Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет30/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
М. Томановтың пікірінше, “өзара тең дәрежеде байланысқан сөйлемдер тобын салалас құрмалас дейміз” деген анықтаманың өзі дұрыс емес. Оған дәлел ретінде Іші пысып жүрген кезде жолықтым ба немесе білген кеңестерін білдіргісі келмеді ме, Жәкең үлкен әңгімелер қозғады сөйлемінің жоғарыдағы анықтама бойынша салалас құрмалас бола алмайтынын айтып, салаластардың “тұрақты принцип негізінде анықталмай жүргендігін” көрсетеді. Өзара тең байланысқан, бірақ интонация арқылы ұласқан сөйлемдерді салалас деп танитын болсақ, оған баяндауыш құрамында сұраулық шылауы бар немесе көсемше тұлғалы (-ып, -іп, -п) сөйлемдерді жатқызуға болмайтынын, өйткені мұндай сөйлемдердің құрамындағы алғашқы сөйлем соңғы сөйлемге бағынышты болатындығын айтады.
Сөйтіп қазақ тіл білімінде салалас, сабақтас құрмаластарды анықтауда екі түрлі ұстанымды негізге алу жөнінде пікірталас өрбіді: 1) компоненттердің мағыналық қатынасы; 2) компонент баяндауыштарының тұлғалық белгісі.
Негізінен үш және одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентгі сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар:
Көп компонентті салалас құрмалас;
Көп багыныңқылы сабақтас құрмалас;
Аралас құрмалас.
Көп құрамды салалас сөйлем — көпқұрамды құрмаластың бір түрі. Оның ерекшелігі: құрамындағы компоненттердің саны үш және одан да көп мелшерде болып келіп, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғаларға аяқталып тұрады Жүмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші одан да көп.
Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі казак тіліндегі көп компонентті салалас қүрмалас сөйлемдер» деген такырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы такырыпка катысты зерттеу еңбек жазды.
Көп құрамды салалас сөйлем компоненттерінің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктеріне қарай ашық құрылымды және тұйық құрылымды болып бөлінеді.
Ашық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компоненттері өзара бірыңғай мағыналық қатынаста және құрылымы жағынан да біртектес болып келеді, сондықтан компоненттерінің саны шексіз соза беруге болады (Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, балуан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады. Мақал).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет