7. Спандияр Көбеев шығармаларындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселелерін талдаңыз
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар. Қазақ жерінде ашылған алғашқы орыс мектептерінен тәрбие алған ол өзінің барлық саналы өмірін туған халқының мәдениет пен білім жолында ілгері ұмтылуына жәрдемдесуге арнады.
С.Көбеевтің жаңашылдығы, жаңа үлгідегі қазақ мектептерінде сабақ берген соң, жас ұрпақты орыстың тілі мен әдебиетін, мәдениетін үйренуге баулыды.
ӨЗ шығармаларында ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің педагогтік үлгісін басты үлгі етіп алып, халықты оқыту, оқушыға үйрету дәстүрін жалғастырды.
Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен жаңалығы – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген.
Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген, яғни елдегі келеңсіздікті жазу дәстүрін жалғасытырды. Сол арқылы жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен.
Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романының сол кезеңде өмірге келген басқа романдардан ерекшелігі – романның негізгі кейіпкерлер – бірін-бірі сүйген екі жас Қожаш пен Ғайшаалға қойған мақсаттарына жетіп, бақытты өмір сүреді. Роман соңында тігулі тұрған отау маңында ойнап жүрген балалар, жайылып жүрген мал, ас қамымен жүрген Ғайша, шөп шауып келе жатқан Қожаш суреттелген. Оқиға жастардың бас бостандығы жолындағы күресінің жеңісімен аяқталған. Бұл сол кездегі әйел теңсіздігі тақырыбы үшін үлкен жаңалық болды.
С.Көбеев шығармаларындағы негізгі көркемдік дәстүр - Абай негізін салған реалисттік дәстүрді шебер қолдана отырып, мысал,юмор,кейіпкерлерді суреттеу,фольклорлық дәстүрдің негізгі белгі-нышандарын жаңа қырынан көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |