2. 1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ережесінің» қабылдануы, оның мәні мен мақсатын анықтаңыз.
Сібір қазақтары туралы жарғы. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының жарғысы елеулі рөл атқарды. “Сібір қырғыз-дары туралы жарғы” деп аталатын бұл заңның басты мақсаты — онсыз да бытыраңңылыңқа ұшыраған қазақ даласында хандық басқаруды біржолата жою болатын. Мұны жүзеге асыруға 1817 жылы Орта жүздегі Бөкей ханның қайтыс болуы және 1819 жылы Уәли ханның ңайтыс болуы қолайлы әлеуметтік саяси жағдай қалыптастырды. Патша үкіметі енд Орта жүзде хан сайлауға тыйым салды. Жоғарыда аталған жарғы оны жасаған Н.Н.Сперанскийдің басшылығымен жүзеге асырыла бастады. Енді Орта жүзде хандық билік таратылды және оның орнына “Аға сұлтандар институты” деп аталатын басқару жүйесі енгізілді. Орта жүз әкімшілік ' жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл 50—70 шаңырақтан, болыс 10—12 ауылдан, округ 15—20 болыстан құралды.
Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том және Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы және ішкі округтерге жіктелді. Бұлар — Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40—50-жылдарда құрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Бұлардың халық саны жыл сайын өзгеріп отырды. XIX ғасырдың 40-жылдарында Қарқаралы округінде 60 мыңға жуық, Аякөз (кейіннен Сергиополі,) округінде 40 мыңнан астам көшпелі қазақтар тіркелді.
Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің, іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сұлтандардың рөлін әлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға майор әскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстың басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Өз өкілдерін — Шыңғыс әулеті тұқымдарын аға сұлтандыққа өткізуге тырысқан ақсүйектер арасындағы өзара қақтығыс, алдау, параға сатып алу үйреншікті құбылысқа айналып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |