Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Сөз мағынасының тарылуын түсіндіріңіз



бет62/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

81 Сөз мағынасының тарылуын түсіндіріңіз
Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі.
Сөздің мағынасы әрқашан бірқалыпта тұрмайды. Тіл жүйесінің ішкі заңдылықтары және одан тыс ақиқат өмірдегі мәдени-тарихи, санадағы психологиялық өзгерістер сөздің лексикалық мағынасының мазмұнына әсер етіп отырады. Лексика дамуындағы тарихи кезеңдерде сөз мағынасы кеңейіп, тарылып, не жаңарып-жаңғырып, не қолданыстан шығып қалып отырады
Сөз мағынасының тарылуы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді. Мысалы; көне түркі тілінде тары- тек «дәнді дақылдардың бір түрін емес», егін, астық, атаулыны білдірген. Тон тек «қой терісінен тігілген киімді» ғана емес, жалпы киім атаулыны білдірген. Қол-адамның дене мүшесі ұғымымен бірге, тарихи «әскер, жасақ» ұғымында да қолданылған. Қарындас – көне түркі тілінде, ежелгі қазақ тілінде , қазіргі кейбір түркі тілдерінде : «туысқан, бір тектес адамдар» мәнін білдірсе, қазіргі қазақ тілінде «бірге туған кіші қыздың ағасына туыстық қатынасың болмаса», «жасы үлкен ер адамның әйел балаға айтылатын сөзін» білдіріп, мағынасы тарылған. Бірқатар сөздердің қолданылу өрісі, мағынасы тарылғаны соншалық, олар тек бірен –саран фразеологиялық тіркестерде ғана сақталып қалған; міз бақпау, түлен түрту, қаншырдай қату, мұрны қолақпандай т.б.
Олай болса, ұғымның дәлденіп жіктелуіне байланысты мағынаның дерексіздіктен нақтылыққа, жалпылықтан жалқылыққа ауысуы сөз мағынасының тарылуы дейміз Р.Барлыбаев сөз мағынасы тарылуының мынадай жолдарын көрсетеді:
1. Сөз мағынасының дәстүрлі тілдік жолдармен тарылуы. Мысалы: Киік – «барлық жабайы аң» мағынасында қолданылып, қазір бұл сөздің мағынасы нақтыланып «айыр тұяқты, ешкі тұқымдас жабайы аң» деген мағынада жұмсалады. Осы сөздің негізінде туған киікоты (киік жейтін, иісті шөп), кісікиік (жалғыз жүретін адам), киіктің асығындай (кішкентай да сүйкімді,пысық, ширақ), киіктің лағындай, киіктің матауындай т.б. қазіргі тілдік қолданыста бар сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет