Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абай шығармаларының орны туралы баяндаңыз



бет55/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

78. Қазақтың ұлттық жазба әдеби тілін қалыптастырудағы Абай шығармаларының орны туралы баяндаңыз.
Абайдың қазақ әдеби тілінің даму тарихындағы орны жайындағы М.Әуезовтің бір пікіріне көңіл аудартуға тура келеді. Кейбір лингвист ғалымдардың Абай тілі туралы 50-жылдарда айтқан сөздерінде «қазақтың әдеби тілі Абайдан басталады» деген тұжырым болды. Шындығында қазақтың жалпы әдеби тілі, жазба әдеби тілі, қазіргі әдеби тілі дегендер барлығы бір категория емес. Егер Абай қазіргі жазба әдеби тіліміздің негізін қалаушы десек, ол түсінік қазақтың жалпы әдеби тілі Абайдан ғана басталады дегенмен бара-бар ұғым болып шықпайды. Білімдар М. Әуезов бірден осыны қатты аңғартады. Қазақта Абайға дейін де ғасырлар бойы әдеби тілі бар болып келгенін жоққа шығаруға болмайтынын баса айтады. Ол тіл — ауызша шешендік пен ақын-жыраулар туғызған поэзия тілі екенін де зерттеуші ашып айтады. «Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы, шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма? Бұхар, Махамбеттерде әдеби тілдің үлгі-өрнектері жоқ деуге бола ма?»8— дейді. Бұл жерде М. Әуезов Бұхар, Махамбеттерді атау арқылы қыруар өзге ақын-жыраулардың туындылары да әдеби тілді танытатып үлгілер екенін білдіреді.
Осы жерде Абайдың өзіне дейінгі немесе өзімен тұстас қазақ ақындарының тілі жөніндегі көзқарасын білдіреді деген бір ауыз өлеңі жайындағы талас пікірлерді көрсете кету өте қажет. Ол – Абайдың:
Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау,
Өлеңі бірі — жамау, бірі — құрау.
Әттең, дүние-ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде-ақ көрінеу тұр-ау!-
деген өлеңі. Бұдан Абайдың Шортанбай, Дулат, Бұхар жырларын естіп, танып, жаттап, тіпті тамашалап өскенін сезуге болады.
Қазақ өлеңі бұрын білмеген теңеудің, эпитеттің, метафораның жаңа түрлерін Абай поэзиясында ғана кездестіргенімізбен, олардың қолданылу принциптері мен жасалу техникасы Абайға дейінгі қазақ өлеңіне де тән болатын. Бірақ осылардың барлығын жетілдіру, түрлендіру, кеңейту, оларға жаңа сапалық белгілер қосу – ұлы ақынның тіл дамуында айрықша қызмет еткен каламгердің еңбегі. Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған жөн:
І) поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық (творчестволық) контекст дегеннің Абайда айқын көрінуі;
ІІ) өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер;

ІІІ) айқындық пен дәлдік;


ІV) фразеология саласындағы жаңалықтар мен өзгерістер;
V) жеке сөздерді тандап, талғап жұмсау, оларды поэтизмге айналдыру;
VІ) өлеңнің синтаксистік-композициялық құрылысына енген өзгерістер.
Абайдың өз қолтаңбасын сипаттайтын мынадай тілдік фактілерді көрсетуге болады:

І
1) Абай қаламына бір ұғымды (объектіні) әр алуан тұрғыдан айқындау, ол үшін дәстүрлі эпитеттерді де, жаңаларын да пайдалану тән. Мысалы, ет жүрек, жау жүрек, ит жүрек, ыстық жүрек, ауру жүрек дегендерінде кәнігі тұрақты эпитеттерді жұмсаса, асау жүрек, асыл жүрек, сұм жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, үрпейген жүрек, қырық жамау жүрек дегендерінде жаңа белгілерді, тосын эпитеттерді келтіреді. Абай тіліндегі тың эпитеттер – бір жағынан, ауы­спалы мағынада келтірілген образды сөздер. Мысалы, сүтпен енген надандық, аума-төкпе заман, қырмызы қызыл жібек бозбала, нұрлы сөз, нұрлы ақыл.


2) Абайдың өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің және бірі – экспрессивтік бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, өз заманда­стары – болыс пен пысықтар бар ма, «әсемсіп, сәнсіген» кер­без, керімдер бар ма, «бойы былғаң, сөзі жылмаң» ауылдаста­ры бар ма, «салақ, олақ» «Масақбайдың қатындары» бар ма – осылардың баршасының образын дәл, әсерлі етіп беру үшін жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және бір ерекшелігі – оларды көбінесе өткен шақ көсемше тұлғасында пайдаланады.
3) Кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдерді жандандырып,жиі қолдануы да, біздің байқауымызша, Абайдың өз қолтаң-басын танытатын белгілердің бірі бола алады. Мысалы, оның өлеңдерінде кісімсу, батырсу, еркесу тәрізді -сы жұрнағы арқылы жасалған сөздер көзге түседі.
ІІ
Суреттеме тәсілдің бір түріне көзге елестетіп берілген об­раздар жатады. Мысалы, аңға салған құс пен одан қашқан түлкінің суретін көзге елестетіп беру үшін ақынға қайқаң қағу, сылаң ету, аузын ашып қоқақтау, құйрық-қанат суыл­дау сияқты сөздер қажет болған. Сол сияқты наданның намаз оқыған кездегі суретін көзге елестету үшін құржың-құржың ету, тоңқаңдау деген тіпті тұрпайы сөздерді алған. Әрине, Абай қазақ поэзиясына тұрмыс-салт лексикасын молынан енгізгенде, олардың барлығы тек нақты сурет үшін ғана қолданылған деуге болмайды. Оларды әр алуан поэтикалық құрал ретінде жұмсауды Абай әрі қарай дамытады. Мысалы, қырмызы қызыл жібек, оңғақ бұл сөздерінің тура мағынасы – тұрмысқа қажетті бұйым-матаның атын білдіру, ал ақын оларды теңеу үшін пайдаланған: Қырмызы қызыл жібек бозбалалар, Оңғақ бұлдай былғайды бір дым тисе.
ІІІ
Үшінші. Абай поэзиясының тіліне айқындық пен дәлдік тән. Дәлдік үшін өмір шындығына сай образдарды алу – басты шарт. Сондықтан Абай қолданған образдардың басым бір тобы – қазақ халқының көп ғасырлық күн көріс тіршілігінің негізі – малға байланысты болып келетіндігін көреміз. Еңбексіз күнкөрісті жөн көретін замандастарының жағымсыз портретін беруде: «Үш күн қолың босаса, Бола қалдың бас асау» немесе: «Ұрлық пенен қулыққа Байлағанда кестің бау» деп келтірген образдары – жылқыға қатысты. Болыстың: «Күштілерім сөзайтса, Бас изеймін шыбындап» деуі, «алқыны күшті асау-лардың ноқтаға басы керілуі» –осылардың баршасы мал өсіру тіршілігінен алынған. Абай өлеңдерінде күлкіні мәліш саудаға, алыс-берісті асық ұтысқа, бозбаланы оңғақ бұлғажапырағынан айрылған ағаш-қурайды қайыршы кемпір-шалға баласа, мұндағы мәліш сауда, асық ұтыс, оңғақ бұл, қайыршы кемпір-шал – барлығы да өз тұсындағы қазақ тіршілігіне өте таныс нәрселер.
ІV
Қазақ поэзиясы тілінің даму барысында Абай енгізген өзгеріс-жаңалықтардың ең бастысы фразеология са­ласында болды. Ғасырлар бойы белгілі бір образды ұғымда қалыптасып, поэтизмге айналған фразеологиялық тіркестер қазақ ақын-жырауларының бірден-бір мықты құралы болып келді. Бұл амалды Абай да берік ұстайды. Аузымен орақ ору, құлынтайдай айқасу, алты бақан ала ауыз болу, малына шылбыр беру, басқа шауып төске өрлеу, қарағайды талға жалғау тәрізді өте образды тұрақты тіркестерді Абай да еркін пайдаланады.
V
Өлеңге қатыстырылатын жеке сөздерді талдауда Абай ұсынған және бір амал – сөздік пен шығарма стилінің сәйкестендірілуі. Ирония, сарказм мәнерінде жазылған өлеңдерінде мыс-қылдау, келекелеу бояуы күшті етістіктердің шоғырланып келтірілуі, құржаң-құржаң ету, тоңқаңдау сияқты «карти­налы» сөздердің де қолданылуы – тағы да Абайдың шығарма стилі мен тілінің үйлесімін сақтағанын танытады. Өз тұсындағы болыс, пысықтардың жағымсыз портретін бер­генде ұйқасқа далпылдап, жалпылдап, барқылдап... деген сияқты түбірі еліктеуіш болып келетін образды сөздерді ала­ды.

Абай қазақ өлеңінің құрылысына да бұрын-соңды болып көрмеген жаңалықтар енгізіп, бұл ретте де қазақ поэзиясын жоғары сатыдағы жазба әдебиет қатарына қосты. Абай, ең алдымен, өлеңнің ұйқас түрлерін көбейтіп, құбылтты. Оның ішінде абаб суретті шалыс ұйқас пен 6, 7, 8, 14 тармақты жаңа шумақтардың ұйқас фигурасы – қазақ по­эзиясында бұрын болмаған мүлде тың дүниелер. Соңдай-ақ Абай өлеңнің жаңа өлшемдерін енгізді, әсіресе аралас буынды тармақтардың өлшемі қазақ поэзиясында соны түр болды.
Өлеңді шумақтау саласында да Абай көп жаңалық қосты. Абай өлеңдері арқылы қазақ поэзиясында бірнеше түрлі шумақтар пайда болды. Бұрынғы 11 буынды 4 тармақты шумақпен қатар, 8 тармақты («Сегізаяқ»), 6 тармақты («Ғашықтық іздеп тантыма», «Кешегі Оспан»), 14 тармақты («Сен мені не етесің?», «Ата-анаға көз қуаныш», «Қатыны мен Масақбай») шумақтық (строфикалық) құрылымдарды ұсынды. Қорыта келгенде, Абай қазақ өлеңінің құрылысына барлық жағынан өзгеріс-жаңалықтар қосты деуге болады, осы арқылы ол қазақ өлеңін жоғары дәрежелі жазба поэзия деңгейіне көтерді.
М. Әуезов Абайдың қазақ әдеби тілінің даму жолындағы орнын көрсете келіп, екі ерекшелігін атайды, бірі — «қазақтың халықтық, салттық және өзінен бұрынғы ауыз әдебиетіне көрік берген мол, шебер сөздік қорынан пайдаланып, халықтың әдебиеттік тілін қалай жасаудың жолын көрсетуі», екіншісі — «қазақ қоғамы ортасында Абай заманында кіре бастаған жаргондық сипаттағы кітаби шұбар тілден іргесін ашып алуы, одан бас тартуы»11— дейді. Сонымен, М. Әуезов Абайдың тілі туралы барлық айтқан ой-пікірін: «Абай — әдеби тілді бастаушы ғана емес, өзінен бұрынғы әдебиет тілін халықтық әдебиет тілі сапасында өсіре, байыта, сұрыптай түскен классик деп білеміз» — деп түйеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет