Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Синтаксистік пен аралас тәсілдің ерекшеліктері



бет101/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

Синтаксистік пен аралас тәсілдің ерекшеліктері қысқаша мынадай. Синтаксистік тәсіл біз,сіз есімдіктеріне ілік.с қосымшасын жалғап (біздің, сіздің) оған анықталатын заттың атын білдіретін сөзді еш қосымшасыз тіркестіру арқылы жасалады. Мыс: біздің үй, біздің шелек...тб.
Аралас тәсіл бұрынғы компонентінің есімдіктер ғана емес, басқа есімдерден де бола беретіндігі жағынан және соңғы компонентінің үнемі тәуелдік жалғаулы сөз болады (Мыс:біздің үйіміз, оладың балалары, колхоздың есепшісі).
Морфологиялық тәсіл арқылы туатын тәуелдену категориясы мынадай екі түрлі қосымша арқылы жасалады: 1) нікі, дікі,тікі 2) тәуелдік жалғаулары арқылы
Тәуелдену ұғымын тудыратын нікі, дікі,тікі жұрнақтары тарихи жағынан алғанда, ілік.септіктің ның, нің, дың,дің, тың,тің жалғауына және кі,қыы,ғы,гі жұрнағынан бірігіп пайда болғаны мәлім. Бұл форма рақылы туатын меншіктілік меншіктелуші заттан жеке де айтыла береді:Мыс: менікі, сенікі, сіздікі....т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретіндіктен, негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да зат есім қызметін атқаратын демек, субстантивтенетін сөздердің барлығына да жалғана береді. Мыс: әкем , дәптерім, жақсым, әдемім.
Тәуелдеулі сөзден бұрын айтылатын ілік септік формасындағы І,ІІ жақ жіктеу есімдіктері түсіріліп те, түсірілмей де айтылатын сияқты.
Тәуелдік жалғау септік жалғауынан да, жіктік жалғауына да бұрын жалғанады. Мыс: әкемнің, әкемнен.
Бірақ тәуелдік жалғау түбір мен кейбір жұрнақтың және түбір мен кейбір көнеленген формалардың арасна да тұсе береді. Мыс:өзімше, өзіңше, әкемше, әкесінше .т.б.
Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық экспрессивтік райды я мәнді білдірерліктей де міндет атқарады. Мыс.көкем, айым, күінм, жаным, қалқам, сәулешім т. б.
Тәуелдік жалғауы меншіктен өзге:
а) заттың қолдану мақсатын: ұйқының дәрісі;
ә) ұлттық ерекшеліктер: қазақ тілі, ағылшын флоты;
б) бүтіннің бөлшегі: ағаш жапырағы, материалдық текті: етіктің былғарысы;
в) заттың неден жасалынғанын: бидай наны;
г) сапалық белгі: құстың қыраны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет