II. Мөтінді түсініп қабылдауы үшін оқушылармен жүргізілетін жүмыстар:
1. Оқытылатын мөтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияға шығару, әр түрлі тәжірибе жасату.
2. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтыратындай қосымша сыныптан тыс оқу материалдарын беру, оқыту.
3. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптық суреттер іздету.
4. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өтілетін мәтіндерге сәйкес жұмыстар жасату.
III. Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде жүргізілетін жүмыстар:
1. Кіріспе өңгіме.
2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы не оқып беруі.
3. Сөздік жүмысы.
4. Бөлім-бөлім бойынша оқушыларға дауыстатып оқыту.
5. Сұрақ-жауап арқылы не түсінгендерін, қалай түсінгендерін байқау.
6. Іштен оқу.
7. Қажетті жағдай да оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы: рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.
8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мазмұнына сәйкес мақал-мәтел айту.
9. Осы әңгімеге ұқсас, идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгімеге өлең, т.б. айту.
10. Мәтінді қалай қабылдағанын байқау, алған білімін білікке айналдыруға бағытталған қорытынды әңгімеге өткізу.
Сондыңтан да оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшандығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпта — 15-20 сөз, 2-сыныпта — 25-30 сөз, 3-сыныпта - 60-75 сөз, 4-сыныпта - 80-90 сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |