Шаруашылығы. Жалпы түрік тайпаларының мал шаруашы- лығымен басым айналысқандығы жоғарыдағы тақырыптарда біршама айтылды. Қимақтарда да мал шаруашылығы басым болды. Ол туралы Гардизи былай деп жазады: “шаруалар өз мырзаларының малын бақты, “...қысқа арнап олар (қимақтар) әрқайсысы өздерінің шама - шарқына қарай қой, жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады”. Қысқа ет сүрлеп алу сияқты тіршіліктің түрі қазақ халқында осы күнге деиін қолданылып жүрген тәсіл. Бұдан қимақтар бүгінгі қазақ халқының арғы ата-тегінің бірі екендігі көрінеді. Оған басты дәлел — күнкөріс, жан бағу сияқты тіршілік көздерінің ұқсастығы. Махмуд Қашғаридің хабарына карағанда, малсыздар жатаққа айналып, колөнерді, балық аулауды кәсіп еткен. Олар байлардың қыстауларына қарап, оның жанына тастан, ағаштан, камыстан тұракты баспана салып алған. Ондай орындар сауда жолына жақын болса, біртіндеп қалаға айналған.Қағандар мен ақсүйек-феодалдар өздерінің ордаларын айналдыра биік дуалдармен коршап, камалға айналдырған. Қамалдың жұмысын малы жоқ кедейлер істеген. Қағанаттын казынасы биік жерлерге салынған қамалда сакталып, ол әскер күшімен қорғалған. Қимак кедейлері егіншілікпен де айналысқан. Негізінен тары, бидай, арпа өсірген.
Қолөнері. Қимақтар тұрмыстық көсіп пен қолөнердің тамаша шеберлері болған. Олар қойжүнінен киім-кешек, баспана (киіз үй), кұрал-жабдық (аркан, кетен, бұйда, шылбыр), басқа да күнделікті тұрмысқа кажетті бұйымдарды өздері жасап алатын. Мал мен аң терілерінен түрлі сырт киімдер, қымбат бағалы ан терілерінен бас киімдер тіккен.Қимактар күнделікт тұрмысқа кажетті ыдысаяқ, кұрал- жабдық, кару-жарақтардың алуан түрлерін жасаған. Олар темір корытудың назғыз мамандары, садактың жебесін жасаудьщ хас шеберлері болған. Оған дәлел - олардың зираттарынан түрлі жерлердің табылуы. Ал ат әбзелдерін жасауда да оларға ешкім жетпеге Сәндік бұйымдарға келетін болсақ, кимак зергердіерінін әйелдерге арнап жасаған бұйымдарына баска түрік тілдес бірде-бір т тайпалардың әшекейлері сай келмейді. Мәселен, түрлі алқалар, өрнёктеп жасаған білезіктер, зерленіп тігілген бас киімдер олардың коленері, оньщ ішінде зергерлік өнері жоғары дәрежеде болғанын аңғартад X ғасырда қимак шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған. Оны сол кезеңдегі қимақ қағаны Жанақтың ибн Хакан әл-Қимақи аталуынан, сондай-ак жерлеу рәсімінен де көруге боладыҚорыта айтқанда, ІХ-ХІ ғасырлардағы қимақтар мемлекеті өзіндік өсіп-өркендеу жолы бар, қалыптасқан, алғашқы патриар халдық-феодалдық мемлекет болған.