Іі бөлім Өзін-өзі дамыту психологиясы


Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің элементтерін пайдалану



бет27/43
Дата02.11.2023
өлшемі223,64 Kb.
#189098
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
Байланысты:
Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытудың негіздері.Қосым. мат.2015-16-1

Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің элементтерін пайдалану. Мысалы үшін, әрбір оқушы мен педагогтың арасында болатын «шарттар» әдісі белгілі бір мөлшерде қолдау алды дейік. Шартта жеке тақырыптар мен барлық курстарды, жеке немесе топпен бірге істеуіне мүмкіндік алуы, қорытынды нәтиже мен баға өлшемі көрсетілді. Шартқа қол қойылғаннан кейін сыныпқа жарияланады. Қорытындысында міндетті түрде мынаны айту керек, жазылған технологияны кіргізу өзін-өзі дамытуға оңтайлы сәт болғанымен, іс-жүзінде жүзеге асыруда бірқатар қиындықтары бар. Оның негізгілері: мұғалімге оқу жүктемесінің ауырлығы мен сыныптағы бала санының көптігіне байланысты жеке-бағытталған оқыту жүйесін қалай өткізу қажет, осы айтылған идеяны жүзеге асыру үшін педагогтың өзі мен кәсіптік деңгейінің қаншалықты дәрежеде дайын болуы керек. Мұндай педагогты дайындау тіпті жақсы дамыған шет елдерге де оңай емес. Көп қаржыны қажет етеді. К.Роджерс пен басқа да гуманистік психология мен педагогиканың өкілдері тұлғаның өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту мәселесін толық шешуді, оқу-тәрбие үрдісінің жаңа жолын ұйымдастыруды көрсетті.
Күштемеу педагогикалық негізіндегі өзін-өзі тану мен өзіндік өсу қатар жүру технологиясы. Күштемеу педагогикасы – бұл гуменистік бағытта тәрбиелеудің 1980 ж., соңы, 1990 ж., басында пайда болған жаңа бағыты. Ол басында балалар мен жасөспірімдерді мәжбүрлеу формасына қарсы қозғалыс ретінде басталып, кейіннен өзі бір жеке бір сала болып кетті. Күштемеу педагогикасының басты міндеті – тұлғаның толық дамуы мен оның толық жұмыс істеуі. Баланың өзіндік дамуы алдын-ала дайындалған, не істеу керектігіне тапсырма берген дәстүрлі тәрбиелеумен, дәстүрлі оқытумен тосқауылданады. Егер ол берілген тапсырманы орындай алмаса, ол жазаланады. Мысалға бір пәннен тапсырма орындамаса, оған нашар баға қойылады. Бұндай жазалау балада қорқыныш, қобалжу туғызады. Осындай сезімдерде болған бала өзін толығымен тани алмайды, дами алмайды. Сондықтан де күштемеу педагогикасының алдында мынандай міндет тұр:
– оқыту мен тәрбиені адамгершілік негізіне бағыттау;
– үлкендер мен балалар арасындағы байланыс;
– жастарды адамдарға, жалпы қоршаған ортаға адамгершілік көзқараспен қарауға, оларды күштемеу әрекеттерін жасауға, осы қасиеттерді дамытуды үйрету;
– зорлыққа қарсы күрес, егер қарсы тұру керек болған жағдайда жәбірлемеу. Күштемеу педагогикасы жалпы бұндай ұстанымды қалыптастыру мүмкін еместігін де мойындайды, сондықтан балада өзіндік дамуға, өзін-өзі өсіруге, жеке тұлғаның өсуін дамытуға барынша көңіл бөледі.
Педагогтар «балаларды мәжбүрлемеу үрдістерін пайдалану арқылы күштеп тәрбилеудің деңгейін азайтуға болады, олардың өзіндік дамытуына ерік береді» – дейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет