Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Лебізді экспрессивті, эмоциялы құруға қатысатын лексикалық амалдарды атап, мысалдармен дәйектеңіз



бет37/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

69. Лебізді экспрессивті, эмоциялы құруға қатысатын лексикалық амалдарды атап, мысалдармен дәйектеңіз
Профессор Р. Әмір: «Лебізді айту әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын әрекет» – дейді. Ғалымның осы пікіріндегі лебіз термині «высказывание», «речь» деген сөздердің орнына қолданылған. Лебіз терминін алғаш қолданушылардың бірі А. Байтұрсынов: «Айтылған лебіздің ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктірмейтін болуы керек. Лебіз ашық мағыналы болуы үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болуы керек» деген пікір айтады. А. А. Тәсібекқызы «Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы» атты диссертациясында «высказывание» терминіне «айтылыс» атауын ұсынса, ал «речь» терминіне Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегінде «сөйлесім» атауын ұсынған.
Лебіз туралы сөз қозғалғанда, алдымен коммуникативтік талаптарға шолу жасалуы тиіс. Лебіз атауын синтаксистік мағынасына сай қолданған ғалым Р. Әмір болды. Ол лебізді тудыратын басты нәрсе сөйлеушінің мақсаты, яғни комуникативтік талап екенін атап көрсетеді. Коммуникативтік талап дегеніміз -сөйлеушінің қарым-қатынасқа түсуі әрі өз ойын анық жеткізу үшін қажет басты шарт. Адамдар арасындағы пікір алмасуда әуелі сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты бірінші орынға шығады. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеушінің тілдік қарым-қатынасы есебінен туындайтын көздеген мүддесі, алға қойған мақсаты.
Р. Әмір «Қазіргі қазақ тілі, құрмалас сөйлемдер жүйесі» атты еңбегінде коммуникативтік талаптарды бірінші және екінші дәрежелі деп бөледі. «Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:
а) ақпаратты жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады».
Жай сөйлемдердің тема мен ремаға жіктелісіне І немесе ІІ дәрежелі коммуникативтік талап негіз болады. І дәрежелі коммуникативтік талапқа ең алдымен оның хабарлы, сұраулы, бұйрықты етіп берілуі жатса, екіншіден, оның қарапайым логикаға құрылуы шарт. Себебі пікір уақыт пен кеңістіктегі іс-әрекет, іс-әрекеттің субъектісі, субъектінің атрибуты, іс-әрекеттің нысаны және пысықтауыштық өрістерді қамтиды. Бірақ адам әрдайым осындай ретпен сөйлей бермейді. Тілдесімнің мақсаты мен мазмұнының күрделенуіне қарай коммуникативтік талаптар да күрделенеді. Оларды Р. Әмір былай береді: «Құрмалас сөйлем құрамына мынандай екінші дәрежелі коммуникативтік талаптардың әсері байқалады. Олар:
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.
Адресатпен үндесіп отыру.
Лебізді экспрессивті етіп айту.
Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т. т.
Лебіздің эмоциялы, экспрессивті реңкте құрылуының әр түрлі жолдары бар. Экспрессивті құрмалас сөйлемдер әр түрлі сезімдерді оятады. Әлден ақытта құрық үстіне құрық жаудырып, ну жылқыны иіріп бетін түзеп, екі қырдың астына түсірдік-ау! Бұл мысалда компонеттердің құрамына демеулік шылау және лексикалық бірліктер арқылы экспрессивтік мән үстеліп тұр. Ызғындай ұрпақ, мол ырыстың ортасында отырып, айдалада жалғыз қалғандай, айналасы құлазып тұрса, мұның несі бақыт? Бұл аралас құрмалас сөйлемде екінші компонент шатты рай тұрғалы етістікпен келіп, үшінші компонент ретінде риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем қатысып, экспрессивті құрмалас сөйлем жасалған. Бізді іздеп әуре болма, бәрібір таба алмайсың! Бұл мысалдар экспрессивті құрмалас сөйлемдерді танып, олардың құрылысын жіктеп көрсетуге негіз болатын деректер ғана. Коммуникацияда экспрессивтік сипаттағы құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдары, олардың берілу сипаты өте ауқымды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет