Іі нұсқа 1-билет


Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «кіші қазан» саясаты



бет27/63
Дата17.05.2020
өлшемі313,81 Kb.
#69194
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63
Байланысты:
к тарих 2 нуска

2. Ф.И.Голощекиннің Қазақстандағы партия ұйымының басшылығына тағайындалуы және оның «кіші қазан» саясаты.1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, қалың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды. Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті. Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады. «Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет