Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар



бет34/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар:
а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет
ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: ашшы асшы колхошшы колхозшы
б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы тұз сал тұс сал, жазса жасса, бозжігіт божжігіт
ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
Тіл мәдениетінде бұл ықпалдар сақталуы тиіс. Яғни, орфоэпиялық нормаға сай айтылып, орфографиялық нормаға сай жазылса, тіл мәдениетіне оң әсерін береді. Қазақ тілінің үйлесімділігі, әуездлігі сақталады.
68. Оқытудың дидактикалық қағидалары және қазақ тілін оқытудың жеке қағидаларын сипаттаңыз
Дидактикалық принцип - оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида ,оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесі, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады. Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламмасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Дидактикалық принцип оқыту мақсаты мен оқушының танымдық іс - әрекетін тығыз байланыста қарастырады. Оқушының танымдық іс - әрекеті қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды сезімдік қабылдаудан басталады. Дидактикалық принципті алғаш қы зерттегендер: чехтың ұлы педагогы Я.А.Коменскийден басталса, орыс педагогы К.Д.Ушинский, қазақ халқында Ы.Алтынсарин құнды пікір айтты. Одақ кеңес кезінде педагог ғалымдар әр түрлі принциптерді ұсынады. Мысалы, Н.А.Сорокин оқыту принциптерінің 8 түрін тұжырымдар көрсетсе, М.А.Данилов (Дидакитка средней школы, 1975) 7 түріне, Т.А.Ильина (Педагогика) 7 түріне, Ю.К.Бабанский (Педагогика, 1977) оқыту принциптерінің 13 түріне тоқталады. Бұл салыстырулардан байқайтынымыз - өмір талабына сәйкес өзгеріп отыратын, зерттеуді қажет ете беретін ғылым.
Дидактикада оқу пәнін оқытуға қойылатын біріңғай талаптар жиынтығы дидактикалық қағидалар тағайындалған. Бұл принциптер оқыту заңдылықтарына негізделген. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет