2-тақырып. (55 бет)
Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары.
Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі жөне сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен бірге грамматиканың жеке бір ережелері, тыныс белгілер ережелері қажетті болып табылады.
Ол мынадай міндеттерді жүктейді:
1. Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып көлемінде дүрыс, саналы түрде түсінік оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушы жіберетін қателерді анықтау, талдау, топтау.
2. Қайталап оқуды үйымдастыруға қажетті жүмыс түрі мен тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау, түрлендіру жолдары.
3. Әр сыныпта оқу дағдысының әр түрін қалыптастыру, т.б.
4. Дүрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң жөне мәнерлеп оқуды бірлестікте арау.
5. Білім, білік, тәрбие - оқу дағдысын қалыптастырудағы басты мәселе .
Бастауыш мектептегі оқу сабағының сапасы әр сабақтың қаншалыңты дәрежеде ойланып құрылғанына, қолданылатын әдіс, тәсілге және үйымдастыруға тікелей байланысты.
Оқудың мынадай түрлерін қалыптастырамыз: Дүрыс оқу:
1) оқушының оқып түрғанда (өзіне) сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей оқуы;
2) кейбір буынды не жеке сөзді қайталамай оқуы;
3) кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бүзбай оқуы;
4) орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы, мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын саңтап қалуы.
Оқушының жіберген қатесін түзету мақсатымен кейбір мұғалім балага қайталап оқытуды жөн санайды.Мұндай әдісті қолдану қатені түзеудің бірден-бір дүрыс жолы деуге болмайды. Оңушылар оқыганда қате оқыса, сөздерді буынга бөлу кезінде гана, сұрақ қойып, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын аныңтау кезінде гана түзетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |