ІІ. Негізгі бөлім Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру



бет1/3
Дата31.01.2018
өлшемі11,04 Mb.
#36659
  1   2   3
Мазмұны

І.Кіріспе

Қазақтың салт-дәстүрінің қалыптасуы, олардың халық қоғамының саласымен, тарихымен, мәдениетімен байланысы және оны оқыту мақсаттары

ІІ. Негізгі бөлім

Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру
а) Бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлер

ІII. Қорытынды бөлім

Қазіргі кезде салт-дәстүрді оқыту туралы ой-пікір

Кіріспе

Отбасында адам бойындағы асыл


қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады. Отанға деген ыстық
сезім - жақындарына, туған -
туысқандарына деген сүйіспеншіліктен
басталады.
Н.Ә.Назарбаев

Менің аты- жөнім Молаш Аида. Әкем Серік мен шешем Айгүл. Диана,Снежана сіңілерім,үлкен ағам Ильяс, інім Хасен. Мен Түркістан қаласында туып-өстім.

Мен үшін ең жақын адамдар-олар менің отбасым. Менің ата- анам екеуі де үлкен отбастарында тәрбие алып, өскен. Ағайын- туыстарымыз Қостанай, Түркістан, Алматы облыстарында

тұрады, бір-бірімізге қонаққа барып, тығыз қарым- қатынастамыз.

Әр ұлттың өзінің салт- дәстүрі болады . Сол сияқты қазақ халқының өзіне тән қалыптасқан дәстүрлері бар екендігі бәрімізге мәлім.Бұл ертеден келе жатқан дәстүрлер ұрпақты инабатты, тәрбиелі, парасатты, саналы болуға тәрбиелейді. Мен де келешекте сондай азамат болып өсуді армандаймын. Менің атам мен әжем бар, Түркістан қаласында тұрады, біз оларға жиі барып тұрамыз. Сол қалада менің тағы басқа жақын туыстарым тұрады. Біз бәріміз барлық мерекелерді атамыздың үлкен үйінде өткіземіз. Біз өзіміздің салт-дәстүрімізді сақтаймыз, себебі бізге әжеміз бен атамыз үнемі айтып отырады. Өз халқының дәстүрін білу әр адамның міндеті деп ойлаймын.

Мен халқымыздың біраз салт- дәстүрлері туралы оқыдым, өз жұмысыма ұнағандары туралы жазып отырмын.

еҚазақ  халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен   талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.  

Мен халқымыздың біраз салт- дәстүрлері туралы оқыдым, өз жұмысыма ұнағандары туралы жазып отырмын.



Ғылыми жобаның мақсаты:

Ұмыт қалған салтымыз бен дәстүрлеріміз жайлы, сонымен қатар әдет-ғұрыптардың шығу тарихы жайлы мәліметтер жинау, зерттеу.



Ғылыми жобаның міндеттері:

Қандай салттарымыз бен дәстүрлеріміз бар,олардың түрлері нешеу;

Ата-бабамыздан қалған асыл мұрамызды жалғастырудың қандай пайдасы бар;

Салт-дәстүр, әдет-ғұрып бізді неге тәрбиелейтінін анықтау.



Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Жас жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениеті мен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігі.

Өйткені мұндай негіздерді білмей біздің ұрпағымыз тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес.

1.Балаға арналған дәстүрлер

Бесікке салу.   Ат қою.   Қырқынан шығару.   Асырап алу.  Сатып алу.  Бауырына салу.  Шілдехана.  Бесік тойы.   Тұсау кесу.   Сүндет той.   Ашамайға мінгізу.   Тоқым қағу, Бастанғы.   Қыз баланың құлағын тесу.   Көкентүп.   Жеті ата.  Айдар.  Кекіл.  Тұлым.  Асату. Селтеткізер.  Үйқыашар.  Аузына түкіру.  Тыйым.  Қозы жасы.   Қой жасы.   Жылқы жасы.   Патша жасы.


1.1.Бесікке салу.

«Кең жайлау жалғыз бесік жас балаға». Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ұрнағы өскен, ел құрметіне бөленген бәйбішіге (кәртең) салғызады. Бесік жырын айта отырып бөлейді. Баланы бөленген соң қарияға «бесік салу» құрметіне сыйлық беріледі.[1]





1.2.Ат қою.

Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады. Ат қойған адам сәбиге батасын береді. Ат қою кейде қандай жағдайда, жылдың қай мезгілінде келгеніне байланысты қойылады. Мысалы, наурыз айы болса Наурызбай, ораза уақыты болса – Ораз, Оразалы, айтта туса – Айтбай, Айтгүль, шөп шабу кезені болса - Шөптібай. Қыздар бірінен бірі келсе өмірге - Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен, Ұлжан артынан ұл келеді деген үмітте болады. Ылғый ұлдар болса – көз тимес үшін Башай, Қосқұлан, Кептер, Күшік т.б. Бүгін де құрметті адамдардың аттарын қояды: Бауыржан, Абай, Сәкен, Абылай, Фариза, Олжас т.б. Қазақта «ат қою» мен «ат тергеу» бар. Келін күйеу әкесін - «ата», інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем» т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен кішіге дер құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады.[2]








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет