Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Дамыта оқу жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру



бет25/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

4. Дамыта оқу жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру
(В.В.Давыдовтың, Л.В. Занковтың, Д.В.Элькониннің көпшілікке белгілі жүйелері)
Дамыта оқыту идеясын практикаға енгізу – баланы іс-қимыл объектісі ретінде қараудың прогрессивті қадамы. Бірақ бұның да соңғы қадам емес екенін уақыт көрсетті.
Оқытуды ізгілендіру мен тәрбиелеу идеясын теория мен практикаға белсенді түрде кіргізу мен тарату ғалымдар мен практиктерді тағы бір керемет ойға алып келді, атап айтсақ, өзін-өзі дамыту, баланы тек сабақ оқудың субъектісі ғана емес, өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде мойындауға негізделген. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің мақсатына басым көңіл аудару керек болды.
Жаңа идеялар мынадай: бала тек сабақ оқудың ғана субъектісі емес, өзінің іс-әрекетінің авторы, субъектісі болу керек, сондықтан оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде өзін-өзі дамытуына жағдай жасап, оны психолог-ұстаздың қағидасы бойынша қарастырып, жәрдем беру қажет.
Маңыздысы: жеке тұлға оқу-тәрбие барысында не үйренеді; ол тез дамып жатыр ма, қалай, қанша, қандай деңгейде өз өміріне жауапкершілікті алады; өзін-өзін тануына, дамуына, өзін-өзі жетілдіруіне қаншалықты деңгейде дайын болады – осыған жауап алу.
Осылайша, өзін-өзі дамытудың технологиясы қайшылық туғызбайды, тұлғаның дамуына байланысты толықтырып кеңейтіледі, өзін-өзін құрастыруына себеп болады. Соған қарамастан, бұл баланың іс-әрекетпен «басқарудың» тек дәстүрлі амал-тәсілдерін қайта қарауды ғана қажет етпейді, сонымен қатар дамыта оқыту барысында қабылданған тәсілдерді де қарау керек.
Өзін-өзі дамытуға тірек болған ой басқа да оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың барлық деңгейінде жаңа идеялар туындауына мүмкіндік береді. Соңғы кездері педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде психолог-ұстаздардың идеясы жиі қолдау тауып жүр.
Алғаш рет бұл идея отандық ғылым мен практикада Г.Барднер, И.Розмит, Т.Черенигтердің «Кішкентай балалардың табиғи дамуын психолоиялық тұрғыда қолдау» деген кітабында айтылған, ол М.Р.Витяновтың [45] мектеп психологиясына байланысты жұмысында дамытылып, негізделді, ол Т.И.Чирковтың [46] мектепке дейінгі мекемедегі психологтың жұмысына байланысты нақтыланды. Содан кейін «дамытылу» кең ауқымда пайдаланыла бастауы, әсіресе, тұлғаның өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту мәселелеріне байланысты психолог-ұстаздардың қолдауы туралы мәселе қозғалғанда байқалады. «Қолдау» терминімен бірге «психологиялық қолдау» түсінігі бірге жүреді. Атап өту керек, бұл түсініктердің мағынасы бөлінген: бір жағдайларда «қолдау» сүйемелдеумен теңдестіріледі, ал екінші жағдайда қолдау идеясы погрессивті идея ретінде қарастырылады. Психолог-ұстаздың деген не, оның өзін-өзі тану және өзін-өзі қолдауының дамытуға қандай байланысы бар? Осы сұрақтарға жауап беріп көрейік. «Сүйемелдеуге» түсінікті анықтама берген отандық психолог М.Р.Битянова. Оның анықтамасы бойынша, баланы өмірлік жолында қолдап отыру – бұл баламен бірге, жанында болу, кей жағдайда алдын ала түсіндіріп отыру. Ересек адам өзінің жас серігіне зейін қоя қарайды, тыңдайды, оның тілектеріне, талаптарына, жетістіктеріне қуанады, кездескен қиындықтарына ақыл қосып, көмектесіп, болашақ «Қымбат» өмірде өзін түсініп, қабылдауына үлкен жол көрсетеді. Сонымен қатар бақылап, өзінің өмір жолын қайталатпауға тырысады. Бала жол таба алмай, көмек сұраған кезде, дұрыс жолға түсуіне көмектеседі. Баланың өзі де, тәжірибелі серігі де үлкен жолда болып жатқандарға әсер ете алмайды. Ересек адамның өзі де тура, қай жолмен жүру керектігін дәл айта алмайды. Жолды таңдау – тұлғаның құқығы мен міндеті, егер қиындық туған кезде жол табуға көмектессе, табанды адам болса, бұл – үлкен сәттілік.
Автор мектептегі психологиялық практика мен психологиялық қызметтің негізгі мақсатын тек осындай қолдауда көреді. Жазылғаннан байқағанымыз, егер әрбір ересек адамға өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту үрдісінде қолдау көрсете алатын қабілеті болса, мақсатты түрде қолдаса, оның пайдасы көп болады.
Тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы психологиялық-ұстаздық қолдаудың артықшылығы:

  • Бұл баланың табиғи дамуына мүмкіндік береді, жас ерекшелік заңдылықтарына ғана сүйенбей, жеке ерекшеліктері мен жетістіктерін дамытуға үлес қосады.

  • Әр тұлғаның ішкі дүниесінің құндылықтарын, қайталанбайтындығын, қажеттіліктерінің басымдығын, өзін-өзі дамытудың құндылықтары мен мақсаттарын сөзсіз құптайды

  • Ересек адам балаға әрбір қажет болған уақытта «таяққа» сүйенгендей сүйене салатын тіреу бола алмайды (кейбір балалар мектеп бітіргенше сабақты ата-аналарымен оқиды, күнде істеген ісіне есеп беріп отырады).

Ересек адам баланың өзі жол тауып шешім қабылдауына көмектеседі, өзін-өзі дамытуына қажетті жағдай жасайды.
Біз атап өткендей, қолдау көрсету идеясы жасалып жатыр және бәрінен бұрын психологтардың халыққа білім беру саласына қатысты қызметтерінде зерттелуде. Тәрбиешіге, мұғалімге мектеп жасына дейінгі әрбір баланың өзін-өзі дамыту нәтижесін тексеріп, жағдай жасап отыруы қиынырақ (біра, болашақтағы жоспар – жас ұрпақты заман талабына сай оқыту мен тәрбие беруді дамыту). Психологқа, әрине бұл оңайырақ болады. Соған қарамастан, психолог әр түрлі үлгілерін басшылыққа ала отырып, өзінің іс-әрекетін жасауы мүмкін. Отандық психолог Т.И.Чирков мектеп жасына дейінгі мекемелерде қолданылатын психологиялық қызметтің екі үлгісін көрсетеді: психологиялық қызметтің қолдау үлгісі және психологиялық қызметтің сүйемелдеу үлгісі.
Психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесіне тікелей жанаспай, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту мәселесі туралы кеңінен қарастырайық. Ұстаз берілген үрдіске қандай жағдай жасай алады? Айтылған үлгілердің тереңірек түсіндіру қажеттілігінің себептерін келтіреміз.
Егер, қолдау – өткен қателіктерін түзетуге байланысты болса, ал сүйемелдеу – болашағы мен бүгініне, балада бар ерекшелікті пайдалануға, күшті дамыған жағы мен сапасына салмақ салуға бағытталады. Егер қолдау әр уақытта ұстаздық үрдістің ұйымдастырылуына ішінара түзету енгізіп отырса, ол сүйемелдеуде болатын ауытқушылық пен асқынуды ескертеді, алдын ала әрекет жасауға бағдарлайды, ал ол қателікті дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Бұл жерде көмек пен қолдау механизмдері өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі дамытудың басқа да ұстаздық үрдіске қатысушыларға ауысу қағидаларын жүзеге асырады.
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуды басқару жайында сөз болғанда, сүйемелдеудің идеялары негізінде жүзеге асыру дұрысырақ, тұлғаның белсенділігінсіз өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға мүмкіншілік береді, қажет болған жағдайда, мектеп жасына дейінгі балаларға, оқушыларға, тәрбиешілерге, мұғалімдерге, ата-аналарға және тағы басқаға көмек пен қолдау береді.
Сүйемелдеудің сәйкес алғышарттары жетілген, сүйемелдеудің ойларын қабылдауға жоғары дайындық деңгейі бар (ұстаздарға, психологтарға әр түрлі кедергілер келтірмейтін, егер ұстаздық үрдіске қатысушылардың барлығы жоғары деңгейдегі біліктілікке ие болса) оқу орындарында кең көлемде жүзеге асатын мүмкіндігі бар. Мұндай жүйе қалыптаспаған оқу орындарында қолдау үлгісі тек жеке адамдармен жүзеге асса, прогрессивті сипат алады. Берілген жағдайда ескере отырып, сүйемелдеудің үлгісіне басымдық бере отырып, бұл құралды алдымызда «психологиялық сүйемелдеудің» және «психологиялық-ұстаздық қолдау» деген терминдерде пайдаланамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет