Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Тіл жүйесіне үнемділіктің әсері, бұл жөніндегі теориялық еңбектерге сипаттама беріңіз



бет21/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

61. Тіл жүйесіне үнемділіктің әсері, бұл жөніндегі теориялық еңбектерге сипаттама беріңіз
ҮНЕМДЕУ ЗАҢЫ — ежелгі дәуірден келе жатқан тілдік құбылыс. Белгілі бір дыбыстың, буынның, сөздің, сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. Буындардың, дыбыстардың бірте-бірте түсуі сөздің формасының өзгеруінен болады.
Үнемдеу заңдылығының тіл білімінің барлық салаларына қатысы бар болғандықтан үнемделуге, жаңа сапа мен мазмұнға ауысуға, кей жағдайларда
мағынасын өзгертпейтін, стильдік тұрғыдан жаңа сапаға, қасиетке ие болуына итермелеген жалпы адамзат тіліндегі үнемдеу заңының пайда болуына әсер етуші 4 фактор бар:


  1. Физиологиялық фактор. Жалпы адамзат баласы тіліне тән қасиет – сөйлеуге кететін күшті барынша аз жұмсауға ұмтылу. Сөзді айтуға кететін физикалық қуатты үнемдеп жұмсауда барлық тілдер артикуляциясы мен акустикасы жағынан үйлесіп келуді көздейді. Бұл – әсіресе, агглютинативті тілдерге тән құбылыс.


  2. Психологиялық фактор. Психологиялық фактордың үнемдеу заңын нақтылай түсетін бірінші құбылыстары – сөз жұту, үнсіз қалу. Сөз жұту, психологиялық жай-күйге («қорқу», «толқу», «өкіну», «ашулану», «сенімсіздік», «үнсіз қалу») бейвербалды амалдарды жатқызуға болады. Айтылмайтын, хатқа түсірілмейтін сөздер екі түрлі жағдайда беріледі: біріншісі, көп нүкте арқылы; екіншісі басқы әріптерінің берілуі арқылы кей жағдайда басқы әріптері мен соңғы әріптері беріліп, ортасында көп нүктенің қойылуы арқылы да беріледі.


  3. Экстралингвистикалық фактор. Экстралингвистикалық факторда тілге қоғамның, қоғамда болып жатқан тарихи, саяси жағдайлардың тілге әсері қарастырылады.


  4. Лингвистикалық фактор. Үнемдеу заңын тудырушы факторлардың ішіндегі ең өнімдісі де осы – лингвистикалық фактор. Тілдің әр саласына қатысты көрінетін үнемдеу заңы фонетикада, лексикада, морфонологияда, морфологияда және синтаксисте көп байқалады. Осы тіл деңгейлеріндегі көріністер лингвистикалық фактор аясында қарастырылады.

Үнемдеудің табиғаты күрделі болғандықтан, қазақ тіл білімінде ғалымдар өз зерттеулерінде тіл салаларының əр қырынан сөз еткен.


Қазақ лингвистерінің бір қатары, атап айтсақ, С. Аманжолов, М. Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Томанов, А. Ысқақов, А. Айғабылов, Б. Сағындықұлы, К.Аханов, С. Мырзабектен, Р. Əмір, Ғ. Қалиев үнемдеу заңы əсерінен пайда болған өзгерістер туралы жазған құнды пікірлермен белгілі. Сөйлем мүшелерінің қызметінің жеңілдеуі мақсатында дыбыстардың түсіріліп айтылуы, яғни фонетикада үнемдеу құбылысы тілдің басқа салаларына қарағанда кеңінен зерттелді.
Фонетиканы зерттеген С. Мырзабектен «дыбыстық үнем сөздің құрамындағы жеке буын, дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады, басқаша айтқанда, сөзді ықшамдау деген сөз» дейді. Фонетикадағы үнемдеу құбылысын редукция, элизия, апакопа, синкопа, гаплология, т.б сияқты құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Редукцияның үнемдеу заңына қатыс дəрежесін қарастырып көрелік. Белгілі фонетист ғалым С. Мырзабектенің «Қазақ тілі фонетикасы» деген оқулығында: «Редукция бұл дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі», деген анықтама береді. Мысалы, бара алмады тіркесін айтылуда баралмады деп қысқартып қолданамыз.
Ғалым Б. Қалиев дауысты дыбыстардың түсіп қалу себептерін зерттегенде, барлық пікірлерді ескеріп, дауыстылардың үнемделуінің табиғатын толық ашуға тырысқан. Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» атты еңбегінде қысаң дауыстылардың түсіп қалу жағдайының түрлерін саралап көрсетеді. Олар: 1) қысаң дауыстылардың өз сапасы, 2) көршілес дауыссыздардың əсері, 3) екпінсіздік, 4) сөздердің морфологиялық түрленуі (дауысты дыбыстан басталатын қосымшаның жалғануы), 5) түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жəне олардың қолданылу жиілігі.
Фонетикадағы үнемдеу жайын сөз еткенде морфонологияны зерттеген ғалым А. Айғабылұлының көңілге қонымды пікірлерінен айналып өту мүмкін емес. Ғалым былай дейді «...редукцияны екпінмен байланыстырушылар екпінсіз буынның редукцияланбайтынын жұмбақ ретінде атап отырды. Шындығына келгенде, егер екпіннің бары рас болса, ол қазақ тілінде сөздің соңғы буынында тұрса, дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда да, буынды жылжытып, екпінсіз буындағы дауысты редукцияланса керек еді» дей келіп, редукциялануға қолайлы жағдай туғызатын буын үлгісін былай көрсетеді: Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс редукциясының себебін түсіну үшін үш мəселені атап көрсетеді: 1) буындардың сөзде қатарласа ашық түрде келуі (са-ғы-ну – сағну); 2) түсіріп айтылатын дауысты дыбыстың алды-артындағы дауыссыздардың өзара тіркесу мүмкіндігі 3) дауысты дыбыс редукциясының мағынаға нұқсан келтірмейтіндігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет