Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет35/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Ғылымилық қағидасы. Білімнің ғылымилық қағидасының сапалық көрсеткіштеріне: а) білім мазмұны қазіргі ғылымның даму деңгейіне сәйкес болуы; ә) таным әдістерінің дұрыс екеніне оқушылардың сенімді болуы; б) таным процесінің маңызды заңдылықтарын оқушылардың ұғынуы жатады. Бұл мәселелер бір – бірімен тығыз байланыста болып, әрқайсысы алдыңғысының қажетті шарты болып есептеледі. Бірінші шарт бойынша материалдарды ғылыми тұрғыда баяндау талап етеді. Екінші шарт бойынша ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі. Үшінші шарт бойынша оқушыларда таным және оның заңдылықтары жөнінде білім қалыптастыру мақсат етіледі. Бұл қағида білім мазмұнын оңайлатып жіберуден, кейбір ғылыми заңдылықтарды бұрмалаудан, ұғымдарды ретсіз қолданудан сақтандырады.
Көрнекілік қағидасы. Нақты образдарға құрылған оқытуды айтады. Көрнекілік оқушының зат, құбылыс туралы түсінігін нақтылай түседі, бақылау қабілетін жетілдіріп, ақыл-ойын дамытады, оқу процесін қызғылықты етеді.
Тізбектілік және қайталау қағидасы. Бұл қағида белгіліден белгісізге, қарапайымнан күрделіге, білімнен іскерлікке бағытында жүзеге асады. Яғни, оңайдан қиынға қарай үйреніп, оны қайталау арқылы бекітеді.
Білімді меңгеру мен іс - әрекеттің саналылығы қағидасы. Дәстүрлі мағынада іс - әрекеттің саналылығы оқушының өз әрекеті мен орындаған жұмысын толық түсінуі. Яғни, оқушының білімді меңгеріп, оны шығармашылықпен қайта өңдеуі, біліміін практикада қолдануы негізінде жүзеге асырылады. Яғни, өзінің оқығанын тәжірибеде пайдалана алуы керек. Сол, себепті оқушылар білім мазмұнын ғана емес оның мағынасын терең ұғынуы тиіс.
Белсенділік және дербестік қағидасы. Белсенділік принципі оқушылардың әрекетінде әртүрлі көрініс табады. Мысалы, оқушылардың өз әрекетін бақылауы, дос-құрбыларының жұмысын бақылауы, алгоритмге өзгеріс енгізуі, өз алгоритмін құру әрекеті белсенділік қағидасына негізделген. Мұғалім оқушыларға тапсырма беріп компьютерге отырғызғанда, олардың белсенділігін арттыруды көздейді. Бұл жағдайда оқушылардың өздеріне сенімі артып, бір – бірімін сұхбаттасу арқылы өзара оқыту орын алады. Ал Дербестік мұғалімнің оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың өз бетіінше жұмыс істеуін қамтамасыз етуі арқылы жұзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет