Іі нұсқа Оқу сауаттылығы


Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз



бет10/11
Дата09.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#138618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
²³ í?ñ?à Î?ó ñàóàòòûëû?û

8. Мәтін мазмұнының реттілігін көрсетіңіз
1.Гүлге оранған жол
2. Екі шелек туралы
3. Тапқыр су тасушы
4. Кінәлі тесік шелек
A) 4.1.2.3.
B) 2.4.3.1.
C) 3.1.2.4.
D) 1.3.2.4
E) 2.1.4.3.
9. Мәтінге лайық атау
A) Тесік шелек
B) Жаңа шелек
C) Риза қожайын
D) Бүтін шелек
E) Өзен жағасы
10. Тесік шелекке тән қасиет
A) Ізеттілік
B) Қорқақтық
C) Батылдық
D) Өшпенділік
E) Менмендік
11. Су тасушының ерекше қасиетін көрсетіңіз.
A) Дарындылығы
B) Тапқырлығы
C) Әңгімешілдігі
D) Алғырлығы
E) Сенімсіздігі
12. Мәтінде бүтін шелектің қай қасиеті көрінеді?
A) Жалқаулығы
B) Жағымпаздыгы
C) Намысқойлығы
D) Озбырлығы
E) Мактаншақтығы
4-мәтін
1.Тау іші. Кең жайлау. Ұшқан кұс, жүгірген аңнан өзге тіршілік белгісі білінбейді. Жаз жәрмеңкесі тарқап, таулы өлкеге қоңыр күз конақтаған. Аспан да, жер де сұп-сұр. Жапырақтар сарғайып, өсімдік атаулы күзгі ызғырық желге елбеңдей бас ұрып, тәубеге келген сопыдай күбірлейді. Тек қия жартастарды жарып шыққан қайсар қарағайлар ғана өңін бермей, тәкаппар басын тік ұстап, көкке шаншыла қарап тұр. Сай-саладан құлай ағып жатқан көк қасқа бұлақтар жаздағыдай шу салып, асып-таспай, салқын сабырмен жуасып қана сырғиды.
2. Малшы ауылдар бұл өңірден әлдеқашан арылып, етекке түсіп кеткен. Тегіс-тепсең жерлерде, бұлақ бойларында жараның орнындай болып киіз үйлердің көшкен жұрттары көрінеді.
3. Кеш батысымен иен жұртқа аш қасқырлар келіп, емін-еркін тіміскелейді. Көш жолдарына, айдалған мал ізіне түсіп, тұмсықтарын көтеріп, ұзақ-ұзақ қарап тұрады. Сүйек қажалап, тері-терсек, жүн-жұрқаны жұлмалайды. Бұтаның арасында қалып қойған тоқты-торымды іздеп сандалады. Жердегі жемтіктес досына қарайлап, көкте құзғын айналады...
4. Жаздың шіліңгір ыстығында басынан бұлт кетпейтін Етікші шыңы бұл күнде бозғылт мұнарға оранған. Бұл – Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы. Нардың жалғыз өркешіндей болып, козге алыстан шалынады.
5. Арғы бетке өтетін жолаушы қиын да болса, көбінше, осы шыңның желкесімен асатын. Өйткені, өркеш-өркеш тауларға, терең кұздар мен тентек өзендерге соқпай өтетін ең төте жол осы. Биік жалдың басында жыртқыш андар да аз жүреді. Етікшінің жотасына шықсаң, таудың күнгейі мен теріскейі табанынның астында жатады.
6. Жолға шыққанына төртінші күн дегенде ұзын бойлы, қапсағай кара шал осы Етікші асуының бір оқшау биігіне көтерілді. Бар салмағын таяғына салып, тізесі дірілдеп зорға жылжып келеді. Кеудесі сырылдап, өкпесі аузына тығылып, әлсін-әлі тоқтап дем алады. Бірақ алдында көлденең сұлап жатып алған қырсық асудың төбесіне бір шықсам-ау деген арманы қолтығынан демеп, өрге қарай өшіге, өршелене қайта ұмтылады.
7. Күн тас төбеге көтеріліп, ес кетіп, жан шыкқанда асудың ұшар басына да жетті-ау. Қыр жалдың үстіне шыға келгенде, гуілдеп соққан қара боран жолаушыны ұшырып әкете жаздады. Таяғына сүйеніп, төрт тағандап әзер қалды. Күні бойы жеткізбей, діңкесін құртқан шыңға ерегісті ме, болмаса «мұндай биікке үнемі көтеріле бермеспін» деді ме, әйтеуір осы арада біраз аялдағысы келді. Аппақ шоқша сақапы желге желпілдеп, сығырайған кәрі көзімен айналаны шолып, қарт жалдың басында бірталай тұрып калды.
8. Салқын ызғар қамсауы жоқ, көне шекпеннен лезде өте шықты. Терлеп, жіпсіп келе жатыр еді, тұла бойын суық кармап сірестіре бастады. Ол шырқау биіктен жан-жағына соңғы рет көз тастады да, ілгері жүріп кетті.
9. Бір тәуірі, ендігі беталысы төмен, еніс екең. Ылдиға қарай кұлдырап, тез төмендеді. Көк жалап, жылтырланып алған сірі шоқайы киіздей ұйысып жатып калған бетегеден тайғанап, тоқтамаған соң, жан дәрмен отыра қап құйрығымен сырғанады.
10. Жалаңаш жотадан көп төмен түсіп, қалың жынысты қойнауға жеткенде, жел басылып, күн жылынайын деді. Титығы кұрып, әбден қалжыраған қарттың бұдан әрі жүруге халі келмей, тәлтіректеп барды да, шоқ қайыңның түбіне қисая кетті. Арқасындағы қоржынын басына жастап, бір сәт сұлық жатгы. «Әйтеуір, қиын асудан өттім ғой, – деді талмаусырап жатып, – жолдың көбі кетіп, азы қалды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет