Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Бейнелі тұрақты тіркестердің, қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің прагмастилистикасын түсіндіріңіз



бет49/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org
(Қ) өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, (Қ) ортаның магниттік өтімділігі.пара,диа,ферромагниттік заттар, КОМБИНАЦИЯ ПРОФИЛЬНЫХ ПРЕДМЕТОВ, Айтыс өнері ҚМЖ, Абдуллина Оку куралы Мифтик фольклор, СРС-2 ББ
75. Бейнелі тұрақты тіркестердің, қанатты сөздердің, мақал-мәтелдердің прагмастилистикасын түсіндіріңіз.
Прагмастилистика дегеніміз – жоғары қабілетті тұлға сөз шығармашылығын, тілдің сөйлесім тәжірибесін социум өмірінің заңдарымен байланыстыра отырып, адамның әлемді қабылдау ерекшеліктерін когнитивтік базасын, ұлттық-мәдени стреотипі және дәстүрін стилистикалық амал-тәсілдер арқылы үйретуді қарастырады.
Фразеологизм,тұрақты тіркестер — екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен Фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизм бірлік , фразеологизм тіркес, фразеологизм орам, тұлға, сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына түтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жүмсалатын еркін сез тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп —ұялу, итарқасы қиянда — қашық, алыс жер.
Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар түтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу, арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз — лексикалық мағына, номинативті атау болса, Фразеологизмдер — мағына тұтастығы мен сөзбен бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдерге тән басты белгі — туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы-экспрессивті реңк бар. Сондықтан, сөз дегенді көптеген зерттеушілер "бүтін бітімді", ал Фразеологизмді "бөлек бітімді" деп есептейді.
Тұрақты тіркес тізбесіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады. Құрамындағы сөздер (кейде компоненттер өзара мағыналас, мәндес сөздермен алмастырылып, варианттылыққа ұшырайды демі сөну/біту/таусылу) басқа сөзбен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын тәртібін ішінара өзгертуге келмейді, сөздердің орын тәртібі нық келеді. Мысалы, пендешілік жасау дегеннің орнына адамшылық жасау десе, мағына бүтіндей өзгереді. Немесе бүйрегі бүлк етпеу дегеннің орнына жүрегі бүлк етпеу,есе, мағына тұтастығы онша бузылмағанымен, стильдік жағы солғындап, дыбыс үйлесімі кемиді, тіркес тұрақтылығына нуқсан келеді.
Фразеологизмдерге тән басты белгі — туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы:
Дымы құрыды: а) діңкеледі, шаршады, ә) лажы қалмады, не істерін білмеді.
Ат үсті: а) жол-жәнекей, жолшыбай, ә) жеңіл-желпі, үстіртін.
Жүзіктің көзінен әткендей: а) сұлу, әдемі, мүсінді, ә) еті тірі пысық, жылпос.
Аузымен құс тістеген: а) жүйрік, ұшқыр, ә) сезге шешен, ділмар адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет