Ii эксперимент 1 Анықтаушы эксперимент Ақпараттық – коммуникация критерийі



Дата13.11.2022
өлшемі102,31 Kb.
#157984
Байланысты:
Ақпараттық-коммуникативті критерийі (қазақша)


II Эксперимент
2.1 Анықтаушы эксперимент
- Ақпараттық – коммуникация критерийі:

- Дыбина О. В., Кузина А. Ю. «Сұхбат» [Кіші мектеп жасындағы балалардың қарым - қатынас дағдыларын педагогикалық диагностикалау. 5 – 7 жастағы балалармен жұмыс істеу үшін / Дыбина О.В. Мозаика – Синтез, Мәскеу, 2010. – 64 б.]


Мақсаты: оқушылардың қарым – қатынаста қажетті ақпаратты алу, құрдастарымен және ересектермен қарапайым диалог жүргізу қабілетін анықтау.
Қажетті құрал: микрофон.
Мазмұны: әдіс сыныптың ішінде жүргізіледі. Бір оқушы тілші рөлін қабылдауға шақырылады және сыныптастарынан таңертең нешеде оянатынын, қалай таңертеңгі жаттығу жасайтынын, мектепке қандай көңіл-күймен келетінін сұрайды. Осы сәтте сыныптағы кез - келген оқушысынан немесе сынып жетекшісінен сұрақ қою арқылы "сұхбат" жүргізуге болады. Келесі кезекте мұғалім оқушыларды «Радио» ойынын ойнауға шақырады: тілші-оқушы «Жаңалықтар» бөлімінде тыңдаушы сыныптастарына хабарлама жасауы керек.

Зерттеу хаттамасы (протокол исследования)







Оқушының тегі, аты

Сұрақтар
саны

Сұрақтар мазмұны

Өздігінен құрас тыра алуы

Сұрақтардың сипаты

Құрастырылу реттілігі

Логикалығы

Реттілігі

Ұпай саны

оқу шыға

ере сек
адамға



1







Содержание вопросов

Степень самостоятельности

Характер вопросов

Развернутость

логичность

последовательность

Кол-во баллов

2




























Нәтижені бағалау



  • 3 ұпай – бала тапсырманы өз еркімен орындайды, 3 – 5 қарапайым сұрақтарды өз бетінше тұжырымдайды. Жалпы, оның «сұхбаты» қисынды, дәйекті түрде құрастырылған.

  • 2 ұпай – оқушы ересектің көмегімен 2 – 3 қысқа сұрақтарды құрастырады, бірақ логикалық тұрғыда емес.

  • 1 ұпай – оқушы ересектің көмегімен тапсырманы орындауда қиналады немесе оны орындаудан бас тартады.

- Гаврина С.Е., Кутявина Н.Л., Топоркова И.Г., Щербинина С.В. «Баланың коммуникативтік қабілеттерін диагностикалау» [Үлкен сынақ кітапшасы. 6 – 7 жас / Гаврина С.Е. «Росмэн» баспасы, Мәскеу, 2020. – 73 б.]


Мақсаты: қарым – қатынас дағдыларының даму деңгейін анықтау (берілген тапсырманы түсініп қабылдауы, өз ойын жеткізе алу).
Орындау шарты: балалар мен ересектер бейнеленген суреттер қарастырылады. Оқушы мұғалімді өте мұқият тыңдап, тапсырманың сұрағына дұрыс жауап болатын суретті таңдап, оның жанындағы шеңберге «қосу» белгісін қою керек. Өз бетінше жұмыс істеуі қажет. Оқушы дауыстап ештеңе айтпау керек.


1 – тапсырма. Қай суретте барлық балалардың тапсырма орындағысы келетіні көрсетілген?




2 - тапсырма. Қай суретте барлық балалардың ойнағысы келетіні бейнеленген?


3 - тапсырма. Қай суретте барлық балалар ересек адамды тыңдағысы келетіні көрсетілген?


Бағалау:




  • 3 ұпай – оқушы 3 суретті дұрыс таңдады.

  • 2 ұпай – оқушы 2 суретті дұрыс таңдады.

  • 1 ұпай – оқушы 1 суретті дұрыс таңдады.

Бағалау интерпретациясы:





  • 3 ұпайды өзара әрекеттесудің әртүрлі жағдайларын анық танитын, осы жағдайларда мұғалімнің түсіндірген ақпаратты дұрыс қабылдап, соған сәйкес мінез – құлқын қалыптастыратын оқушылар алады.

  • 2 ұпайды өзара әрекеттесудің барлық жағдайларын танымайтын және мұғалімнің түсіндірген ақпаратты «орташа» деңгейде қабылдайтын оқушылар алады. Мұндай оқушылардың мінез – құлқы әрқашан жағдай ережелеріне сәйкес келе бермейді.

  • 1 ұпайды өзара әрекеттесу жағдайларын әрең танитын және мұғалімнің түсіндірген ақпаратты дұрыс қабылдамайтын оқушылар алады. Мұндай оқушылар басқа адамдармен өзара әрекеттесу және қарым – қатынас жасау кезінде қиындыққа тап болады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет