Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Транскрипция және транслитерация



бет103/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

101. Транскрипция және транслитерация.
Тіл білімінде транскрипция, транслитерация деген ұғым бар. Транскрипция – (лат. transcrіptіo – қайта көшіріп жазу) – белгілі бір тілдегі дыбыстарды дәл бейнелеп көрсету үшін пайдаланылатын шартты белгі.
Жазуда бір фонема түрлі әріптермен таңбалануы мүмкін, ал транскрипцияда ол бір таңбамен белгіленеді. Транскрипцияның негізгі қызметі сөздің дыбыстық немесе фонемалық құрамын дәлме-дәл көрсету, онда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Бір әріп ыңғайына қарай түрлі фонемаларды белгілесе, транскрипциялық таңба бір ғана мағынаға ие болады. Транскрипция екіге бөлінеді:
фонематикалық (фонологиялық) және фонетикалық.
Фонематикалық транскрипция. Транскрипция сөздердің дыбысталуындағы өзгерістерді ескермей, тек фонемаларды жазады, дыбыстар сөздің айтылуына жуықтап беріледі. Мысалы, ору [орұу], қи [қый], шикі [шійкі]. Тәләмәзде ә, ө, о, ү, ұ, л, м, р ,т фонематикалық транскрипцияда өзгеріске ұшырамайды. Мысалы, өлең, өзен, жүрек сөздерінде Е фонеманы белгілемейді, тек әріп болып тұр.
Фонетикалық транскрипция. Транскрипцияда сөздердің айтылуындағы дыбысталу ерекшеліктері дәлме-дәл көрсетіледі: қазан қап [Қазаңғап], ортан бел [ортамбел], сейсенбі [сейсембі].
Әрбір жеке тілдің фонемалық жүйесін айқындауда фонематикалық транскрипция жұмсалса, ал фонетикалық транскрипция барлық тілдердегі дыбыстық ерекшеліктерді түгел көрсету үшін қолданылады. Оқу барысында көбіне фонематикалық транскрипцияға жүгінуге тура келеді, яғни сөздер мен сөз тіркестерін, тұтас мәтінді айтылуына біршама жуықтатып жазу қажеттігі туындайды. Жеке дыбыстар мен әріптердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықтар, көрші дыбыстардың бір-біріне әсері ескеріліп отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданыста жүрген и, у, ю әріптерінің әрқайсысы екі-үш тіпті онан да көп дыбыстарды құрайды: у – ұу-ұшу [ұшұу], үу- жүру [жүрүу]; и – ый- сиқыр [сыйқыр]; ю – йұу-құю [құйұу], т.б
Осыдан келіп әріптік жазу мен дыбыстық жазудың айырым белгілері шығады:
  1. Әріптік жазу сөздің дыбыстық жағын үнемі дәлме-дәл көрсетпейді. Ал дыбыстық жазу транскрипциялық белгілер арқылы дәл көрсетеді;


  2. Әріптік жазуда бір әріп фонетикалық жағдайға қарай әр түрлі дыбысты белгілей алады. Дыбыстық жазуда бір транскрипциялық белгі тілде бір ғана дыбысты белгілейді.\


  3. Әріптік жазуда бір дыбыс әр түрлі әріптермен белгіленеді. Дыбыстық жазуда бір негізгі дыбысқа жеке арнайы транскрипциялық белгінің сәйкес келуі шарт.




Транслитера́ция – бір жазу түрінің өзге жазу таңбаларымен берілуі[1], онда жазудың бір системасындағы әрбір таңба (немесе таңбалар тізбесі) жазудың өзге системасындағы таңбамен (немесе таңбалар тізбегімен) беріледі. Мысалы, ор-қаз. технология (ағ. technology) – латындық емес жазу түріне транслитерацияланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет