Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға педагогикалық жәрдем және психологиялық көмек



бет24/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

3. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға педагогикалық жәрдем және психологиялық көмек

Көп уақыт теорияда да, тәжірибеде де ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер, оқытушылар баланы сыртқы әсердің объектісі ретінде қарастырды. Осыған байланысты педагогика қалыптасты. Я.А.Коменский [37] сынып сағаты жүйесі кіргізілген, тәрбие мен оқыту жетілдірілген мектепке дейінгі мекемелердегі білімді меңгерудің психологиялық заңдылықтарын ашты.


Уақыт ағымына қарай білім беру үрдісін басқару дамыды, бақылау мен бағалау түрлері жетілдірілді және анықталды. Ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты, оқыту мен тәрбиелеудің нәтижесіне ғана көңіл бөлінді. Адам барлық қажетті білім мен мағлұматты дұрыс пайдалана алмайды, оны өмірде қолдана алмауының себебі қарапайым психологиялық шектеу – есте сақтау қабілетінің жеткіліксіздігі.
Оқыту мен тәрбиелеу тек білім беріп қана қоймай, тұлғаның ашылуына, ойын іс-жүзінде жүзеге асыруына жағдай жасау идеялары туды.
Ой қарапайым: егер тұлғаның зияттылығы жоғары дамыған болса, онда керек кезінде есіне түсіріп, толық қолданылуына жағдай жасайды. Бұл дамытып оқу идеясының зерттеулері мен қалыптасуына түрткі болды.
Отандық ғылымда теориялық дамытып оқу негіздерін психологияның классигі Л.С.Выготский [38] қалады. Ол бірқатар маңызды тұжырымдар жасады:

  • Бірінші кезекте оқыту, оның артынан даму жүреді;

  • Тұлғаның дамуының өзекті аймағы және жақын аймағы .

Өзекті даму аймағы – ересектердің көмегінсіз баланың өз бетімен жұмыс істей алу қабілеті.
Жақын даму аймағы – бүгін ересек адамның – ата-анасының, мұғалімнің, тәрбиешілерінің және т.б. көмегімен, ал, ертең – өзі жасайтын жұмысы. Бұдан маңызды қорытынды жасалады – оқыту (тәрбиелеу сияқты) жақын даму аймағына немесе баланың ертеңіне сүйенуі керек. Осы жағдайда ғана ол дамиды. Л.С.Ваготскийдің осы және басқа да идеяларын отандық ғылымның кемеңгерлері А.Н.Леонтьев [39], Д.В.Эльконин [40], П.Я.Гальперин [41], В.В.Давыдов [42], А.В. Запорожец [43], Л.В. Занков [44] және т.б. қолдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет