Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жүмыстар.
I. Оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияларға шығару, әр түрлі тәжірбие жасату.
II. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтай қосымша сабақтан тыс оқу материалдарымен беру.
III. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптық суреттер іздету.
IV. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өтілетін мәтіндерге сәйкес жұмбақтар жасату.
Оқушыны дұрыс оқуға үйрету жұмысы 1-сыныпта басталып, әрбір жеке сөзді дыбыстап емес, буындап оқуға үйретіледі. I тоқсанда сөзді буындап оқып үйренген оқушы II тоқсанда сөзді буынға бөлмей тұтас оқи алатын болады.2-сыныпта сөйлемді бірден оқиды, 3-сыныпта сөйлемді сазына келтіріп дүрыс, мәнерлеп оқуға жаттығады. 3-сыныпта дұрыс оқуға үйрету үшін алдымен мүғалім әр оқушының қалай оқитынын, әрқайсысының оқу машығын жетілдіретін жұмыстарды жүйелі жүргізу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |