды, басқа адамдардың іс-әрекетін, мысалы, оқытушы өзінің еңбегінің нәтижесін алдын-ала болжайды, ол болашақта оқушыларының мәдениеттілігі мен білімділігінің деңгейінен көрінеді. Қашан тұлға өзін жүзеге асыратын болжамдарының алдына қояды, өзінің іс-әрекеттерінің нәтижесін көріп қана қоймай, өзін жаңарған, өзгерген қасиетімен де көруі қажет, біз ішкі және сыртқы өміріндегі оқиғаларға қуана алатын қасиеттерімен, өзін-өзі дамытуға байланысты шешімдерді жүзеге асыра алатын – өзін болжаумен істес болып тұрмыз.
Өзін-өзі болжаудың кейбір қасиеттеріне тұлғаның өзін дамыту механизміндегідей көңіл аударайық. Оған мыналарды жатқызуға болады.
Өзін-өзі болжаудың мазмұны мен бағытын үш позицияда қараймыз: 1) өмірлік жолдағы кейбір оқиғаларды бағдарлау; 2) ортаның таңғалдыратын оқиғаларының ішіне өзін енгізу; 3) Өзін-өзі болжау, өмірдің әр түрлі кезеңдерімен өзін байланыстыру, болашақта өзінің қасиеттерін дамытуды болжау. Өзін-өзі болжаудың мағынасында бейнені және танымдық құрамдас бөліктер деп бөледі: адам өзінің болашағын «көріп» тұруы мүмкін немесе өзі туралы пайымдауы мүмкін. Екеуіне де әртүрлі көлемде айқындық пен сезінушілік тән.
Өзін-өзі болжаудың анықтығы – белгісіздігі. Бұл туралы көріністің анықтығымен немесе тұлғаның болашақта өзі туралы пікірлерімен жоруға болады. Өзін-өзі болжаудың анық деңгейін бағалауда, олардың дәлелділігіне, шынайылығына талдау жасау маңызды. Өзін-өзі болжаудың тұрақтылығы – болашақта бір бейнеге айналу жылдамдығымен анықталады. Тұрақты өзін-өзі болжау – біртіндеп тұлғаның даму болашағына айналады.
Өзін-өзі болжаудың уақытша мінездемесі психологиялық жастың жүзеге асу мөлшерімен анықталады: 18 жаста «Мен 18 жастамын, әлі ешнәрсе істеген жоқпын», 50 жаста «Мен 50-ақ жастамын, өмірім әлі алда, сол себепті асықпауыма болады». Уақыт осінде көптеген болжам жасауға болады.
Практикалық тұрғыдан өзін-өзі болжаудың үш тобына сүйенуімізге болады: жағдаяттық (мысалы, әркім өз мүмкіндігіне, қалыптасқан жағдайларға байланысты болашағына, іс-әрекетіне болжам жасайды); болашағы бар – өзіміздің жетістігімізді болжаймыз; өмірлік мақсатты болашаққа жоспар құрамыз, мақсаттарымызды жүзеге асырамыз, ойымызды жетілдіреміз.
Осылайша, өзін-өзі болжау болашағымызды «көруге» мүмкіншілік береді немесе белгілі бір уақыт ішінде соған талпынамыз. Сонымен әртүрлі формада өзін-өзі жетілдірудің болашағы анықталады.
Өзін-өзі болжау өзін-өзі танудың нәтижелеріне және міндетті түрде соңғы нәтиже – өзін-өзі қабылдауға сүйенеді. Тұлғаның өзін-өзі дамытуының қорытынды нәтижесі – өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжаудың өзіндік байланысымен анықталады. Тағы да қайталаймыз, бұл механизмдер бір-біріне тәуелді және өзін-өзі болжау өзін-өзі дамытудағы өндірістің негізі сияқты тұлғаның өзін-өзі қабылдау деңгейімен анықталады, бірақ, керісінше де болуы мүмкін.
Өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау механизмдері бірігіп қалай жұмыс істейді, бағытын қалай анықтайды, өзін-өзі дамытудың стратегиясы ше?
Анық және түсінікті стратегиялардың бірі мынау: адам өзіндік тұлғасын толығымен түсінеді, артықшылығы мен кемшілігін біледі, өзін өзгертуді, жетілдіруді ойламайды, қажетсіз деп санайды. Бұл тұлғаның менменсінуіне әкеліп тіреледі, дамуын тоқтатады: «Мен жақсымын, менде бәрі жақсы, маған осы жеткілікті, көңілім тоқ, ары қарай жетілудің ешқандай маңызы жоқ».
Екінші стратегияда, керісінше, саналы түрде өзінің кейбір қасиеттеріне, мінезіне, іс-қимылына көңілі толмайтындығын анықтайды. Сондықтан өзін-өзі болжау «Мен» деп, өзіне-өзі таңдану бейнесіне жұмыс істейді. Егер адам жұмыс үрдісінде өзінің кемшіліктерін ұмытып, қанағаттанса жақсы. Егер олай болмаса ше? Мұндай жағдайда өзіне көңілі толмаушылығы артып, адам өзін іштей жарамсыз, кемшіліктерімен күресе алмайтын жігерсіз сезінеді. Бұл әрине одан әрі әлсіретеді.
Үшінші стратегияның мәні мынада, адам әр уақытта ыңғайсыздықтың себебін түсіне бермейді, өз ісіне жауап беретін психологиялық сау тұлға жасаудың орнына, білсе де, білмесе де өзін болашақта толық қорғалған тұлға ретінде көре бастайды. Соңында мәселелер шешілді, өзгерген, жетілген басқа адам болдым деген әсер қалады. Шындығында бәрі басқадай, қиындықтар, кемшіліктер жоғалып кетпейді, одан көп есеге көбейеді.
Төртінші стратегия оңтайлы болып саналмайды. Ол мына жағдайда пайда болады: «Мен жаманмын», «Мен басқалардан төменмін». Бұл жердегі пайда болған беталыс шиеленіс деңгейін төмендету емес, керісінше, оған күш салдыру. Өзін-өзі дамыту өзін төмен санау формасына әдеттенеді, ал одан адам қанағат алуы мүмкін: «Мен жаманмын, маған сол керек».
Ең қолайлы стратегия деп, адам өзіне жақсы да жаман да қасиеттерді сіңіре отырып, бірақ өзін-өзі болжау жолы арқылы өсуі мен өзгеруінің нақты міндеттерін қойып, нақты және тұрақты мінез қалыптастыруын айтамыз. Өзін жоққа шығармай бекітеді; өзін бұзбай жетілдіре түседі; өз өмірінде болып жатқан барлық жағдайларды қабылдай отырып, өзін іс жүзінде көрсетеді, өзінің нағыз бейнесін қалыптастырады.
Мысалы, «Мен шылым шегемін, оны мойындаймын, шылым шегуді тастағым келеді. Егер ол қолымнан келмесе, қамықпаймын». «Мен қобалжулымын, бірақ бұл қобалжушылық көп жағдайда маған тез шешім қабылдауыма көмектеседі. Мен сенімді болғым келеді, сол үшін өзімді әр түрлі жағдайларда сынап көремін, сол жағдайлардан шыға алатыныма сенімді болғым келеді. Егер олай болмаса, мен қамықпаймын, менің алаңдаушылығым – бұл менің абыройым және т.б. Бұл, әрине, жеңіл түрі. Бірақ соның өзі абыройыңды сақтауға, бүкіл өмір жолыңда жоғарыға қарай талпынып, өзіңді іс жүзінде көрсетуге тырысасың.
Жазылған соңғы стратегия өте тартымды. Бұл тек өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжауды дамыту үрдісіндегі бірге жұмыс істеудің оңтайлы екенін көрсетпейді, мынандай маңызды сұрақтарды туғызады: бұл стратегияны қалай жүзеге асыру керек? Өзін-өзі дамыту жолында кездесетін тосқауылдан қалай өту керек?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет