Ii сәбилер тобына арналған оқу-тәрбие жоспары 27 сағат



бет4/4
Дата04.12.2016
өлшемі0,88 Mb.
#3131
1   2   3   4


Күтілетін нәтиже:

Біледі: аналар мерекесі жайлы.

Игереді: күн мен түннің теңелетінін, басқа мейрамдардан айырмашылығын ажыратуды.

Меңгереді: Наурыз мейрамы туралы түсініктері қалыптасып, салт-дәстүрді құрметтеуді.
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Наурызым, армысың!» (өлең)

Мақсаты: Шығыс күнтізбесі жайлы білімдерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталатынын, күн мен түн теңесетінін түсіндіру. Наурыз мейрамының басқа мейрамдардан айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия.

Сөздік жұмыс: наурыз, наурыз көже.


Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар педагогпен бірге «Наурыз - біздің жаңа жыл» әнін қосылып айтады.

Наурыз — біздің жаңа жыл (сөзі, әні Ж. Қалжанованікі)

Наурыз келді, балалар,

Көктеді қыр-жағалар.

Наурыз тойын тойлайың,



Жаңа жылда, ағалар.

Наурыз, наурыз,

Келді біздің жаңа жыл.

Көктем келді, балақай

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге сал, апай.

Наурыз, наурыз,

Келді біздің жаңа жыл.

Бәйшешектер гүлдеді,

Қорада мал төлдеді.

Наурыз тойын тойлайық,

Қосыл, аққу, көлдегі.

Әнге қосылады.


Балалар шеңбер бойына тұрып,

әнді орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Белгілі ақын Оразақын Асқардың «Наурызым, армысың!» өлеңін мәнерлеп оқып беру.

Наурызым, армысың!

Ата-бабам тойлаған,

Наурызым, армысың!

Қызығына тоймаған,

Дарқан дала, қарлы шың.

Қауыша алмай қанша жыл,

Қалдық сенен адасып,

Төрле, есіктің бәрі ашық.

Мерекені байырғы

Алды халқым қабылдап.

Ақ дастарқан жайылды,

Ошақта от жалындап.

Сергіту сәті

Музыка ырғағымен қимылдар жасау.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

- Мен сендерге оқып берген өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?


Әртүрлі әуенге би қозғалыстарын жасайды.
Балалардың жауабы.

Рефлексиялық – түзетушілік

«Гүл құрастыру» ойыны.



Ойынды ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын.

Игереді: күн мен түннің теңелетінін, басқа мейрамдардан айырмашылығын ажыратуды.

Меңгереді: Наурыз мейрамы туралы түсініктерін қалыптастырып, салт-дәстүрді құрметтеуді.

Тәрбиешінің аты жөні:

Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру сал асы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңі

Мақсаты: құрдастарымен қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттестік ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер.

Сөздік жұмыс: мамандық, наубайшы, тас қалаушы.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып,

шаттық шеңберін өткізу.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл-қыздар

Тату-тәтті ойнаймыз.

Шеңбер болып

тұрады.
Өлең жолдарын

қайталап,

қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Бүгін ерекше күн. Біз оқу іс-әрекетінде поляк ақыны Юлиан

Тувимнің «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Сергіту сәті

Зуылдаймыз, зулаймыз,

Алыс-алыс жерлерге.

Бақытты біз достармыз

Сапар шеккен елдерге.

Сұрақ-жауап арқылы өлеңнің мазмұнын ашу

- Қандай мамандықтарды білесіңдер?

- Тас қалаушы деген кім?

- Наубайшы деген кім?



Мақал-мәтел айту.

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек түбі береке.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.




Мұқият тыңдайды.


Қимылдар жасайды.

Балалардың жауабы.

Қайталайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау. «Құрылысшы»

сюжетті-желілі ойыны.


Ойынды ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлеңнің мазмұнын түсінеді.

Игереді: мақал-мәтелдерді жаттауды.

Меңгереді: ойын арқылы мамандықтар түрлерін ажыратуды.

Тәрбиешінің аты жөні:


Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үш жолдас» (әңгіме)

Мақсаты: Әңгімені мәнерлеп оңып, мазмұнын түсіндіру. Достың қатынасты бағалай білуге баулу. Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, жұмыс дәптері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Шаттың шеңбері

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы –

Достығымыз жарасқан.


Бір-біріне қуаныш сыйлайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме (суретпен жұмыс).

- Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Көне, осы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

- Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Достың дегеніміз - екі адамның арасындағы сыйластық. Ендеше, балалар, бір-біріне адал, қамқор, тату дос болуларың керек. Қазіргі оқылатын әңгіме: «Үш жолдас» деп аталады.

Хрестоматиядан «Үш жолдас» әңгімесін оқу. Әңгіме желісін, мазмұнын айту.



Сергіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін, жақсысын

Досымызға сыйлайық.

Сұрақ-жауап.

- Әңгіме не жайында болды?

- Шынайы дос қандай болуы керек? «Достық» туралы мақал-мәтелдер айту.

Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды.

Досы көппен сыйлас, Досы азбен сырлас.


Балалардың жауабы.

Достар тату болуы керек

Тыңдайды.

Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Дос туралы Адал, шыншыл

Балалар педа­гогпен бірге қайталайды.


Рефлексиялық - түзетушілік

«Менің досым» ойынымен аяқтау.

Допты лақтырып, қағып алған

балаға педагог досының атын,

білетін болса, достық туралы

мақал-мәтел айтқызады.


Ойын ойналады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мазмұнын.

Игереді: достық қатынасты бағалай білуді.

Меңгереді: адал дос болуды, досты сыйлауды.

Тәрбиешінің аты жөні:


Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Өкпелеме» өлеңі

Мақсаты: шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету. Балаларды шығарма мазмұнын салыстыра отырып, өзінің күнделікті өмірімен және қоршаған ортамен байланыстыра білуіне үйрету.

Көрнекілік: хрестоматия.

Сөздік жұмыс: өкпелеме.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру сәті.

Шаттық шеңбері:

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтып, қимылдар жасату.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға-солға түзу тұр,

Солға-оңға түзу тұр.

Жоғары-төмен қарайық.

Бойымызға күш жинап

Бір тынығып алайық.


Шеңбер бойына тұрып, бірге қайталайды.



Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде ақын Мұзафар Әлімбаев атамыздың

«Өкпелеме» өлең шумағын тыңдап көрейік. Өлеңді мәнерлеп оңу.



Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.

- Осы оқылған өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Өлеңнің авторы кім?

- «Өкпелеме» сөзін қалай түсіндіңдер?



Сергіту сәті

Біздер тату боламыз,

Гүл-гүл жайнаймыз,

Жаттығуда сергіп қаламыз,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз.

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.


Мұқият тыңдайды.


Балалардың жауабы. М.Әлімбаев

Қимылдар жасайды.



Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау.

Педагог оқу іс-әрекетін өлең жаттатумен аяқтайды.








Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мағынасын түсінеді.

Игереді: жақсы қасиеттерді сипаттай білуді.

Меңгереді: «Өкпелеме» деген сөздің мағынасын түсінуді.

Тәрбиешінің аты жөні:

Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» ертегісі

Мақсаты: балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: тырна, жайпақ табақ, құмыра.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын салайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір-бірімізге сыйлайық.


Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Балалар, бүгін біз «Түлкі мен Тырна» ертегісін оңып, мазмұнын ашамыз. «Түлкі мен тырна» ертегісін оқып беру. Сергіту сәті

Қанат жаям жалма-жан

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.



Сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.

- Түлкі кіммен дос болыпты?

- Түлкі қонағын қалай күтіпті?

- Тырна Түлкіні қалай күтті?



Қимылдар жасайды.


Тырнамен

Балалардың

жауабы.


Рефлексиялық - түзетушілік

Қорытындылау:

- Түлкі қандай аң?

- Тырна қандай құс?

Жабайы, қу

Мойны ұзын



Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді

Меңгереді: жақсы қасиеттерді.

Тәрбиешінің аты жөні:

Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Аққу-қаздар» ойыны

Мақсаты: қарым-қатынас ережелерін сақтауға үйрету, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынас білдіруді ниеттеуді жалғастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: аққу мен қаздар атрибуттары, қасқырдың маскасы немесе киімі.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Психологиялық сәт:

Қаңқ, қаңқ, қаздарым,

Тізені сәл бүгіңдер,

Қолды артқа ұстаңдар,

Кәне, қазға ұқсаңдар.

Тектен-текке тұрмайық,

Мойындарды бұрайық,

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық.


Көңілді күймен балалар шаттың шеңберіне тұрып, қайталайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Бүгінгі оқу іс-әрекетін «Аққу мен қаздар» ертегісінің желісі бойынша өте қызықты өрі тартымды ойын арқылы түрлендіру. Сұрақ-жауап арқылы ойынның толық мазмұнын айтып беру.

- Ал, балалар, бүгін бізге сонау орманшылар елінен аңдар қонаққа келіпті. Олар өздерімен бірге қызықты ойын ала келіпті. Қазір біз сол ойынды өзіміз ойнап көрейік. Әрбір бала өз қалауы бойынша ұнаған атрибуттарын басына киіп, рөлге еніп, ойнап көрсетеміз. Ойын өте қызықты.

- Ал ендеше, төрлетіңдер, орман аңдары!

Қасқыр келіп, ойын шартын түсіндіреді. Ойын өрі қарай жалғасады.

- Балалар, сендердің бүгінгі көңіл күйлерің өте жақсы болған сияқты.


Балалар тыңдайды.



Балалар қызығушылық танытады (өздерін еркін ұстайды).

Рефлексиялық - түзетушілік

Сендерге ойын түрінде өткен оқу іс-әрекеті ұнады ма?

Ендеше бұл ойынды таза ауада серуенде жалғастырамыз.


Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымдық қатынаста ойнай білуді.

Игереді: ойынға қызығушылық танытады.

Меңгереді: адамгершілік қасиеттерді.

Тәрбиешінің аты жөні:


Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Абай «Жаз» өлеңі

Мақсаты: балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жыл мезгілінің суреттері, үнтаспа, хрестоматия.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

«Ақылшы дос балдырған» әні орындалады.

Көктем, көктем, көктемде

Біз бау-бақша еккенде.

Қарсы шығар алдыңнан

Ақылшы дос балдырған. 2 рет

Жайдары жаз келгенде,

Жеміс-жидек тергенде.

Шөп сарғайып қалғанда,

Біз мектепке барғанда.

Көңілді қыс келгенде

Біз сырғанақ тепкенде.

Үнтаспаға

педагогпен қосылып орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

Сурет бойынша әңгіме (жыл мезгілдері)

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Олай болса, бүгінгі іс-әрекетімізде Абай атамыздың «Жаз» өлеңімен танысамыз. «Жаз» өлеңін оқып беру. Әрбір оқылған шумақтарына толық түсінік беру.

Сұрақ-жауап.

- Оқылған өлең шумағында не туралы айтылған?

- «Ұзарып», «күркіреп» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?



Балалардың жауабы.

Рефлексиялық - түзетушілік

«Аққу-қаздар» ойыны.

Қорытындылау.


Ойынды ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлең мазмұнын түсінеді.

Игереді: өлеңге сүйене отырып, жаз мезгілінің ерекшелігін.

Меңгереді: сұрақ-жауап арқылы суреттерге әңгіме құрастыра білуді.

Тәрбиешінің аты жөні:

Оқу қызметінің ұйымдастырудың технологиялық картасы
Күні, айы, жылы:

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жайлау» өлеңі

Мақсаты: шығарма кейіпкерлерінің жүріс-тұрысына эмоциялық ықпалдастың танытуға талаптандыру. Ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс-тұрысын бағалауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: жайлау көрінісі бейнеленген суреттер, төрт түлік малдың макеттері.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт:

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады.

Орындарынан тұрғызып, жаттығу қимылдарын жасату.




Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Кіріспе әңгіме.

- Ал ендеше, балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетінің ерекшелігі: барлығымыз шеңбер бойында ата-әжеміздің жайлауында отырғандай сезініп, әңгіме желісін тыңдаймыз.

«Жайлау» өлеңін оқу.

Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу.

- Жылдың неше мезгілі бар?

- Әр мезгілді ата.

- «Жайлау» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Жайлауға қай мезгілде адамдар қоныстанады?

Мазмұнын сұрақ-жауап арқылы толық ашу.


Балалардың жауабы.

Рефлексиялық - түзетушілік

«Ойлан, тап!» ойыны.

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос-қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.

Балалар ойын ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін.

Игереді: жаз мезгілінің ерекшелігін.

Меңгереді: «жайлау» сөзінің мағынасын.

Тәрбиешінің аты жөні:
Каталог: uploads -> doc -> 0687
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0687 -> ОҚо шардара ауданы Шардара қаласы №1. М. Әуезов атындағы жом
0687 -> Сабақтың барысы : Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
0687 -> Сабақ сандары I тоқсан 27 сағат II тоқсан 21 сағат III тоқсан 30 сағат
0687 -> Біз оқушы атандық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет