Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет33/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу)— бір сөз ішінде немесе әртектес буыннан құралған сөздерде іргелес орналасқан дауысты және дауысссыз дыбыстардың, яғни үні мен салдыры әр түрлі фонемалардың, бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсатып айтылуы. Мысалы: жай, шай, шаш сиякты жуан буынды сөздердін сөйлеу тілінде жәй, шәй, шәш болып жіңішке айтылуы, олардын құрамындағы ж, и, ш тіл алды фонемалары тіл арты жуан а фонемасына ықпал етіп, оны тіл алды жіңішке дыбысқа өзгертіп, өздеріне бейімдеп түр;
аянкес, апаеке, атаеке сияқты әр тектес буынды сөздерде де тіл арты а фонемасына іргелес орналаскан й, н, к, с, п дауыссыздары және одан алшақ тұрған жіңішке е фонемасы әсер етіп, оны өздеріне бейімдеп, ол сөздердін жіңішке әйенкес, әпке, атеке сиякты сынарларын жасап тұр. Керісінше, Ботагөз, қарагым, керек екен, қара қазан сияқты сөздерде дауысты дыбыстар дауыссыздарға ықпал етіп, өздеріне бейімдеп тұр.
Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал.
ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес).
ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес).
б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер
в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңақорған Жаңағорған кім келді? кім гелді?
КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
1 Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет