Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер


Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз



бет59/148
Дата24.12.2023
өлшемі1 Mb.
#198893
түріҚұрамы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   148
Байланысты:
Іі өлең тілінің сөздік құрамына енген өзгерістер-emirsaba.org

80. Дауыстылардың айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер. Кейбір дауысты әріптердің дыбыстық бейнесін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.
Дауысты дыбыстар туралы нақты зерттеулер А.Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Ол өзінің 1912 жылы «Айқап» журналында жарияланған «Жазу тәртібі» деп аталатын мақаласында: «Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы, е», – деп анықтайды да, сөздің алдында дәйекше (араб графикасында қолданылатын белгі) тұрса, сөздің жіңішке айтылатынын ескертеді. Яғни, ол дауыстыларды араб графикасына негіздеген. Осылай қорытсақ, А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің дыбыстық жүйексінде 9 дауыстыны атайды: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і.
Белгілі ғалым Құдайберген Жұбанов 1935 жылы «Қосар ма, дара ма?» деген мақаласында сөз ішіндегі ұу, үу, ый, ій түрінде келетін дыбыстар тіркесіне айрықша көңіл аударады. Автордың «Қазақ тілі грамматикасында» (1936ж.) бұлар қосынды дыбыстар қатарына енді. 1938 жылдың басында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Советі «Қазақ тілінің әліппесі мен емлесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы» қабылдаған қаулысы бойынша қазақ алфавитіне жаңадан в, ф, х таңбалары еніп, дауыстылардың қатарына и, у дыбыстарын қосып, 11-ге жеткізді.
1940 жылы кириллицаға көшуге шешім қабылданып, орыс тілінен енген терминдердің мүмкіндігінше қалпын сақтап жазуға деп қойылғандықтан, дауыстылардың саны ұлғайып, 14-ке (э, ю, я әріптері қосылды) жетті.
1941 жылы шыққан «Қазақ тілінің грамматикасында» Мәулен Балақаев 13 дауыстыны көрсетеді (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, э (ә), ю, я, у, и ).
1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі» атты академиялық жинақтаакадемик Ісмет Кеңесбаев қазақ тілінде 11 дауысты дыбыстың бар екенін, оның тоғызы монофтонг, екеуі (и, у) дифтонг деп көрсетеді. Бұл пікірмен келісе отырып, белгілі лингвист Кәкен Аханов 1973 жылы жарық көрген «Тіл біліміне кіріспе» атты оқулығында қазақ тілінде он бір дауысты дыбыс барын қуаттайды.
Бүгінгі күнге дейін айтылған пікірлдер мен қалыптасқан көзқарастарды таразылап, қазақ тілінің табиғатын жаңа қырынан зерттеу барысында фонетист ғалым Әлімхан Жүнісбеков «Строй казахского языка. Фонетика» деген еңбегінде қазақ тілінде 9 төл дауысты бар деп көрсетеді.
Қазіргіге дейінгі қазақ тілінің дауысты дыбыстары жөніндегі зерттеулерді жинақтай келе, тіліміздің байырғы сөздерінің құрамында тоғыз (а, ә, о, ө, ұ, ү, ы, і, е) дауысты дыбыс бар екені анық. Тіліміздің дамуына байланысты негізінен орыс тілдерінен енген сөздермен толыққан сөздердің әсерінен тек орыс сөздерінде кездесетін э дыбысымен қосқанда дауысты дыбыстардың санын он екі деп көрсетеміз. Олар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э, и, у.
Дауысты фонемалар бір буынды түбірде, сонымен қатар көп буынды сөздің бас (бірінші) буынында фонемалық мәні айкын да тұрақты көрінеді. Ал сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Бұл өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мысалы: өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), үкі (үкү), кітап (кітэп), мұгалім (мүгалым). Мұндай сөзді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды.
Дауыстылардың айтылу, жазылуы ерекшеліктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынандай мінездеме береміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет