Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет57/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Лингвистикалық фактор. Үнемдеу заңын тудырушы факторлардың ішіндегі ең өнімдісі де осы – лингвистикалық фактор. Тілдің әр саласына қатысты көрінетін үнемдеу заңы фонетикада, лексикада, морфонологияда, морфологияда және синтаксисте көп байқалады. Осы тіл деңгейлеріндегі көріністер лингвистикалық фактор аясында қарастырылады.

Үнемдеудің табиғаты күрделі болғандықтан, қазақ тіл білімінде ғалымдар өз зерттеулерінде тіл салаларының əр қырынан сөз еткен.


Қазақ лингвистерінің бір қатары, атап айтсақ, С. Аманжолов, М. Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, М. Томанов, А. Ысқақов, А. Айғабылов, Б. Сағындықұлы, К.Аханов, С. Мырзабектен, Р. Əмір, Ғ. Қалиев үнемдеу заңы əсерінен пайда болған өзгерістер туралы жазған құнды пікірлермен белгілі. Сөйлем мүшелерінің қызметінің жеңілдеуі мақсатында дыбыстардың түсіріліп айтылуы, яғни фонетикада үнемдеу құбылысы тілдің басқа салаларына қарағанда кеңінен зерттелді.
Фонетиканы зерттеген С. Мырзабектен «дыбыстық үнем сөздің құрамындағы жеке буын, дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады, басқаша айтқанда, сөзді ықшамдау деген сөз» дейді. Фонетикадағы үнемдеу құбылысын редукция, элизия, апакопа, синкопа, гаплология, т.б сияқты құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Редукцияның үнемдеу заңына қатыс дəрежесін қарастырып көрелік. Белгілі фонетист ғалым С. Мырзабектенің «Қазақ тілі фонетикасы» деген оқулығында: «Редукция бұл дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі», деген анықтама береді. Мысалы, бара алмады тіркесін айтылуда баралмады деп қысқартып қолданамыз.
Ғалым Б. Қалиев дауысты дыбыстардың түсіп қалу себептерін зерттегенде, барлық пікірлерді ескеріп, дауыстылардың үнемделуінің табиғатын толық ашуға тырысқан. Ғалым өзінің «Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың редукциясы» атты еңбегінде қысаң дауыстылардың түсіп қалу жағдайының түрлерін саралап көрсетеді. Олар: 1) қысаң дауыстылардың өз сапасы, 2) көршілес дауыссыздардың əсері, 3) екпінсіздік, 4) сөздердің морфологиялық түрленуі (дауысты дыбыстан басталатын қосымшаның жалғануы), 5) түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жəне олардың қолданылу жиілігі.
Фонетикадағы үнемдеу жайын сөз еткенде морфонологияны зерттеген ғалым А. Айғабылұлының көңілге қонымды пікірлерінен айналып өту мүмкін емес. Ғалым былай дейді «...редукцияны екпінмен байланыстырушылар екпінсіз буынның редукцияланбайтынын жұмбақ ретінде атап отырды. Шындығына келгенде, егер екпіннің бары рас болса, ол қазақ тілінде сөздің соңғы буынында тұрса, дауыссыздан басталған қосымша жалғанғанда да, буынды жылжытып, екпінсіз буындағы дауысты редукцияланса керек еді» дей келіп, редукциялануға қолайлы жағдай туғызатын буын үлгісін былай көрсетеді: Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс редукциясының себебін түсіну үшін үш мəселені атап көрсетеді: 1) буындардың сөзде қатарласа ашық түрде келуі (са-ғы-ну – сағну); 2) түсіріп айтылатын дауысты дыбыстың алды-артындағы дауыссыздардың өзара тіркесу мүмкіндігі 3) дауысты дыбыс редукциясының мағынаға нұқсан келтірмейтіндігі
Апакопа – сөз соңындағы дыбыстың түсіріліп қолдануы. Ғалым Б. Сағындықұлы сары сөзінің алғашқы формасы сарығ болғанын, яғни тілдің даму барысында ғ дыбысы түсіп қалып қолданысқа енгенін айтқан. Сол сияқты «Ұлық болсаң, кішік бол» мақалындағы ұлық, кішік сөздері қазірде соңғы дыбыстарынсыз айтылып кеткен. Тілдік үнем лингвистикалық өзгерістердің негізгі қозғаушы күші ретінде қарастырылады да, коммуникация қажеттілігіне орай ерекше сəтті үйлесім табатын, қолдануға ыңғайлы сөздерді енгізеді. Соның бір жемісі деп гаплологияны айта аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет