Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Лебізді толымсыз сөйлеммен жеткізудегі коммуникативтік мақсат жайлы түсіндіріңіз



бет54/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

77. Лебізді толымсыз сөйлеммен жеткізудегі коммуникативтік мақсат жайлы түсіндіріңіз.
Профессор Р. Әмір: «Лебізді айту әрқашан коммуникативтік талаптармен орындалатын әрекет» – дейді. Ғалымның осы пікіріндегі лебіз термині «высказывание», «речь» деген сөздердің орнына қолданылған. Лебіз терминін алғаш қолданушылардың бірі А. Байтұрсынов: «Айтылған лебіздің ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктірмейтін болуы керек. Лебіз ашық мағыналы болуы үшін айтушы айтатын нәрсесін анық танитын болуы керек» деген пікір айтады. А. А. Тәсібекқызы «Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы» атты диссертациясында «высказывание» терминіне «айтылыс» атауын ұсынса, ал «речь» терминіне Ф.Оразбаева «Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі» атты еңбегінде «сөйлесім» атауын ұсынған.
Лебіз туралы сөз қозғалғанда, алдымен коммуникативтік талаптарға шолу жасалуы тиіс. Лебіз атауын синтаксистік мағынасына сай қолданған ғалым Р. Әмір болды. Ол лебізді тудыратын басты нәрсе сөйлеушінің мақсаты, яғни комуникативтік талап екенін атап көрсетеді. Коммуникативтік талап дегеніміз -сөйлеушінің қарым-қатынасқа түсуі әрі өз ойын анық жеткізу үшін қажет басты шарт. Адамдар арасындағы пікір алмасуда әуелі сөйлеушінің коммуникативтік мақсаты бірінші орынға шығады. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеушінің тілдік қарым-қатынасы есебінен туындайтын көздеген мүддесі, алға қойған мақсаты.
Р. Әмір «Қазіргі қазақ тілі, құрмалас сөйлемдер жүйесі» атты еңбегінде коммуникативтік талаптарды бірінші және екінші дәрежелі деп бөледі. «Коммуникативтік талаптың ең қарапайым көрінісі мына түрде көрінеді:
а) ақпаратты жеткізу – хабарлы сөйлем арқылы іске асады;
ә) сұрау, сұрақ қою – сұраулы сөйлемдер арқылы орындалады;
б) біреуді жұмсау, бұйыру – бұйрықты сөйлемдер арқылы іске асады».
Жай сөйлемдердің тема мен ремаға жіктелісіне І немесе ІІ дәрежелі коммуникативтік талап негіз болады. І дәрежелі коммуникативтік талапқа ең алдымен оның хабарлы, сұраулы, бұйрықты етіп берілуі жатса, екіншіден, оның қарапайым логикаға құрылуы шарт. Себебі пікір уақыт пен кеңістіктегі іс-әрекет, іс-әрекеттің субъектісі, субъектінің атрибуты, іс-әрекеттің нысаны және пысықтауыштық өрістерді қамтиды. Бірақ адам әрдайым осындай ретпен сөйлей бермейді. Тілдесімнің мақсаты мен мазмұнының күрделенуіне қарай коммуникативтік талаптар да күрделенеді. Оларды Р. Әмір былай береді: «Құрмалас сөйлем құрамына мынандай екінші дәрежелі коммуникативтік талаптардың әсері байқалады. Олар:
Лебізді үнемді етіп құру.
Лебізді түрлендіріп, ажарлап айту.
Адресатпен үндесіп отыру.
Лебізді экспрессивті етіп айту.
Лебіздегі актуалды құрамын ерекшелеп айту, т. т.
Толымсыз сөйлемдердің толымсыздығы бас мүшесінің ғана емес, кез келген мүшесінің түсірілуінен де көрінеді, сондай-ақ сөйлем мүшесінің түсірілуі контекске, жағдаятқа жəне стильдік мақсаттарға байланысты болады. Толымсыз сөйлемдер тілде өзіндік ерекше қызмет атқарады. Сөйлемнің толымсыз түрде жұмсалуы оның грамматикалық белсенділігін төмендетпейді, сондай-ақ кемшілігі бар сөйлем деуге де мүмкіндік бермейді. Толымсыз сөйлемдер кез келген жағдайда толыққанды сөйлем ретінде керекті хабарды үнемді əрі дəл жеткізіп жəне өздерінің коммуникативтік қызметін еш толықтырусыз, түсіп қалған мүшелерін қалпына келтірмей-ақ атқара береді.
Сөйлем толымсыздығын анықтау факторлары жайлы А.М.Пешковский мынадай екі факторды атап көрсетеді: сөйлеу сəтіндегі сөздердің өзара байланысы, яғни контекстің болуы; сөйлеу əрекетінде сөздердің басқа нақты көріністермен алмастырылуы.
Мəтін де, контекст те толымсыз сөйлемдермен тығыз байланысты ұғымдар. З.Будагова мəтін рөлі туралы: «Толымсыз сөйлемдердің мағыналық құрылымдық аяқталғандығын мəтіннен көруге болады. Ол мəтінсіз өмір сүре алмайды», — деген пікір айтады.
Əдетте, контекстуалды толымсыз сөйлемдер мағыналық жақтан «ақаулы» болып келеді де, өзінің семантикалық дербестігін жояды. Толымсыз сөйлемдерді айтқанда біз контекст мəселесіне соқпай кете алмаймыз. Себебі толымсыз сөйлемдердің түсірілген сөйлем мүшесі не мүшелері контекст арқылы қалпына келтіріліп, түсінікті бола алады. Контекст мəселесі — қазақ тіл біліміндегі көкейкесті мəселенің бірі. Олай деуге себеп, контекстің тілдің қай деңгейінде болмасын қатысы бар. Тіпті, синтаксистің басты нысаны болып табылатын сөйлемнің шын сипаты да контекст арқылы ғана айқындалады.
Профессор Н. Сауранбаевтың педучилищеге арналған оқулығында толымды сөйлем деп бастауышы мен баяндауышы, кейде толықтауышы түгел айтылған сөйлемді айтады да, толымсыз сөйлем деп сол аталған тұрлаулы мүшелер мен толықтауыш қатыспай тұрған сөйлемді айтады. Тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінің біреуі не екеуі контекске байланысты түсіп қалып, оның түсіп қалғандығын көрші тұрған сөйлемге қарап білуге болатын жай сөйлемнің түрін толымсыз сөйлем дейміз.
Толымсыз сөйлемдердің құрамы толық болмағанымен, тыңдаушыға айтайын деген ой толық жетіп, екі жақты түсінік орнайды. М.Балақаев: «Ойға қатысты мүшелері толық айтылған сөйлем толымды болады да, ойға қатысты мүшелері түгел айтылмаған олқы сөйлемдер толымсыз болады», деп жазады.
Синтаксистік ықшамдалуларды психолингвистикалық аспектіде қарастырған Ж.Баймұрыновтың зерттеуінде кезкелген синтаксистік үнемдеудің лайықты факторлары болатынын ескерте келіп, адамның көңіл-күйінің, эмоциясының сөйлеу əрекетіндегі үнемдеуге əсеріне психолингвистикалық жақтан толық талдау жүргізеді, «тағатталған сөйлемдер», «сөз жұту» терминдерінің мəнін кеңінен ашып түсіндіреді. Қысқарған сөз бастауыш па, анықтауыш па, əлде толықтауыш па, мəселе онда емес, мəселе сөйлемді ықшамдап айтуға, жеңіл əрі түсінікті жеткізуге тырысушылықта. Синтаксистегі осындай үнемдеу заңдылығы толық бір хабарды саны жағынан шектеулі сөздер арқылы беру қабілетімен ерекшеленеді. Зерттеуші-ғалымдардың пікірінше, қарым-қатынас құралы ретінде үнемі толымды сөйлемдерді қолдану бос шұбалаңқылыққа, сөйлеу мәдениетінің бұзылуына әкеп соғады. Атың кім? Жангүл. Сенің атың кім? Менің атым – Жангүл деп толымды түрінде келтіруге болады. Бірақ лебізді білдіруде толымсыз сөйлемдер ойды анық әрі дәл жеткізіліп, актив қолданылады.
Қорыта келгенде, толымсыз сөйлемдер толымды сөйлемдерге қарағанда тілімізде жиі қолданысқа ие, əрі ойды қысқа, тұжырымды, нақты жеткізу ерекшеліктерін көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет