Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Салыстырмалы және теңдік, идентивтік қатынасты білдіретін сөйлемдер: жасалуы, қызметі. Ғалымдардың осы сөйлемдерді топтастырудағы ерекшеліктерін атаңыз



бет64/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

82 Салыстырмалы және теңдік, идентивтік қатынасты білдіретін сөйлемдер: жасалуы, қызметі. Ғалымдардың осы сөйлемдерді топтастырудағы ерекшеліктерін атаңыз.
Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.
Салыстырмалы компоненттерінде баяндалатын іс-әрекет,жай-күйбір-біріне салғастыру, теңдестіру түрінде айтылатын сабақтас сөйлемнің қазақ тілінде де барлығы құрмалас сөйлемге қатысты алғашқы зерттеулерден, А.Байтұрсынұлы «Тіл кұралынан» бері қарай сөз болып келеді. А.Байтұрсынұлы еңбегінде салыстырмалық мәні бар сабақтас сөйлем «сын пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас» деп аталған да оған «Қалай бақсаң, атың солай жүрмек» деген мысал келтірілген. Дәл осыған ұқсас сабақтас сөйлемді (Сабыр қалай жүрсе, Мәмет те солай жүреді) 1936 жылы жасалған «Қазақ тілінің программасында» Қ.Жұбанов «шақтас бағыныңқы» деп атаған. «Салыстырмалы сабақтас» деген атау алғаш рет 1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаев жазған оқулықта қолданылған. Бұл автордың пікірінше, аталған сабақтас сөйлем екі түрлі жолмен жасалады:
а) бағыныңқы сөйлемі -дай, -дей жұрнақты есімшеге және
ә) сияқты шылауына тіркесе айтылған есімшеге аяқталады.
Құрмалас сөйлем синтаксисін арнайы зерттеген Н.Сауранбаев еңбектерінде -дай, дейжұрнақты есімшенің дәнекерлігі арқылы жасалатын сабақтас сөйлем поэзияда қолданылса, салыстырмалы сабақтасқа, прозада амал пысықтауыш бағыныңқылы сабақтасқа жатқызылған. Мысалы:
Исі мұрын жарғандай,
Қоңырсып киіз жанғандай,
Жігіттер көзге жас алды -
деген салыстырмалы сабақтас, ал Біреу ар жағында аузына сөз салып тұрғандай, бала іркілмей сөйлей берді -деген амал бағыныңқылы сабақтас болады дейді.
Сөйтіп «салыстырмалы сабақтас» деген атау кейбір зерттеушілер еңбегінде кездескенімен, оның жасалу жолдары дұрыс ашылмай, бірде салыстырмалы десе, енді бірде «сын пысықтауыш немесе амал пысықтауыш бағыныңқы» деп түрлі-түрлі түсіндірілген. Тіл фактілеріне қарағанда, құрмалас сөйлемде компоненттер мағыналары бір-біріне салысырыла, ұқсастырыла, теңдестіріле айтылатьш сабақтас сөйлемнің барлығын және оның амал бағыныңқылы. сабақтастан өзгеше екендігін байқаймыз. Мысалы: Кең бөлменің ауасы жетпегендей, оның демі тарылып кетті. Бұл сөйлемде біреудің тынысының тарылуы ауа жетпеген адамның демінің тарылуымен салыстырылған. Осылар тәріздес, компонентерінде баяндалатын әрекет, оқиға, жай-күй бір-біріне салыстырыла, теңдестіріле көрсетілетін сабақтас құрмалас сөйлемдер салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп аталады. Салыстырма бағыныңқылы сабақтас сөйлемдерде, негізіндё, соңғы тиянақты компонентте баяндалған жай-күй, әрекет алдыңғы бағыныңқы компоненттегі жай-күймен, әрекетпен салыстырылады. Мысалы: Сіздің үйдегі Сәду ағай маған қандай жақын болса, Қелдібай да сондай бауырым еді. Басқалар қандай қуанса, ол да сондай қуанған еді. Бөлекбастың жүрісі қандай паң болса, сөзі сондай паң.
Теңдік қатынас. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер құрамындағы компоненттерде теңдік мөлшерін көрсетіп селбес мағыналы сөздер қатыстырады: … қалай…, …. солай…, ….қанша, … сонша…, … қандай, … сондай… тағы бір құрылымдық белгісі – компоненттердің баяндауыштары бірыңғай шақтық формада болады. Соқаны қалай алды, солай қайтарды. Сіздің үйдегі мәшке маған қандай жақын, Іскендір де сондай бауырым. Қанша бердім, сонша қайтарды.
Аталған конструкциялар субъектілер қатынасқан істің, процестің тең мөлшерде санда, сипатта болғанын, болатынын хабарлайды. Теңдік қатынасты білдіретін іргелес салалас сөйлемдер сабақтас құрмалас сөйлемдер жүйесіндегі функциялас конструкциялармен қатар жұмсалады: Соқаны қалай алды, солай апарып қойды – Соқаны қалай алса, солай апарып қойды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет