Ii тарау Астықты кептіру үдерісiнiң негiздері 1 Астықты кептіру


Кептіру агенті және жылу тасығыш



бет3/20
Дата30.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#130154
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
астық кептіру сақтау

2.3 Кептіру агенті және жылу тасығыш
Кептіргіш жұмыс істеу үшін астықтағы ылғалдың буға айналуы жеткіліксіз, оны аппараттан шығару керек. Ол үшін жылумен кептіруде әдетте кептіру агенті қолданылады, ал сорбциялы тәсілде – барлық сорбциялы материалдар қолданылады, мысалы кебу, астықтың осы және басқа да тұқымдастары. Кептіру агенті (кейде кептіргіш агенті дейді) – жұмысшы денесі термодинамикалық жұмыс істейді, өзінің энергиясын астықтың ылғалға булануын шығындайды. Кептіру агентінің сапасын анықтауда ауа немесе қоспа қолданылады.

Кейбір жағдайларда кептірудің терморадиоционды әдісі қолданылады. Күн сәулесімен және ауамен кептірудіүй шаруасында тқұым мен жүгері кептіру үшін, ал инфрақзыл сәулемен кептіруді – зертханалық зерттеу жұмыстарында қолданылады.

Конвективті кептіру кезінде ылғалдың буға айналуы қажет, астықты кептіру агентіне жіберіп, астықты қыздырады. Егер кептіргіш агентке жылу жеткіліксіз жіберілсе, онда астық кептіру үдерісі кезінде өзінің жылуын ылғалдың буға айналуы үшін салқындатып жібереді.

Кептіргіш агенті жылу алмастырғышта қыздырылады (калориферде), жылудың жылу ұстағышқа енгізілуі: ыстық газбен (2 сурет, а), сумен, бумен (2 сурет, б) немесе электр қыздырғышпен (2 сурет, в) қыздырылады. Кептіргіш агентін қыздыру үшін күн сәулесінің энергиясын да пайдалануға болады.




2 сурет. Кептіргіш агрегат схемасы
Кептіргіш агентінің жылу ұстағыштан негізгі айырмашылығы ол жұмысшы дене болып табылмайды, яғни жұмыс жасайтын дене астықтан ылғалды шығарумен байланысты.

Қазіргі заманғы кептіргіштерде бір агрегаттық күйде кептіргіш агенті сияқты (кептіру үшін) жылу тасымалдағыш (астықты кептіру алдында жылыту үшін қыздыру агенті) қолданылады.

Пеш оттығындағы ауа ысыған кезде ауа мен отынның жанған өнімдері араласады. Бұл жағдайда кептіру агенті жылу тасығыш (пеш оттығының газдары) пен ауаның қоспасы болып табылады. Мұндай тәсілмен алынған кептіру агенті химиялық құрамы жағынан атмосфералық ауадан көмірқышқыл газы, көміртегі оксидтері, көмірсулардың мөлшері көп болуымен ерекшеленеді. Дегенмен кептіру агентіндегі жылутасығыш концентрациясы өте аз. Мәселен, тікелей ағысты шахталық астық кептіргіштерде 5% аспайды, ал камералық жүгерікептіргіштерде – 1...2%. Сондықтан көп жағдайда мұндай кептіру агенті физикалық қасиеттері жағынан атмосфералық ауадан ерекшеленбейді. Отынның жағылуы кезінде түзілетін балласт ылғалдылығының біршама ұлғаюы кептіру үдерісіне айтарлықтай әсер етпейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет