Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Балаларға оң көзқараспен қарау



бет28/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Балаларға оң көзқараспен қарау. Оң көзқарас дегеніміз – баланы сол қалпында қабылдау, оның жаман жақтарына емес, тек жақсы жақтарына көңіл бөлу, оған сену.
Оң көзқарасқа жетудің шарттары:

  • өзіндік «Менге» жүгіну, өзін-өзі қабылдау.

  • балаларға, ата-аналарға, әріптестерге, басқа да педагогикалық субъектілерге шыдамдылықпен қарау қабілеті.

  • педагогиканың өмірдің табиғи жолымен даму бағытымен жүруі, өткен өмірге өкінбей, келер шақты уайымдамай, нақ осы шақпен өмір сүре алуы.

  • балаларды сүйе білу қасиеті – тек жақсы эмоциялық қарым-қатынас емес, олардың тұлға болып қалыптасуына байланысты жұмыстар жүргізу, өзін-өзі дамытуына ықпал ету, көмектесу.

Іс-әрекеттерді таңдау түріне, мәніне, мағынасына субъективті еркіндікті қамтамасыз ету. Адам бір қызықты, өзі үшін маңызды іспен, сол істі өзі таңдап, айналысқанда ғана оған ерекше белсенділікпен кіріседі, сонда ғана ол өзін көрсетіп, ары қарай өзін-өзі дамытып кете алады. Субъективті еркін болу – өз таңдауын іске асыруға әрекет ету. Егер адам өз таңдауымен әрекет етсе, ол өзіне жауапкершілік алады, ол тек басқа адамдар алдында ғана жауапты емес, өзінің алдында да, өз арының алдында да жауапты, осы жауапкершілік оның іс-әрекетін керекті бағытқа бұрып отырады.
Педагогтың еркіндігі – оның жұмыс тәсілініің формасында, мазмұнында, оның шығармашылық және тұлғалық өсуінде.
Оқушының еркіндігі – оқу тәсілін, түрін ғана емес, ары қарай өсіп, білімін тереңдетіп, ары қарай дамытуында, ол пәнді меңгеріп қана қоймай, сол арқылы өзін де танып, өзін-өзі дамытуында.
Оқушылардың педагогтің мақсаты мен тапсырмаларына кірісіп, қосылуы және педагогтің балалардың мақсаты мен тапсырмасына қосыла алуы. Бұл принцип ынтымақтастықтың мәнін ашып көрсетеді. Бірінші бөліктің жүзеге асуы – егер педагог өзіндік өзектілік қасиетін толық меңгерсе, сол жағдайда жүзеге асады. Педагог өзі осы процесске толық беріліп, қызығушылықпен жұмыс істеуі керек, сол кезде оның іс-әрекеті де балаларды еліктіріп, олардың қабылдауы артады. Екінші бөлікте белгілі бір жағдайда балалардың не істегені, қалай сөйлегені арқылы анықтап, сол бағытта оның мақсатына қосылып, іс-әрекет ету керек, педагогтің қойған мақсатымен біріктіру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет