1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы,шаруашылығы, мәдениеті) Қимақ қағанаты (IX ғ соңы XI ғ басы) Қимақ ңағанатының тайпалық құрамы, құрылуы (3-кар- та). Қытай жылнамаларында жазылған дереқтерге қараганда, қимақ тайпаларының алгашқы қауымдары біздің заманымызга дейін өмір сүргендігі аңғарылады. VII ғасырдың басында қимақтар Монголияның солтүстік-батысын мекендеген. Осы ғасырдың ортасына қарай қимақтар Алтайдың солтүстік аудандары мен Ертіс өңіріне көшеді. Батыс Түрік қағанатының ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне бастайды. Қытайдың жылнама деректері бойынша, Монғол жерінің солтүстігінде өмір кешкен қимақтардың ішінде қыпшақтар да болған. Бұл деректен түрік тілдес тайпалардың бір-бірімен көрші тұрғандарын білеміз Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи Қимақ елінін кұра- мында жеті тайпа болғандығын жазған. Олардын ішіндегі ең атакты- лары кимақтар мен қыпшақтар дейді 766- 840 жылдарда қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады. 840 жылы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланицаз, ажларлар және имек, қыпшақ тайпалары қимак бірлестігіне енеді. Осы жеті тайпа негізінде Қимақ қағанаты қалыптасады. Қағанат Қазақстанның солтүстік-шығыс, орталық аймақтарын алып жатты. Қағанаттың орталығы Имақия қаласы болды. Екінші бір астанасы Алакөл көлінің жағасындағы Карантия қаласы еді. Әл-Идрисидің картасында Карантия қаласы көрсетілген. Қағанаттың қоғамдық құрылысы. Қағанатты билеуші адамды “қаған” деп атаған. Бұл атақтан екі саты төмен “ябгу” атағы болды. “Имек байғу” немесе “қимақ ябғу” деген тайпа көсемдерін білдіретін бірнеше атаулар да болған. Жеке тайпа көсемдерін “шад- түтік” деп атаған. Шонжарларға “ябгу”, “шад” деген лауазымдар берілген. Өкіметтің барлық билігі қағанның қолында болған. Ол ябғу, шад-түтіктерді өзі тағайындаған. Қағандық атадан балаға мұрагерлікке қалып отырған. Сондай-ақ оның төңірегіндегі билеуші ақсүйектердің де биліктері мұрагерлікке қалдырылған. Мәселен, қағанның жанындағы он бір іс басқарушының үлестік биліктері де, олардың жерлері де балаларына қалатын болған. Қимақ қағанатының саяси өмірінде өскери қызметкерлердің де беделі күшті еді. Олар өскери қызметтері үшін қағаннан алған жаңа үлестік жерлерінде әскер жасақтаған. Ол әскер үлестік-тайпалық жүйемен басқарылған. Қағанаттың саяси жағдайы Қағанат сыртқы жаудан қорғану үшін және өз жерін кеңейту үщін көрші елдерге үнемі шапқыншылың жасап отырған. Жазба деректерде қимақтардың IX ғасырда “тоғыз- ғүздар” жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылады. X ғасыр басында тоғыз ғұздардың шекаралық қаласы - Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы баяндалады. Сонымен бірге қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасап тұрған. Ал Сыр бойындағы оғыздармен бейбіт, татутұрса, енді бірде олардың жеріне басып кіріп, соғыс жағдайында болған. Шамасы, сондай байланыстан болуы керек, қимақ, қыпшақ, оғыздардың тіл және тұрмыс-салт жағынан бір-біріне ұқсас жақтары өте көп. X ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастаған. Кейбір деректерге қарағанда, олар Ертіс өзеніне дейін жеткен. Мұндай жорықтар XI ғасырда жиілей түскен. Осындай жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастайды. Жалпы қағанаттың құлауына екі жағдай әсер етті. Бірінші себеп - өз ішіндегі ішкі қайшылық - атақты қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы. Екінші басты себеп - сыртқы қайшылық. Ол әсіресе шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпалардың әсерінен еді. Жер үшін болған соғыстарда өзінен күші басым тайпалар үстемдік құрған.