Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Апакопа – сөз соңындағы дыбыстың түсіріліп қолдануы. Ғалым Б. Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихы»



бет22/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Апакопа – сөз соңындағы дыбыстың түсіріліп қолдануы. Ғалым Б. Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихы» еңбегінде сары сөзінің алғашқы формасы сарығ болғанын, яғни тілдің даму барысында ғ дыбысы түсіп қалып қолданысқа енгенін айтқан. Сол сияқты «Ұлық болсаң, кішік бол» мақалындағы ұлық, кішік сөздері қазірде соңғы дыбыстарынсыз айтылып кеткен. Тілдік үнем лингвистикалық өзгерістердің негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырылады да, коммуникация қажеттілігіне орай ерекше сəтті үйлесім табатын, қолдануға ыңғайлы сөздерді енгізеді. Соның бір жемісі деп гаплологияны айта аламыз.қайн ыны
Сіңісу, жылысу, ығысу құбылыстары да - үнемдеу заңының көріністері. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері» еңбегінде: «Жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі -ың, -ің түрінде болған. Бұл бастапқы форма (-ың, -ің) менің, сенің, оның есімдіктерінің құрамында сақталған. Тілдің даму барысынада морфологиялық жылысу процесінің нəтижесінде есімдіктерінің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да ілік септіктің жалғауы ұлғайып, (бір дыбыс қосылып) –ның, нің түрінде айтылып қалыптасқан».
Қарлығаш (қара ала құс), бел бау(белбеу), алып кел(əкел), алып кет(əкет), сегіз он (сексен), тоғыз он (тоқсан), олай еткені (өйткені) сияқты күрделі сөздер құрамындағы əуелгі компоненттері өзінің дыбыстық құрамын ықшамдаған, екіншіден, компоненттердің екеуі де бірдей, я біреуі дыбыстық жағынан əрі өзгеріп, əрі өздіөзіне тəн екпіндерінен айырылып, бір ғана екпінге ие болып, тұтасымен бір бүтін дыбыстық тұлға ретінде қалыптасқан.
Ежелгі түбірлердің сан мыңдаған жылдар да түрін адам танығысыз дəрежеде өзгертіп, кейде өлі түбірлерге айналғандығын зерттеуші Ж.Манкеева ажыратып көрсеткен. Қазақ тіл білімінде біршама жалғау мен жұрнақтардың шығу тегі жайында басы ашылған қорытындылыр кездеседі. Оған мысал ретінде көмектес септік жалғауының бірлə шылауынан жасалғанын айтып өтсек болады. Бұны да үнемдеу заңының əсерінен болған өзгеріс десек қателеспейміз. Ықшамдалған сөздердің мағынасы кейде көмескіленсе, кейде көмескіленбеуі де мүмкін. Ғ.Мұсабаев «Ықшамдалу және оның көрінісі» еңбегінде былай деп жазады: «Сөздің ішкі мағынасы сақталып, дыбысталу түрі өзгеретін де жағдайы болады. Мысалы, лақ деген сөздің бастапқы түрі оғуллақ болған, ол бірте-бірте мына сияқты өзгеріске түскен: оғуллақ→ оғу-лақ → оғы-лақ → оғ-лақ → о-лақ →ұлақ→ы-лақ →лақ. Сөйтіп, түбір жойылған да, бұрынғы түбірдегі мағына жұрнаққа ауысып, жұрнақ сақталып қалған». Зерттеуші Б.Сағындықұлы «Қазақ тілінің тарихы» еңбегінде сөздердің этимологиясын жіті зерттегенде көптеген формалардың ықшамдалып кеткенін байқауымызға жəне оларды түрлі принциптермен қайта қалпына келтіргенде атабабамыз дүниені қалай қабылдап, түсінгенін білуімізге болатынын айтқан. Сөздердің бұрынғы формаларын тарихи ескерткіштерден кездестіруге болады. Б.Сағындықұлы нысанға алынған сөзді əр кезеңге жататын ескеркіштердегі нұсқаларымен өзара салыстыра отырып, мынадай факті келтіреді: «...қазақ тіліндегі «у» (тірі организмге əсер еткенде қалыпты тіршілік əрекеттерін күрт өзгертетін, не өлімге душар ететін химиялық зат) «Құдатғу билиг» əдеби мұрасында «урағун» (заһар, у): солындин урағун оңындин шакар (сол қолында – заһар, оң қолында шекер); «Хусрау уа Ширин» ескерткішінде «ағу» (уланатын зат, у): аңламас ағу йутар (аңдамаған у ішер). Сонда бұл сөздің даму схемасы былай бейнеленеді: урағун → ағун → ағу → ығу →ұу».
Синтаксистегі үнемдеу заңының көрсеткіштерінің бірі – толымсыз сөйлемдер. Толымсыз сөйлемдердің құрамы толық болмағанымен, тыңдаушыға айтайын деген ой толық жетіп, екі жақты түсінік орнайды.
Үнемдеу заңы жайында құнды пікірлерімен белгілі Б.Сағындықұлы метонимияны лексикадағы үнемдеу құбылысы қатарында қарастырады да, мынадай мысал келтіреді: «Жүйрік тоқтығын, жомарт жоқтығын білдірмес». Мұнда «ат, кісі» атаулары жəне екі рет қайталанатын «білдірмес» етістігінің біреуі қысқартылған. Бұл жерде мақалдың мазмұнына нұқсан келіп тұрған жоқ, қайта өткірлене түскен» - дейді.
Сонымен үнемдеу заңы – тіл атаулыға ортақ әмбебаптығымен, тіл деңгейлердің барлығын қамтитын жүйелілігімен, пайда болу себептерінің әр алуандығымен, тұрақтылыққа негізделетін нормалық сипатымен ерекшеленетін айырықша заң.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет