Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың әдеттегі қиындықтары



бет23/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

2. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың әдеттегі қиындықтары

Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың әр түрлі жас мөлшерінде жүзеге асу әрекетінің ерекшеліктеріне қарамастан, жалпы адамзатқа тән қиыншылықтарды көрсетіп, одан өтуге ересектердің, құрдастарының, педагогтар мен психологтардың көмегі қажет екендігі туралы сөз қозғайық.


Бұл қиындықтарға мыналар жатады:

  • Қалыптастағандық, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға түрткінің жоқтығы, өзін-өзі тәрбиелеуге ынтаның жоқтығы. Бұл өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту үрдісін апатты жағдайға әкеліп соқтырады, ал қандай да болмасын кедергі жағдаймен байланысты немесе басқа адамдар жасаған қиындық деп қабылданады;

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуда амал-тәсілдерінің қалыптаспағандығы, тұлғаның өзіне сенімсіздігі немесе керісінше сенімділігі оның психологиялық қорғаныс функцияларын жояды, өзін төмен немесе жоғары санау – осылардың салдары, біреуге тәуелділік не доминантты ұстаным. Басқа сөзбен айтсақ, айналасындағылармен қарым-қатынастың енжар не агрессивті болуы, өзін-өзі дамытудың әлеуметке қайшы жолын таңдап алуы.

  • Адамдарда қиындық туғызатын мәселелер көп, өзіне көңілі толмауы, өзін сол күйде қабылдай алмауы, түсіне алмауы, кей кездері сенімділік пен инабаттылықтың артында өзіне-өзі сенімсіздік пен абыржушылық айқын көрінеді.

  • Өмірлік мақсатты, мамандықты дұрыс таңдамау, мұндай жағдайда адам өзін іс жүзінде көрсете алмайды, жайсыздықты сезінеді, дағдарысқа ұшырайды, көбінесе ондай жағдайлардан өздігінен шыға алмайды.

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту механизмдерінің қалыптаспағандығы: өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжау қабілетін сәйкестендіру. Адамдарға бұл қабілетті дамытуға көмектесе отырып, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың шынайылығы мен барабарлық деңгейін көтеруге болады;




  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың қалыптасқан амалдарын елемейтін адамдар аз емес.

Ұзақ уақыт, мақсатты түрде өзін-өзі тәрбиелеу мен өзі-өзі жетілдірумен шаршап айналысады, ал нәтижесі көңілінен шықпайды. Тіпті осы саладағы адамзаттың мәдени мұрасымен таныса отырып, психологияның беретін кепілдемесімен де адамдар келіспей, оны қабылдамайды. Себебі түсінікті де: өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытумен мақсатты түрде айналысу – өте ауыр еңбек, жігерді қажет етеді, тіпті жинақылықты да қажет етеді. Мұндай бағдар өмірде бәрі жақсы немесе қанағаттанарлық жағдайда жүзеге асады. Егер өмірде қиындық туғызатын мәселелер пайда болса, бұл күйзелістер адамды есеңгіретеді және өзін-өзі тану, өзін-өзі жетілдірумен ешқандай ісі болмайды. Бұл мынадай тоқтамға әкеледі: мақсатты түрде өзін-өзі тану, өзін-өзі дамытумен тек психологиялық тұрғыда дамыған, өзіне не қажет екенін білетін тұлға ғана айналыса алады, ал ондай адам болу үшін міндетті түрде өзінің тәрбиесімен айналысуы керек, тек өмірлік іс-әрекетінің субъектісі ғана емес, дамуының да субъектісі болуы қажет.
Дегенмен, бұл шешілетін мәселе. Туындаған бұл қарама-қайшылықтарды шешуге болады, қоғам, білім беру мекемелері тек білім берумен ғана шектелмей, адамдар арқылы баланың жас кезінен өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға арнайы жағдай жасауға міндетті. Міне, сондықтан соңғы уақытта ғалымдар мен практиктердің (педагогтер, тәрбиешілер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар) өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың психологиялық механизміндегі мәселелерге ғана қызығушылығы артқан жоқ, оқуын ұйымдастыруға, балалар мен ересектерді тәрбиелеуге көптеп жәрдем беріп, білім беру саласын қайта қарауға көңіл бөліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет