Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер



бет99/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Синтаксистік тәсіл. Мәселен, кейбір сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар секілді сөздердің тіркесулерінен де көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра киім, әлденеше кісі, көп қағаз т.б.
Морфологиялық тәсіл. көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге –қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. ұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі –ымыз –ым және –ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.
Ал бұл қосымшаға қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік мағынада қолданылады.
Дегенмен бұл аталған көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар қайсыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосымшасы көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары. Негізінен, әрине, көптік жалғауы –лар формасы қалғандары оның варианттары болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм заңына байланысты.
Көптік жалғаудың (-лар) қолданылатын негізгі грамматикалық ерекшелігі төмендегіше:
1. Көптік жалғау негізінен түбірден соң жалғанады: бала+лар, студент+тер т.б.
2. Егер сөйлем құрамындағы бірыңғай мүшелерге жалғанса әр мүшеден соң немесе стильдік мақсатта соңғы мүшеге жалғануы ықтимал: қатты толғанғанда жүйрік қаламынан небір өлеңдер, небір әндер қағаз бетіне маржандай тізілетін («Замандастар»). Нақ осы сөйлем құрамындағы көптік жалғауын бір-ақ рет қолданып та көптік ұғымды туғызуға болады: небір өлең, әндер
3. Сөйлемде көптік формада тұрған бастауышпен (жіктеу, жалпылау есімдіктерінен) баяндауыш та көптік формада қиысады: Сендер келіңдер, жалпы келіңдер.
4. Көптік жалғау дербес сөз бен көмекші сөз тіркесіп келгенде көмекші сөзге жалғана береді: осы сияқты+лар, мына неме+лер, күші бар+лар т.б.
5. Көптік жалғау түбірден соң жалғанатынымен, кейде қажетіне орай түбір мен жұрнақтың көнеленген форма аралықтарында қолдануы ықтимал: бұзық+тар+ша, біз+дер+дей, аға +лар+ы+ндай, сен+дер+дікі, мұғалім+дер+дікі, солар+ дағы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет