Байланысты: Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1
әлеуметтік қатер – топтық құндылықтарға бағыну немесе бағынбауын ересек адамдар мен құрбыларының бағалауы. Жасөспірім өзінің мінсіз «Меніне» топтық құндылықтарды кіргізгенімен, оған сәйкес болмау қаупі де бар. Ондай жағдайда жасөспірімді топтан шығуға мәжбүрлеулері де мүмкін. Бұл жердегі тәуекелге барудың мәні жасөспірім әр түрлі жағдайларға тап болуы мүмкін, онда ол ішінен біреуін таңдауы керек. Таңдау жасағаннан кейін жасөспірімнің не өзіне сенімділігі күшейеді немесе дұрыс таңдау жасамағанына қатты өкініп, күйзеліске ұшырайды.
өзін-өзі ашу қатері жасөспірімдерден мына сөздерді жиі естиміз: «Олар мені түсінбейді!»
Бұған ұстаздары, ата-аналары, кей кездері құрбылары кінәлі. Егер біз одан «Өзіңді өзгелер түсінуі үшін сен не істедің?» – деп сұрасақ, үнсіз қалады. Біреудің алдында ашылу – тәуекелге бару деген сөз, жасырып, ештеңе айтпау – басқа қауіп. Жасөспірім кездегі «Мен» оларға терең құндылық болып көрінеді. Барлық адамдарға сырыңды айтасың ба немесе таңдап кебіреулеріне ме, ерте ме, кеш пе, оны әр адам өзі шешуі қажет. Бұл көбінесе адамның мінезіне, басқа да ерекшекшеліктеріне байланысты, өзін-өзі тану әрекетінің аяқтау деңгейі болып табылады. Әрбір адамның ашылмаған құпиясы болу керек, ол тұлғаның бір даралығын, өзгешелігін көрсетеді.
Осылайша, тұлғаның тәуекелге баруы даму мен өзін-өзі дамытудың бір бөлшегі болып табылады. Келеңсіз жағдайда жасөспірім өзін-өзі қалыптастыру үрдісіне қажетті «материалмен» қамтамасыз етеді. Тәуекел жағдайы өзін-өзі танудың үрдісін белсендіреді, оқушының өзіне деген сенімін арттырып, өз ісіне жауапкершілікпен қарауды үйретеді.
Жасөспірім кезде басталатын өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту үрдісі белгілі бір қалыпқа түсіп, жастық шақ деңгейіне ауысады.
Жастық шақ – тұлғаландырудың соңғы кезеңі. Оның негіздері:
– дамып келе жатқан дүниетанымы;
– өмірлік жоспарын қалыптастыру;
– жеке тұлғалақ үрдісі мен кәсіби мамандығын анықтау.
Егер жасөспірім кезеңінде тек өзінің жаңа қасиеттерін ашып, мінезінің ерекшеліктерін сынаумен болса, ал ерте жастық шақта осының барлығын біріктіру үрдісі жүреді. Ал болашаққа бағдар жасау – бүгінгіні қайта қарау деген сөз және өзін-өзі дамытудың негізгі векторын анықтайды: «Менің мақсатым қандай? Қандай мамандықты таңдаймын? Мақсатыма жету үшін қандай мүмкіндіктерім мен ерекшеліктерім бар?»
Нәтижесінде өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың барлық механизмдері жұмыс істейді. Өзін-өзі дамытудың өзі өзін-өзі бекітумен ғана жүзеге аспайды, көбінесе өзін-өзі жетілдірумен және өз алдына нақты мақсат қойғанда жүзеге асады. Бұл мақсатқа жету жолында әртүрлі қарқындағы сезімдер пайда болады.