Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Қорқынышты, өзін сапасыз, толыққанды емес сезінуді жеңу



бет29/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Қорқынышты, өзін сапасыз, толыққанды емес сезінуді жеңу. Мектептегі немесе басқа оқу мекемесінде білім алу кезінде балаларда қорқыныш, үрей пайда болуы ешкімге таңсық емес. Бұл қорқыныштың түп-төркіні баланың (немесе үлкен адамның да) кез-келген уақытта дәрменсіз болып қалуы және осыны біреулер байқап, оны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін деген сезімде. Нашар бағалану, дәрменсіздік – кейбір адамдарда өмір бойы болатын сезім. Осы қорқыныш өзін-өзі дамытуға кедергі келтіреді, ол айналасындағы адамдардың айтқанымен жүруге тырысады, белгілі бір қалыптасқан үлгілермен әрекет етуге тырысады немесе керісінше, оларды қабылдамайды, өзінің еркіндігін көрсетуге тырысады. Қорқыныш пен үрейдің мөлшерін қалай төмендетуге болады? Бағалау жүйесін өзгерту керек. Оқушыға немесе студентке өзін дамытуға қалай әрекет ету керегін өзіне шешуге мүмкіндік беру керек, бақылауды, емтиханды қашан тапсыру керек екенін өзіне, оның уақытын өзіне шешуге беру керек. Әрине, бұл оңай емес, сонда да педагогикада бақылаудың осындай икемді түрін қолдануға болады.
Осы принциптерді өмірде жүзеге асыру тек қана оқушылар емес, педагогтардың да өзіндік өсуіне, бір-біріне сенім, қайырымдылықпен қарау негіздеріне сүйене отырып, қарым-қатынас жүйесін жасауға көмектеседі.
Ал мектеп жасына дейін балаларға күштемеу технологиясын қалай пайдалануға болады? Осы күшемеу педагогикасын мектеп жасына дейінгі балаларға қолдану үшін баланың өз жеке тұлғасын қалыптастыруға жағдай жасау керек. Ол екі түрлі бағытта жұмыс істеу арқылы жүзеге асады:
1. балаларды дамыту барысында оларға өктемдік жасамау;
2. Ерекше принциптерге құрылған арнайы оқыту арқылы.
Бірнеше бағытта мынадай ұйымдастырулар болу керек:
а) балалардың таңдау еркін жасау;
б) балаларды жақсы бағамен көтермелеу;
в) барлық іс-әрекеттерін күштемеу арқылы қолдау;
г) оқулық пен ойындар арқылы тәрбиелеу кезінде өктемдіксіз, зорлықсыз, методтарды кеңінен қолдану;
д) бірігіп, жұптасып оқу, ойнау процесстерін ұйымдастыру;
е) күштемеу педагогикасына ата-аналарды кеңінен тарту.
Балалардың әр жастағы тобына арнайы 12 циклдан тұратын оқытулар дайындалады:
«Мен кіммін – мен қандаймын»
«Сенімділік-сенімсіздік»
«қуаныш-реніш»
«Басшылық-бағыныштылық-теңдік»
«Достық қарым қатынас-қастасу»
«Мейірімділік-мейірімсіздік»
«Сүйіспеншілік-жек көрушілік»
«Батылдық-қорқақтық»
«Шыдамдылық-шыдамсыздық»
«Сыпайылық-дөрекілік»
«Ынтымақшылдық-агрессиялық»
«бейбітшілік-соғыс»
Бұл оқытулар өзін түсінуге тырысуды жетілдіруге, оны қабылдауға, оны мәжбүрсіз, біреудің күштеуінсіз шешуге ұмтылу қасиеттері арқылы орындауға негізделген.
Осы оқытулар балалардың өз таңдауына беріліп, қандай цикл оған қызықты, сонымен айналысып, соны түсінуге ұмтылуын қолдау негізінде жүреді.
Негізгі ұстанымдарға тоқталайық:
Кереғарлық (қарама-қарсылық) ұстанымы:
Бұл ұстанымның мәні балаға әр түрлі кереғар ұстанымдарды: татулық-қастық, ынтымақтастық-агрессиялық, басшы-бағынышты ұстанымдарын таңдауға ерік береді. Бұл кереғар әдістемелік амал тұрғысында балалардың әр түрлі іс-әрекетінде пайдаланылады. Мысалы: ертегіні оқып-талдау кезінде ертегінің балама аяқталуын ойлап тауып, жағымды кейіпкердің тек жағымды емес, сонымен қатар, жағымсыз қылықтары талданады, ал жағымсыз кейіпкерлердің тек жағымсыз қылықтарын ғана талқыланбай, оның жақсы қасиеттерін де көре білу және оған жағымды мінездеме беріледі.


Тіршілік әрекетінің барлық ауқымына қатысу ұстанымы:
Балаға қайырымдылық, сүйіспеншілік, ынтымақтастық, сияқты өнегелік қасиеттердің мәнін түсініп, тану қиын. Оны түсініп қана қоймай, бастан өткеру қажет. Бұл ұстаным:

  • Танып-біліп түсіну деңгейінде баланың тәжірибесіне қарай оның осы қасиеттерді қалай елестетіні;

  • Сенсорлық (сезгіш, әсерленгіш) деңгейде есту, көру, сезу қасиеттерімен түсіну, соны қабылдауы;

  • Эмоциялық деңгейде – бір сезімді қалыптастырып, оны дамытуы;

  • Тәлімдік деңгейде шын немесе ойдағы жағдайды бастан өткеру, нақты істерді жасау.

Жанамалау ұстанымы:
Жағдайды шынайы бастан өткермес бұрын, бала әдеби шығармалардың кейіпкерлерін орнына қойып, солар арқылы үйрену керек. Бұл үшін маскалар, кейіпкерлердің кескіндері, қуыршақтар, жан-жануарлардың бейнесі пайдаланылады.
Өмірдегі жағдайларды моделдеу ұстанымы:
Сабақ өткізу барысында жағымды-жағымсыз мазмұндағы әртүрлі жағдайларды моделдеуге көп көңіл бөлінеді. Осы жағдайларды пайдалану арқылы, бала ересектердің көмегінсіз жол тауып, өзі үйрене бастайды, бұл ойын кейін шынайы өмірде өз септігін тигізеді. Тек жағымсыз, агрессивті жағдайда ғана педагог балаларға басқа жолды көрсетеді.
Әр сабақ үш бөліктен тұрады:
а) ойдағы нәрсенің сапасын немесе мінездемесін өзектендіру.
б) белгілі бір жағдайдың сапасының қасиетін сезіну, оны шығармашылықта пайдалану.
в) белгілі бір жағдайды эмоционалды түрде бастан өткеру, оны қимыл-әрекетімен көрсету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет