ІІ. Негізгі бөлім Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру



бет3/3
Дата31.01.2018
өлшемі11,04 Mb.
#36659
1   2   3

1.7.Бесік тойы


Биесі құлындап, сиыры бұзауласа көтен асып ырым жасайтын тойшыл-думаншыл қазақ сәбиді бесікке салғанда той жасамай, ойын-сауық өткізбей тұра алама? Жиғаны мен тергенін халайық пен қонағына ақысыз-пұлсыз шашатын қазақ бесік тойының шығынына мәу демейді. Қайта аз болады, келгендер ренжіп қайта ма деп кейбір кемкетігіне кейінді. Бесікті арнайы ісмер жасайды. Жөргектен шығарып ит көйлек кигізілген сәбиді бесікке ауылдың кез келген әйелі салмайды. Бұған-да ел-жұртына аяулы, ұрпақты бір бәйбіше лайық.
Бұрынғы шаман дінінің отқа табынған салты бойынша әлгі бәйбіше темірді отқа қыздыртып сәбидің маңына пәле-жала, жын-шайтан жоламасын деп бесіктің арқалығын бірнеше жерден қарайтып тұрып қариды. Басқа бәйбішелер қырандай болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды арқалыққа, кейбірі тұмар жаздырып тағады. Бұл бесік дегеніңіз баланың тазалығы ұшін, көшпелі елдің көші-қоны, ат үсті үшін табылмайтын қолайлы нәрсе. Баланың кәк етуі үшін, кіш етуі үшін түбектен қолайлы нәрсе жоқ. Түбіне күл салынған осы бір киіз түбектің өзі де тым таза. Кәзіргі келіншектер тегене-тегене жөргек жуып былығады да отырады. Мынадай сабынға тапшы заманда бүйтудің өзі оңайға түспейді  ғой. ‘
Бесіктегі бала  көбінесе омыраудан шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, қарын шәші алынған бала талпынып, артынан бақа тірсегі бір бүктеліп, бір созылып еңбектей бастайды. Бұл кезде дөңбекшіп бесікке өзініңде жатқысы келмейді. Бала бүл шамаға келген соң бесікті аса кәдірлейтін қазақ әдемілеп тазалап, келешек ұрпақ тезірек келсін, енді сол жатады деп үйдің ең бір сенімді жеріне сақтайды. Бесікті қазақ құрметтейтіні, сақтайтыны соншалық, атасы жатқан бесікке немерелері жатады. Кейде қазақтың туған жерді де алтын бесік деуі де осы ардақтаудан шыққан болар. Сондықтан да бесік тойы қазақ өмірінде үлкен орын алады.
Бесікке баланы қырқынан шыққан соң салады. Оғанға дейін бала жөргекте болады. Өйткені оған ит көйлекті кигізу қиын. Бесікке салған күні қарын шәші алынып оған бір молла ат қояды. Атты азанмен жұртқа естірте айтып, онан соң бесіктегі баланың екі құлағына: «Сенің атын пәлен» деп молла айғайлап айтады. [5]

1.8.Тұсау кесу


Бала бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң қаз-қаз баса бастайды. Өз аяғымен туған жерінің топырағын басып, із түсіріп, өз көзімен алдына қарап бет алады. Ұядан өз қанатымен қалықтап  ұшқан балапандай бала да, ең алғашқы тіршілігін бастайды. Мұны ежелден түсінетін қазақ баласының келешегіне ақ жол тілеп, тұсау кесер жасайды. Бұған да мал сойып, жұрт жияды.Баланың анасы ала-құла шуда жіптен екі-үш қарыс дайындап, оны  ауылдағы ең бір желаяқ пысық әйелге: «Ал, тұсауды сен кес. Өзіңдей пысық болсын» деп ұсынады. Ол кісі ала жіпті баланың екі аяғына тұсамысша байлап сонан соң ортасынан кеседі. Бала андайдағы апасына қарай тәлтіректей жөнеледі. Міне, осыдан бастап кішкене қазақтың өмір жолының алғашқы ізі жер бетін шимайлайды. Тұсау кесу қазақтың өмір сапарының сәтті болу үшін ақ ниетпен жасаған ырымы, құдайға деген құлшылығы.  Осы арада «баланың аяғында не себепті ала жіпбайланады, қара, қызыл, көк жіп неге байланбайды?» деген сұрақ тууы мүмкін. Бұның мәні мынада: қазақ баласын сөзді естіп ұға алатын, айтқанды ептеп істейтін кезінен – осы тұсауы  кесілгеннен бастап ұрлыққа, зорлыққа, жырындылыққа барма, жолама деп  баулиды. Біреудің ала жібін аттама, бүлінгеннен бүлдірге алма дегенді әу бастан ақ құлағына сіңісті етеді. Аяқтағы жіптің ала болуы да, оның кесілуі де жоғарыдағыларға жолама, ондайдың жолын қолыңнан келсе кес, дүниенің азы біреудің бір құлаш жібіне, ең құрығанда бұзауға моншақ болар деп қызықпа, тұсауындағы жіпті кескендей ондай арам ой кезіксе кесіп-құртұға тырыс дегені. Бұл – екінші себебі. Бірінші бастағы айтқанымыздай баланың келешегіне жол ашу, ақжол тілеу. Жоғарыдағы біз сөз еткен бессалтты қазақ ұлға да, қызға да ортақ істеді де, алдағы ашамай тойы, тоқым қағуға барғанда ұл әкенің, қыз шешенің баулуына бөлініп, тәрбиенің түрі өзгереді. [6]





1.9.Сүндет тойы

Атқа міну жасына толған яғни үш жасқа толған ұл балаға тән тағы бір той – сүндет тойы. Баланы сүндетке отырғызу қазақ халқы ислам дінін қабылдағаннан кейін салтымызға кірсе де, келе-келе ол салтымызға мықтап сіңген. Білетіндердің айтуынша бұл өзі адам денесінің тазалығына арналған шаралардың бірі көрінеді. Баланы сүндетке тақ жасында отырғызады. Яғни үш жаста, бес, жеті, тоғыз, тым кешіксе он үш жаста. Бұл жастан кешіктіруге болмайды. Өйткені шариғат бойынша ұл бала 13 жаста, қыз бала 9 жаста балиғатқа толады дейді. Балиғат жасына толған ұл баланың да, қыз баланың да үйленуіне болатын көрінеді. Бірақ бұл шариғат ыстық аймақта мекендейтін адамдарға арналса керек. Қазақ даласында жиі қолданылып келген сүндетке отырғызу тәсілінің екі түрі бар. Олар: кесу және шету. Кесу көбінесе ес тоқтата қоймаған кішкене балаларға қолданылады да, шету ес кіріп, марқайып қалған балаларға қолданылады. Кесу тәсілін қолданғанда баланың үрпіне қабығы аршылып, әбден кептірілген жіңішке жұмыр ағашты сұғып, үрпінің ағаш сұғылған бөлігін ыстық суға қайнатылған не болмаса отқа қарсаланған өткір ұстарамен айналдыра кесіп алады.  Кесілген жерден қан ақпау үшін шөптің немесе ағаш бұтағының салқын күлін кесеге толтырып алып төңкеріп қояды. Кесе сырғып кетпеу үшін оны таза шүберекпен баланың екі санына таңып тастайды. Баланың үстіне көрпе жауып, жаң-жағынан қымтап жанында бір кісі андып отырады. Бала неғұрлым қозғалмай тыныш жатса, салқын тимесе кескен жері тез қара қотырланып, ұзамай жазылып кетеді. Ол үшін баланың сұраған тамағын, жақсы көретін ойыншығын дайындап көз жазбай  андып отыру ләзім. Мұндай жауапты іске үй-іші, көрші-қ



олаң түгел араласады. Біреу ертегі айтып алдарқатса, енді бірі өлең айтып көңілін аулайды. Баланың сүндетінің жеңіл болуы, біріншіден, баланың күтіміне байланысты болса,екіншіден сүндет жасаған адамның қолының жеңілдігіне байланысты болатын.
Шету – кесуге қарағанда жеңіл. Мұнда баланың үрпін айналдыра кеспейді, тек оның үстінгі жағын тік тіле салады. Дегенмен есейіп қалған бала бұған да көңгісі келмей әлек салады. Егер өзін сүндетке отырғызатынын естіп қойса атқа мініп қашып кетуден тайынбайтын балалар болған.
Сүндет тойы думанды тойдың бірі. Мұнда баланы арнаулы «Сүндет ат» деп аталатын атқа мінгізіп, сәндеп киіндіріп, үкі тағып, ауыл-аймақты аралатады, баланың өз аузымен тойға шақыртады. Дәстүрлі салт бойынша ойын-сауықтың бар түрі көрсетіледі. Баласы сүндетке отырғанда ата-анасы «балам мұсылман санатына қосылады» деп қуанады. [7] 



2.1.Ашамайға мінгізу

Ұл бала қара табан болып жетіге дейінгі жерден жейтін таяғынан құтылып, кез келген қурай мен шыбықты ат қып айнала шаба бастасымен өзі құралпы қыздардан бөліне бастайды. Есі дерті дүзге, малға ауады. Ал қыздар көбелек қуып, қуыршақ жасап сұлу көрініске үйір болып, үйден де ұзамауға тырысады. Қашан да «мал, малды алған соң ал»  деп тағдырын малға сүйейтін қазаққа осы малды бағу үшін бала керек. Бала болғанда- ұл. Ашамай – ердің қарапайым түрі. Ағаштан жасалады. Кеңдігі баланың ауына лайық. Алды-артында ердің қасы сықылды сүйеніші бар. Үзеңгісі жоқ. Үстінде  жұмсақ көпшігі болады. Осыны жуас атқа ерттеп, үстіне баланы мінгізеді. Ауып қалмасын деп басында екі аяғын байлайды. Сонан сон тізгінді балаға ұстатып, біреу атты алдымен арқан бойы жерге, онан соң онан алысқа жетектейді. Сөйте-сөйте баланың өзі жүреді. Бір-екі күннен соң аяқты байламайды бала өз бетімен келеді. Сонымен айналасы бір жеті де атқа жақындық қанында бар қазақ баласы ашамайды тастай сап ертоқымға мінеді. Үзеңгіге аяғы жетпесе таралғыға салады. Өмірінің қақ жартысы аттың үстінде өтіп, ауы ерде тозатын, қамыт аяқ, қайсар қазақ алғашқы ашамайға мінгізу тойын өткізеді. Бұл той әр әке-шешенің шамашарқына қарай болады. Байлар ірі қара сойып кәдімгідей той жасайды. Кедейлері бүйрегі бітеу, ұлтабары толатындай майы бар лағын сойып, көршілеріне ырым жасайды. Әулеттілер күзде бие ағытып, сірге жияр бергенде бір құлынға ен салып, ашамайға мінген баласына  бәсіре атайды.  Жоқтар қолындағы бір биесінің алдыдағы құлынын алдын-ала атап қояды. Қазақ үшін алдымен ашамайға, артынан тай-құнанға міну ат жалын тартты  деген соз. Ат жалын тартты деген сөз – азаматтықтың бастамасы. Өйткені қазақ баласы ұдайы жаугершілікте өскендіктен бе, әлде көшпелі өмірдің өзі қалыптастыра ма өмірге ерте бейімделеді. Ерте үйленеді. Мал соңына ерте ілеседі. Бұл тіршіліктің  бәрі қазақта атпен бітеді. Сондықтан ашамайға мінгізу ерекше аталады. Осы ашамайға мінгеннен бастап ат құлағында ойнау, кебенек киіп елдің шеті, боранның өтіне шығу, сауыт киіп, садақ ұстап жаумен шайқасу, бәрі-бәрі ашамайға мінуден кейінгілер.   Ашамайға баланы мінгізіп көрші-қолаң, жақын-жуық жиналғанда бұрынғы даналардың жоғарыдағыдай көсем сөздері көп айтылады. Ондай ынжықтарға ұқсамасын деп үлкендер балаға бата береді. Ашамайға мінгізудің бір жағы осы батаны алу....


2.2.Тоқым қағу


Ашамайға мінген соң іле-шала бәсіресіне мінген бала бірінші рет үйінен алысқа жолаушылаған да әке-шешесі бір малын сойып, оның тоқым қағарын өткізеді. Ал тоқым қағу ақ инеттен, адал көңілден міндетті түрде атқарылатын әдет. Міне, осыдан кейін қазақ бұл балаға  арнайы айыл-тұрман, ер-тоқым, жүген-ноқта, шідер мен кісен, арқан дайындайды.Былайша айтқанда бәсірені жабдықтау шарт. Сүйтетіні  осыдан бастап баланы баулу, еңбекке тәрбиелеу –анығырақ айтқанда оқыту басталады. Қазақта мектеп те жоқ. Медіресе аз. Надан, балалары тәрбиесіз деп кеудесімен ат басып кете жаздап жүргендер – шетінен дөйдала, пілге үрген иттер. Олар қашаннан бері қанша үрсе де түйенің үстіндегі қазақты қаба алған жоқ. «Тоқым қағу» соларға қаққызбаудың, соғысса жеңілмеудің алғашқы сабағы. Біз осы «тоқым қағарға» дейін баланың он жас айналасындағы кезін сөз еттік.  Бұған дейінгінің бәрін қазақ балалық кез дейді. Жүген-құрықсыз дербес шақ дейді де, оннан аса еңбек мектебіне кіргізеді, оқытады. Біз бұны қазақтың жасты бөлуімен түсіндірейік.  

2.3.Қыз баланың құлағын тесу


Екі-үш жасқа келген соң-ақ қыз бала өз табиғатына тартып қуыршақ жасап, үй жасап ойнауға әуестенеді. Жылтырауық заттарға, қызылды-жасылды киімге қызығады. Осы тұста қыз балаға арналған жаңа бір қуаныштың сәті түседі. Ол – қызша киіндіріп, құлағын тесу.
Құлағын тесетін күні қыз балаға қос етек көйлек, кестелі камзол, үкілі тақия кигізеді. Ауыл әйелдері түгел жиналып, ең қолы жеңіл деп танылған әйелге жол береді. Құлақ тесудің  де екі түрлі әдісі болған. Оның бірі – күміс инемен тесу, екіншісі – тарымен тесу. Күміс инемен тескенде иненің ұшын қарсалып, әбден салқындаған кезде бала сезбей қалатындай шапшаңдықпен тесіп, орнына жіңішке жібек жіп, не болмаса жіңішке күміс сым өткізіп қояды. Инемен тескен жер әбден жазылып, жіптің не күміс сымның орны бітеліп қалмайтындай болған кезде жеңіл сырға тағылады.  Тарымен кесу ұзақ уақыт алса да оны бала қызық көреді, кейде өзі-ақ тесіп тастайды. Ол үшін ақталған тарының екі түйірін құлақтың майлылығының екі жағына тұспа-тұс келтіріп қойып, бас бармақпен сұқ саусақтың арасына салып жайлап уқалайды. Шеміршегі қатпаған уыз ет пен теріні екі түйір тары лезде тесіп шығады. Мұнда құлақтан қан да шықпайды. Кесілген жерге жібек жі, не жіңішке күміс сым, кейде тіпті жеңіл сырғаның өзін өткізіп тастайды.
Ұл мен қызды ежелден қос көзінің қарашығындай  санаған халқымыз қыз балаға арналған бұл қуанышқа ақтарыла қуанып, ұлан-асыр той жасайтын. Бұл қыз баланың өміріндегі өзіне тән дара қуаныштың  алды. 

2.4.Көгентүп.

Қонаққа келген туысқандары, не жақсы дос, жолдасы келсе баласымен оларға деген құрметі мен сыйластығы үшін баласына құлын, не бұзау, не қозы береді. Бұл «көгентүп» балаға туыстық қатынасты білдіреді.



Жеті ата. Жеті атаға дейін қазақ туыстық қатынасты үзбейді. Сондықтан жеті атаға дейінгі ұл-қыздарға үйленуге рухсат етілмейді.

Айдар. Ұлбалаға арналған сән үлгісі. Ұл баланың төбесіне шаш қалдырып, бір бұрым қылып өріп қояды. Әдемі көрінеді.

Кекіл. Баланың шашын әдемілеп алып, маңдай тұсына шаш қалдырады, маңдайына сәл түсіріп қояды. Мұны кекіл дейді. «Кекіл» ұлбалаға жарасып тұрады.

Тұлым. «Айдар» мен «кекіл» сияқты әдемілеп алып, екі жағынан бірдей желкесіне қарай аз шаш қалдырады. Тұлым қыз балаларға тән,  кейде ұлдарға қояды.

Асату. Табақтан ет алып беру. Бұдан кейін қалған етті ақсақалдар жинап алып, өз қолдарымен береді. Бұл дәстүрді жазушы Сәбит Мұқанов жақсы көрген. Мұның бәрі жақсы ниетпен істелген.

Селтеткізер. Наурыз мейрамымен бірге келетін ұлттық салт-дәстүр. Жүрегін махаббат отымен жауылған ғашығына бұл күні серілеріміз «селтеткізілерге» тазалықтың, пәктіктің нышаны (белгісі) ретінде айна, тарақ иісу сыйлаған екен.

Ұйқыашар. Бойжеткендер (қыздар) бозбаланы көңілі хош көрсе, жас малдыңетіне уыз қосып, дәмді тағам дайындаған. Астарлап пісірілген дәмнің аты. «Ұйқыашар» деп айтылған.

Аузына түкіру. Қазақ халқы өзінің батырларын, атақты ақындарын, билерін,шешендерін өте жоғары бағалап отырған. Әрбір ата-ана өз баласынң соларға ұқсағанын жақсы көрген. Сол себепті сондай адамдардан баласының «аузына түкіруді» сұраған. Баласының бойынан сол адамдарға ұқсағанын көргісі келген.

Тыйым. Басқа да халықтар секілді қазақтарға тыйым салынатын болады. Мысалы: тізе құшақтап отыру демек бұдан былай ешкімді құшақтамау. Үй ішінде ысқырмау, жер таянуға, бүйірін таянуға болмайды. Жолдасынан, не баласынан айрылғанда әйелдер бүйір таянады. Табалдырықты басуға болмайды, жақын адамдарына пышақ, ит сыйлауға болмайды - жауығып кетуі мүмкін дейді. Үлкен адамдардың жолын кеспеу – бұл әдептілік.

Қозы жасы - қазақ ұлды оннан асысымен қозы  жасы атайды. Бұл шақта баланың міндеті, істейтіні – қозыны бағу. Бұл еңбекке баулудың  қазақша бастауыш класы іспетті. Қозы жасы аталуы да содан. Жоғарыдағы өзіміз сөз еткен кереғарлар айтқандай, қағаз-қалам ұстап партада отырған оқушысы болмағанымен, өрісте қолына ақ таяқ ұстап, еңбекке шынығып жүрген баласы бар қазақ бір жағынан зиян тартса, бір жағынан пайда тауып жатты. Түбінде оқу-ғылым теріс емес қой. Бірақ түйенің өзі- түйе, құмалағы түйе болмайтынындай оқығанның бәрі ойлаған жерден шыға бермейді.. Ал ана қозы жасы деп аталатын еңбек  мектебіндегілер шөгелдікке қанша айтқанмен бейім келеді.

Бұл арада біз оқудан ат-тонды ала қашүдан аулақпыз. Бүйту  қате. Әңгіме  қазақтың ертедегі әлқиссасы жөнінде болып отырған соң, сол кездегі қазақтардың бала тәрбиесі – оқытуы болмады дегендерге ескерту жасау ғана. Өйткені қазақ балаға жастайынан қатал қараған, баули білген. Кей халықтың қозы жасын дағылары сары далада сарылып қозы бақпақ тұр ғой, жеңіл-желпі киініп есік алдына шықса ауырып қалады.  Алматының кейбір биік үйінен басқаны көрмеген он жасты қойып, жиырмадағы баласы ауылға келгенде отын бұта, не жар деп қолына балта берсең балтаны көрмеген ондай қатты қайырым еңбекті істеп көрмегендіктен балтаны ағашқа емес, аяққа тигізіп жараланып қалғанын  көргенбіз. Қазіргі халыққа қозы жасындағы балаға неше жүз қозыны ит арқасы қиянға апарып жаю өте қиын көрінгенімен, ол кезде ол жастағыларға онан жеңіл жұмыс жоқ.  Малдың да  бағуға ең оңайы –қозы.



Қой жасы - қозы жасындағы бала он беске – отау иесі делінетін жасқа келісімен бастаушты бітіріп, жоғары класқа көшкен оқушыдый кәсібін  ауыстырады. Отаудың иесі деп үміт күтіп отырған жасты қой бағуға жарамайды деп қазақ ешқашан ойлаған емес. Сондықтада он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы деген ертеде. Ал сиыр мен түйеге ие болу кәрі-құртаңның сыбағасы. Қазақтың ертедегі ең көп ұстаған малы жылқы мен қой, онаң соң түйе. Он бес пен жиырма бестің арасын қой жасы дейтіні бір қора қойды итқұсқа жегізбей, жоғалтпай бағу. Жауын-шашында, боранда аман сақтау, күн шыққаннан қас қарайғанша жалықпай жайып, кең далада жападан жалғыз жүру, осы жастардағы адамның ғана қолынан келеді. Он бестегілердің де өте бір қағылезі болмаса төзуі қиын. Бірақ төзбеуге болмайды. Дала тіршілігінде өсіту заң. Көнбесе басқадай кәсіп кем де кем, күн көре алмайды. Бұл қой жасынан еті тірілер ғана, сенімділер ғана жылқы жасына аусады. Емтиханнан өте алмағандары сол қойдың соңында мәңгі қалады.

Жылқы жасы - қай халықта болмасын жиырма бес жас белдің бекіп, қабырғаның қатқан кемел кезі. Жаулары жылқысын айдап, қызын алып қашатын ертедегі қазақтың ең  үлкен ауыртпалығы мен ең жақсы рахаты да жылқыда болған. Күні де, түні де азапқа толы жылқыны сеніп тапсыру жиырма бес пен қырықтың арасындағыларға ғана лайық. Ат құлағы көрінбейтін  боранда тұмсығына оқтаудай мұз қатқан атпен бірнеше күн жүріп жылқыға не болу, алдынан тосатын, ұлып соңынан қалмайтын қалың  қасқырға  жегізбей, екі күннің бірінде тебініп сақадай-сай жауға бермеу жиырма бес пен қырықтың  арасындағылардың  ғана қолынан келеді.Бұл кезді қазақ халқы сондықтанда жылқының жасы деген, әдіптеп айтсақ бұның өзі бұрынғы қазақтың еңбекке баулудағы жоғары мектепті бітіргені.

Патша жасы -  қазақта патша болыпты дегенді естімедік. Кейбір патшаға бергісіз хандардың болғанын екінің бірі – егіздің сыңары біледі. Қазақтағы патша жасы деген мынадан шықса керек. Жалпы шығыс мұсылмандары жасы толса да, ақылы қалыптаспады деп қырыққа келмегенді қолдарынан келген жағдайда да патша қойғызбаған.  Мөлшері қырықты патша жасы деуді біз солардан үйренсек керек. Әсілі қазақтар қырықты-қынаптан шыққан қылыштай деп ардақтайды. 

III Қорытынды:

 Ата салтың – асыл қазынаң

 Жалпы, бұл ғылыми жұмыста менің білгенім: бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі- қазақ халқы. Оның тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халықтың ғасырлар бойы жасаған зор еңбектерін жазып шығу үлкен еңбек.

Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын,  салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі- өнеге тұтуға тиіс. Балаға арналған салт- дәстүрін зерттей келе менің көңілге түйгенім және ұққаным, оның адам өміріндегі алатын орнының маңызды екені,тәрбиелік мәнінің зор екені.Мен оның адамды ізгілікке, қонақжайлыққа, мейірімділікке, сыйластыққа баулитынына көз жеткіздім.

Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Әрбір ұлт өзінің жеткіншек ұрпағын өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игеруіне аса көңіл аударуы керек. Ұлттық мәдениеттану, өз ұлтының салты мен дәстүрін білу әрбір қазақ елінің ұрпағының міндеті деп ойлаймын.

Елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени салт- дәстүрлерімізді ұмытпауымыз керек.

Ата тегін ардақтау дәстүрі, көбінесе отбасында, мектепте, балабақшада сөз болып отырса, кейінгі ұрпақ қазақтың салт- дәстүрлерін бойына сіңіріп, тәрбиелік мәнін білер еді деп ойлаймын.

 Іздену жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:       

Туған соң адам боп,                         Бауырласқан тәніміз,

Білімсізден жаман жоқ.                   Бұзылмаған антымыз.

Ел дәстүрін білмесең,                      Кең даланың ежелгі,

Жұрт айтады надан деп.                   Қазақ дейтін халқымыз.

Ата-бабаң ардақты,                           Өзге ұлттай біздің де,

Жамандыққа бармапты.                   Бар дәстүр мен салтымыз.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

 

Қолданылған әдебиеттер


1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері; Алматы 2008 ж


2. Асылов Ұ, Нұсқабай Ж. Әдептану. А; 2002 ж
3. Әлімқұлов Б, Әбдіраманов Е. Күйеу келтір, қыз ұзат – тойыңды қыл. А; 1994 ж
4. Жарықбаев Қ, Қалиев С. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. А; 1994
5. Ерсарыұлы Наурызбай. Еңбекке баулу хрестоматиясы. А; 2000 ж
6. Қалиев С, Оразбаев М, Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. А;1994 ж

7.Бесік жыры (Өлеңдер) Алматы «Жалын» 1989 ж





Каталог: uploads -> doc -> 1019
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1019 -> Тәрбиеші деген кім?
1019 -> Сабақ (Кілті) Тақырыбы: Синтаксис


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет