ІІ. Негізгі бөлім Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі11,04 Mb.
#36659
1   2   3

1.3.Қырқынан шығару.

Қазақ халқында ұл баланы қырқынан 37 күнде шығарады. Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың мал аз болсын деген ниеттен істеледі. Қыз баланы қырық күннен асырып 42 күнде қырқынан шығарады. Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40 қасық су құйып,теңгелер салған суға шомылдырады. Содан кейін баланың тырнағын алып, адам баспайтын жерге көміп тастайды.Сонымен қатар сол күн баланың шашын алады. Оны «қарын шашын алу» деп атайды. Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп тігіп, баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын ешуақытта ашық-шашық жерге тастамайды. Адам аяғы баспайтын жерге көміп отырады.»Қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген мақал да осы салтқа байланысты. Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару үстінде түрлі тәттілерді түйіп бір иттің мойнына байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп тәттілерді өзара бөлісіп жейді. «Ит көйлекті» баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады. [3]







1.4.Асырап алу.

Баласы жоқ адамдар ерлізайыпты біреуден бала асырап алады баланың әке-шешесінің келісімі бойынша. Болашақ ана балаға ат қойып, оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін хабарлайды. Егер бала қайтыс болса, бұл сирек кездеседі, дұға оқығанда өзінің ата-анасының аты аталады.



Сатып алу. Өмірге келген балалар бірінен соң бірі шетіней берсе келесі баланы біреу сатып алады. Дүниеге келген сәбидің үйіне бір тәүіп, шаман келеді де «сен менің баламды ұрлап алдың, бер өзіме» деп ата-анасының қарсылығына қарамай тартып алады. Бір-екі күннен кейін ата-ана баланы сатып алады. Баланы алған кісі сәбиді керегенің астынан береді. Ол баланы сатып алдық деп есептейді. Бұдан басқа жолдары бар. Мысалы, бала ұзақ өмір сүру үшін оны жеті кемпірдің аяғының арасынан өткізеді. Қазақ халқы бала өсіруді бақыт деп санап, әрқашан балалы болуды армандайды.

1.5.Бауырына салу.

Баланы уақытша тәрбиелеу. Дәстүр бойынша атасы мен апасы, жақын адамдары тәрбиелеуге алады. Осылай уақытша тәрбиелеу «бауырына салу» деп аталады. Осылайша әке-шешесі, атасы мен әжесі баланы тәрбиелейді. Олар баланың өсуіне аса мән береді. Оның нағыз азамат болып, халқының жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне көмектеседі. Есейген соң ата-анасына қосылады, не ата-әжесінде қалады.



1.6.Шілдехана

Жарыс қазанның  арты іле-шала не сол күні түнде, ертеңіндегі кеште шілдеханамен жалғасады.Шілдеханаға көбінесе жастар жиналады. Көлігі барлар сән-салтанатпен сәйгүлікпен тебінді, дүбірлі келеді. Бәсіресі, тай-құнаны жоқ балалар үлкендер мінгескен түйенің өркеш арасына симаса мойынына мініп болса да жетеді. Кейбірі тайыншамен, өгізбен жетеді. Келе жатқандар сай-сайды бастарына көшіріп жеткенше ән шырқайды. Жұрттың бас-аяғы жиналған соң ас аяулы, қымыз кысулы болмайды. Аста-ток қошемет көрсетіледі. Өйткені алды жарыс қазан, жалғасы шілдехана болып жатқан үйде бәрі бар ғой. Жастар таң атқанша айтысады. Домбыра шертіп, ән салады. «Қара жорғаны» билейді.Сұлулығы ауыл-аймақты тамсандырған кейбір арулар отырған киіз үйге кіре алмаған жастар соның айдай ақ жамалын бір көрү ұшін киіз үйдің үзіктерін тұс-тұстан тесіп сығалайды.Ол түні жастар таң рауандағанша тарамайды.

Қайтқанда да әнге басады.


Жастар осындай думанмен отырғанда шілдехананың дастарханын басқарып журген эйелдер «қалжаға сойылған малдың омыртқасынан ауыз тимедік, ең  құрығанда бірін мұжуға тісімсіз тимеді» деп деп аяқ астынан өкпелейді. Сол үшін іштеріндегі бір шебері он екі омыртқаның  етінен бәріне ауыз тигізу керек, мұнтаздай ғып мұжытуы керек. Тап-тақыр болған омыртқаларды әбден болған соң бір тобылғыға тізіп үйдің ең бір жоғары жеріне ілу керек. Бұнысы – баланың мойны тез бекісін деген салт. Бұл тезілген сүйек тамда болса төбедегі арысқа, киіз үйде болса уықтың қарымына ілінуі керек.Сол күні әлгі өкпеші әйелдер төрдегі бас пен жамбастан ауыз тимесе өкпелемейді.  Ал омыртқаны мұжуға қатыспаса ат кекілін кесуге дейін барады. Мұның себебі әйел затының бәрі де бала табуға құштар.Сондықтан қалжаның омыртқасынан ауыз тиюді, өздері де осы әйел құсап тезірек босанармыз деп ырымдайды. Болмаса жайшылықтағы омыртқаға қарай ма олар. Қарағаны сол, «сүйек-саяқ беріп қорлауын қара» деп лақтырудан ерінбейді.
Қалжаға арнайы сойылған мал етінің омыртқадан басқасының бәрін босанған әйел өзі жеуі керек. Өйтпесе белі тез бекімейді. Көшпелі тіршіліктің қатты-қайырымына тез қосыла алмайды.  [4]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет