Емдеу жолдары және Профилактика
Бүгінгі таңда EBOV үшін нақты этиотропты емдеу жоқ. Тексерілген тоғыз түрлі дәрі-дәрмектердің , соның ішінде 2014 жылдың соңында және 2015 жылдың басында жасалған вакциналар, олардың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденбеген . Патогенетикалық терапия интоксикациямен, дегидратациямен күресуге және өмірлік маңызды органдар мен жүйелердің функцияларын қолдауға бағытталған. . Дезинтоксикациялы терапия жалпы принциптерге негізделген. Гемодилюциямен және, қандағы қышқыл-негіз күйін қалпына келтіріп, айналымдағы қан көлемін бақылау қажет.Регидратациялық терапия су-электролит бұзылыстарын түзету үшін полиионды кристаллоидты ерітінділердің инфузиясын қосуды қамтиды. Қанның уйылу жүйесінің бұзылыстарын түзету және ДВС-тің алдын-алу үшін, тромбоциттер массасы, жаңадан мұздатылған плазма және тікелей әсер ететін дисгрегенттер (гепарин, варфарин) қолданылады. ДДҰ ауырсынуды жеңілдету үшін аспиринді немесе ибупрофенді қолданудан аулақ болуды ұсынады.Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен диализ көрсетіледі.
EBOV қамқоршылары қорғаныс киімін, соның ішінде маска, қолғап, халат және көзілдірік кию керек. Дәл осындай қауіпсіздік шаралары жерлеу рәсімдеріне, денені бальзамдау рәсімдеріне қатысатын адамдарға қолданылад. Барлық жабдықтар, медициналық қоқыстар, зарарсыздандырылуы керек.Эболавирустар термиялық өңдеу кезінде 60 ° C температурада 30-60 минут және қайнаған кезде 5 минут ішінде өледі. Майлы еріткіштер белгілі бір алкогольді өнімдер, жуғыш заттар, натрий гипохлориті (ағартқыш) немесе кальций гипохлориті (ағартқыш) сияқтылар, зарарсыздандыру үшін қолданылады.Науқас адамдармен алшақ болуы және қолды сабынды сумен үнемі жуу жұқтыру қаупін едәуір төмендетеді. Диагностикалық зерттеулер жүргізілетін медициналық зертханаларда биологиялық қауіпсіздіктің 4 деңгейіне сәйкестік талап етіледі. Зертхана қызметкерлері оқытылып, тиісті жеке қорғаныс құралдарын кию керек.ЭВД таралуының алдын-алудың тиімді әдісі - мәжбүрлеп оқшаулау - карантин. EBOV науқастарымен байланысқан адамдар 21 күн ішінде байқауға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |