Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


М.Томанов 1988 жылғы «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы



бет12/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

М.Томанов 1988 жылғы «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» еңбегінде: «Түп төркіні тұрғысынан тіліміздегі бірқатар сөздер бірнеше түбірлерге және әр түрлі қосымшаларға бөлінуі мүмкін. Бұл сіңісу құбылысының нәтижесі» деп көрсетеді. Бұны анықтау үшін түбірдің бастапқы сипатын басқа сөздермен салыстырсақ, қосымшаның құрамы арқылы анықталады. Мысалы, ілгері, айт, кет, байла сөздері түбір мен қосымшаның өзара жымдасып, сіңісіп кетуінен пайда болған. М.Томанов, салыстыруы бойынша, айт сөзін қарастырайық. Айт сөзімен мағыналас айқай, айқын сөздерімен салыстырсақ, ортақ түбір ай екеніне көзіміз жетеді. Ал т-түбірмен кірігіп кеткен қосымша болып шығады. Кет сөзінің құранды екенін, кел, кері, кейін сөздерімен салыстыру арқылы анықтауға болады. Алғашқы сөздің соңындағы –т етіс қосымшасы. Байырғы түбір өз дербестігін жоғалтқаннан кейін барып, етіс қосымшалары жалғасып, жымдасып кеткен. Бұл құбылысты Кононов «фузия» десе, Рамстед «сращение» деп атайды.
М.Томанов тілімізде түбірге –қы, -кі, -ғы, -гі жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздер бар деп көрсетеді, олар: алғы, ауызғы, батқы, соққы, ұйытқы, жонғы.
Мысалы, алғы сөзінде –ғы жұрнағы түбірге сіңісіп кеткен. Өйткені, бұл сөзді ал-түбірі, -ғы жұрнағы деп бөлмейміз. Алғы күйінде айтамыз. Бұл сөздің түбірі – ал, яғни, етістік мағынасында жұмсалып тұр, ал алғы деген сөздің мағынасы қазіргі тілімізде түбірмен бірге айтылады.
Тілімізде –а, -е жұрнақтары әуел баста есім сөзді етістікке айналдыратын өнімді қосымша болғанымен, бірте-бірте самарқауланып, бұрынғы жалғанған сөздердің аясында қалып қойған: аса, деме, ота, өрте.
Түбірге –а, -е жұрнақтары сіңісіп кеткен сөздердің бір тобы: жүлде, кежеге, топса. Бұл сөздердің құрамындағы бопс, жүлд, топс түбірлері өлі түбірлерге жатады. Сондықтан қазір түбір мен қосымшаға ажыратылмай, бір сөз ретінде қолданылып жүр.
Міне, тілімізде түбір мен қосымша жігінің арасында осындай фузиялық өзгерістер орын алған.


56. Лексикологияның салаларын атап шығыңыз. Айырмашылығын түсіндіріңіз
Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халыќтар тілінің көпшілігінде термин болып ќалыптасып кеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арќылы келіп орныќты. Бұл термин - бір тілдегі барлыќ сөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді. Осы лексика деген терминнің ұғымына тілдің жергілікті ерекшелігі де, сол бір тілдің говорлары да, диалектілері де енеді. Лексикалыќ ќұрамына енген сөздерді тексеретін-лексикология, мағыналарын тексеретін-этимология., сөздік жасау, сөздерді жүйелі түрде жинау ісін тексеретін-лексикография кіреді. Бұған фразеология да іргелесіп отырады. Тіл ғылымының этимология, лексикология, семасиология, лексикография деген тараулары лексиканы тексереді. Сонымен ќатар лексика грамматиканың негізгі базасы болып табылады. Грамматикалыќ категорияларды сөздің грамматикалыќ өзгерістерін, түрленуін, бір сөз бен екінші сөздің байланысын-оның негізгі обьектісі болатын-сөзден бөліп ќарауға болмайды.
Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалыќ системадағы алатын орнын, шығу төркіне ќолдану ќабілеттігін күнделікті ќарым-ќатынастағы көрінісін, стильдік мәні мен сипатын тексеретін лексикология ілімі.
Лексикология тілдегі барлыќ сөздердің жиынтығын, сөз байлығын зерттейді, тілдің негізгі сөздік ќұрамының келелі мәселелерін түгел ќамтып, оны егжей-тегей түсіндіруді маќсат етеді..
Жеке лексикология белгілі бір тілдің сөздік ќұрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік ќұрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрғысынан ќарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет