Іі тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері



бет3/10
Дата20.01.2023
өлшемі415 Kb.
#165980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі, Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі, Документ Microsoft Word (2) (30)
ІІ тарау.

    1. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері.

Тәуелсіз елеміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрапақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді.
Бала – балғын тал, ересек адам- бағбан. Бұл - әр халықты ғасырдан-ғасырға әкеле жатқан қағидасы. Сондықтан баланың ана тіліне деген сүйіспеншелеген тәрбиелеп, бала жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші тәрбиелеуші әрбір үлкеннің мұраты.
Тіл – ақиқатты танытудың басты құралы. ОилиосоОиялық және психололгиялық әдебиеттерде тілсіз ойдың тумайтыны нанымды айтылады.
Сайып келгенде, тіл қоғам мүшелерінің бір-бірімен түсынысу және адамның сезімі мен көңіл-күйін білдіру құралы ретінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан кіші мектеп жасынан бастап ана тілін, оның әр алуан өмірлік қызметін ғылыми негізде танытудың қажеттілігі мақсатты түрде алға қойылды.
Тілдің тәрбиелік мәні де күшті . Ана тілін жақсы меңгерген оқушының ғана көркем әдебиетімізді қызыға оқуға, көркем өнер үйірмесіне құмарта қатысуға, адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасап, тіл табынуға деген бейімділігі қалыптасады, яғни баланың мәдени өрісі қоғам талабына сай бола түседі.
Мұғалім балалардың дүниетанымымен әуел бастан дұрыс қалыптастыруды мақсат тұтуы тиіс. Сондықтан тіл сабығы айнала қоршаған болмысты бақылау негізінде оқытылуы керек.
Ана тілін оқытудағы негізгі мақсат – оқушылардың сөздік қорын, ауызша сөйлеу тілін және жазбаша сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оларға рухани дүниесін байыту, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себу. Ол үшін бала айналадағы затты, құбылыс пен болмысты танып білуі тиіс. Соған байланысты оның тіл байлығы да артады. Баланың өмірді көргені, танығаны көп болса, оның тілі де байи түседі. Оқушының тіл байлығы ауызша түрде де жазбаша түрде де қатар дамытылуы тиіс.
Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. ´йткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, геограОияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды. Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да қазіргі кезде бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді.
Осыған орай педагогикалық іс-тәжірибе барысында ана тілінде оқушылардың дұрыс сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейде көтеру, яғни сөйлеу тілін дамытуға ерекше назар аудардық. Тіл адамның қатынас құралы ретінде оның барлық өміріндегі нәрі, азығы іспетті екені белгілі.
Бастауыш сыныптағы ана тілі сабығының түбегейлі мақсаты оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға дген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету, кітап оқуға деген мұқтаждығын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде ана тілі сабағының алдына мынадай міндеттер жүктеледі:
-оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
-көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;
-шығарманың түпкі мазмұны – мәнін түсінуін, Эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;
-мәтіндеге сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлеу мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, ана тіліміздегі сөз мағыналарының түрленуіне көңіл аударту;
-шағырмадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
-ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу( дамыту;
-өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
-оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.
Бағдарламаның мазмұны осы міндеттерді орындауға бағытталады.
Оқудың алғашқы кезеңінде оқу техникасына көбірек көңіл бөлінеді. Оны бірте-бірте жетілдіре отырып, мәтінмен жұмыс жасау, оқығандарының мән-мағынасын түсіну тәсілдерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Оқулыққа енетін материалдар дәстүрлік-тақырыптық ұстанымға негізделеді. Бірақ ұстанымды іске асырудың ерекшеліктері де жоқ емес, яғни материалдарды топтауда ішкі логикалық байланыстарға мән беріледі. Мұның мәнісі мынада: бірінші сыныпта бала жазушылардың өлеңдері, қысқа әңгімелері арқылы өзін және қоршаған әлемді таниды: адамдармен, табиғатпен қарым-қатынас жасай білуді, өзін-өзі ұстауды меңгереді. 1-сыныпта оқушылар жыл мезгілдері, жан-жануарлар тіршілігі, адамдардың өмірі мен еңбңгі, отбасы, Отан туралы т.б. қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем шығармалардан оқып біледі.
2-сыныпта оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.
3-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті үлгілері және балалар әдебиетінің әр түрлі жанрларымен таныса отырып, әдебиет әлеміне бастау алады. Мұнда жанрлық және көркем шығармаларды тиімді үйлестіру ұстанымы іске асырылады.
4-сыныпта оқушылар халық ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінгің озық үлгілерімен танысады. Қазақ балалар әдебиетінің қадыптасу тарихынан: шығармалардың жазылған кезеңі мен мазмұны арасындағы байланыс, автордың көзқарасы т.б. беріледі.
Бастауыш сыныптардағы оқудың мазмұны екі үлкен бөлімнен тұрады: көркем және ғылыми-танымдық шығармалар.
Бұл бөлімдердің әрқайсысының мазмұнында да. Оқу-әдістемесінде де өзіне тән ерекшеліктері бар.
Көркем шығармалар ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті үлгелерін қамтиды.
Ауыз әдебиетінің мынадай үлгелері: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендіе сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, барырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.
Жазба әдебиет үлгілірімен ақын-жазушыларымыздың балаларға арналған таңдамалы шығармалары қамтылған.
Олар негізінен үш үлкен тақырып төңірегінде топталған:

  • Туған елім Қазақстан;

  • Табиғат – тіршілік бесігі;

  • Адам болу – ізгі ниет:

Осы тақарыптарды қамтьыған көркем шығармаларды оқу барысында балалар айнала қоршаған табиғатпен, адам еңбегімен, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен таныстырылады, заттар мен құбылыстар жайында жан-жақты түсінік алады, оларға тән ерекше қасиеттерге дұрыс сипаттама беруді үйренеді. Сондай-ақ адам мен табиғат және адамдар арасындағы қарым-қатынастардан, адамның Отан алдындағы парызынан т.б. мағлұмыттар беріледі. Балалар адамның сан қилы сезім әрекеттері мен іс-әрекеттерінің қыр-сырын түсініп, олардың ізгі қасиеттерінен тәлім-тәрбие алады.
Оқуға алынған шығармалар баланың көңіл – күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, оны шабыттандыруға, жан дүниесін байытуға бағыттайды.
Әрбір сыныпқа берілген материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін, ой-өрісінің деңгейін ескере отырып іріктеледі.
Бағдарламаның ғылыми-танымдық бөлімі оқушыларға түрлі ғылым салаларынан қарапайым білім беру мақсатын көздейді. Оқушылар туған жер қаситеті мен табиғат тамашалары, аспан әлемінің құпиясы, өнер туындылары жайында біршама мағлұмат алады.
Бғадарлама бастауыш сыныптардың оқу сабағында оқушыларға әдебиет теориясы Элементтерінен алғашқы қарапайым түсініктер беруді көздейді. Мұнда ең алдымен – жанр түрлерін ажырата білу, кейбір әдеби ұғымдардың мәнін ашу, салыстырулар мен теңеулердің, ырғақ пен ұйқастың орны мен ерекшелігі т.б. қалыптастырылады.
Бастауыш сыныпта ана тілі пәнінің мазмұны негізінде мынадай әдеби жанр түрлерін қамтиды: өлең-жыр, әңгіме, мысыл, жұмбақ, жаңылытпаш, мақал-мәтел, ертегі, аңыз, шешендік сөздер.
Бастауыш сыныпта 3-сынып бойынша ана тілі пәнінен аптасына 4 сағаттан, барлығы 136 сағат берілген. Оқу материалдары: “Туған елем-Қазақстан”, “Табаиғат тіршілік бесігі”, “Адам болу-ізгі ниет” сияқты тақырып төңірегінде қамтылған.
“Атамұра баспасынан 2003 жылы шыққан 3-сыныпқа арналған ана тілі оқулығында мынадай шартты белгілер бар: ? – сұрақтар, ! – тапсырмалар,  - сөздік,  - шығармашылық сұрақтар мен тапсырмалар,  - күрделі сұрақтар мен тапсырмалар,  - қосымша түсініктер.
Оқулықтың авторлары Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова және Б.Қобатаева Ана тілі оқулығындағы елеулі ерекшелік бұрынғыдай оқушыларға түсінік беру мен оқу техникасын меңгертіп қана қоймай, көркем шығарманың ролін күшейтуге, әдебиеттік оқу әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамытып, Эститикалық талғамын тәрбиелеуге, дүниетанымын кеңейтуге мән беру болып отыр.
Осыған орай “Ан тілі” оқулығының құрылымы ірі блоктік-тақырыптық және жанрлық-Эстетикалық бағыттағы ұстанымдарды басшылыққа алады. Бұл ұстанымдар оқушыларға дүниенің біртұтас көркем бейнесін беруге ұмтылған, қарапайым әдеби білім беруді мақсат тұтқан, ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды көздеген шығармалар мынадай он тараудан тұрады:

  1. Туған елем, туған жерім.

  2. Білім өмір шырағы.

  3. Маужырап барқыт қоңыр күз.

  4. ´ткен өмірден.

  5. Қыс бейнесі.

  6. Жақсы ай мен күндей.

  7. Табиғат –менің өз үйім.

  8. Масатыдай құлпырған жердің жүзі.

  9. Жаздыгүні шілде болғанда.

  10. Сарқылмас қазына.

Оқумазмұны ауыз әдебиетінің озық үлгілері: төрт түлік жырлары, мақал-мәтелдер мен жұмбақ-жаңылтпаштарды, ертегілер мен мысалдарды, аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерді т.б. қамтиды.
3-сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай алынған көркем шығармалар оқушылардың көңіл-күйі мен сезіміне, ой-қиялына әсер етіп, шығармашылық қабілетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Бастауыш сыныпта оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырып, дамыту мақсатында тәжірибелі ұстаздар С.Құжанова және П.Аралбаева бірнеше тәжірибелер жүргізген. Алған нәтижелері бойынша мектептегі оқу әрекетіне деген жағымды қатынасты тәрбиелеу бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушыларын оятып, дамытуға негіз болады. Ол үшін мына жайларды ескеру қажет:

  1. Оқу әрекеті үстінде жағымды, қолайлы ортаны ұйымдастыру және сабақты көбінесе ойынмен байланыстыру.

  2. Оқу әрекеті барысында әрбір баланың мүмкіндіктеріне сенім тудырып, балаларды мадақтап отыру.

Енді осы тұжырымдарға жеке-жеке сипаттама берейік.

  1. Баланың оқуға жағымды қатынасын қалыптастырудың бір сыры баламен мұғалімнің бірмеуінде. Бала өзін педагогикалық әсердің объектісі ретінде емес, еркін сезінуі қажет. Мұғалім әр сабаққа өзінше мән бере отырып, күнделікті сабақтарды бір-біріне ұқсамайтындай құруы қажет және де балаллардың зейіндерін күшпен бір орталыққа бағындыруға тырыспаған жөн. Бала сабақтың басталып кеткенін сезбеуі керек.

  2. Бала мұғалімнің өзін әрдайым бағалайтынын, онымен санасатынын, оған сенетінін түсінуі қажет. Ең маңыздысы жалпыға және әр балаға әрдайым “Сен қабілеттісің”, “Сенің қолыңнан келеді” деген сияқты үміт сезімдерін тудырып отыруымыз қажет. Ерік күші әлсіз балалармен жеке жұмыс жүргізуді күнделікті күн тәртібінен түсірмеуіміз тиіс. Оларға ақыл кеңесберумен бірге, сенім білдіреміз. Мысалы: “Иә, бұл сенің қолыңнан келеді”, “Мен де солай ойлағанмын”, “Меніңше саған көмектесудің қажеті жоқ, сен өзің-ақ жақсы игересің” т.б. Бала үлкендердің көзіне түсуге құмар келеді. Соның негізінде үлкендердің қойған талаптарын бұлжытпай орындауға тырысады. Сондықтан баланы үнемі мадақтап отырудың маңызы өте зор. Орынды мадақтау ондаған есекруден пайдалы.

Мұндай жұмыстар оқу әрекетінің жемісті болуында белгілі бір мәнге ие.
Алматы қаласының бастауыш сынып мұғалімі Р.Жолдашқызы мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру үшін мынадай қызықты тапсырмаларды орындатуды ұсынады.
1 – тапсырма.
Қате құрылған мәтінді сөйлемдерді орын-орынына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта қарастыру.
Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлып табыды. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. ´зі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты. Олырдың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәләелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Содан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.
Бұл жерде балаларға әдейі сюжеті таныс ертегі беріліп отыр. Мұның себебі, оларға ертегінің қалай басталып, қандай оқиға болатынын, соңы немен аяқталатынын білетіндіктен, сөйлемдерді орын-орнына қойып, жүйелі түрде айтып беру жеңіл болады.
2 – тапсырма.
Аяқталмаған мәтінді логикалық ойды бұзбай жалғастырып айту. Мысалы: Қоңырау соғылып, балалар үзіліске шықты. Келесі сабақ математика болатын. Мұғалым үйге қиын тапсырма берген еді. Сыныпта Мұраттан басқа ешкім қалған жоқ. Ол Айдостың отырған партасына барып, сөмкесін ақтара бастады…
Оқиғаны әр бала, бірін-бірі қайталамауға тырысып, өз ойымен аяқтаған дұрыс.
3 – тапсыпма.
´з ойынан ертегі құрастырып айту (Ертегіні қалай бастап, немен аяқтар деің?).

  • ….?

  • Ол биік ағашты таңдайды да, балтасын сермейді. Ағаш қуысынан бір алтын құс шыға келеді.

  • Құс адамша тіл қатады:

  • …?

  • Ертегі құрастырып айту алғашқыда қиындық келтіретіндей болса, тірек сөздер беруге болады. Шал мен кемпір, үш тілік, бәз-баяғы қалпына түсу.

4 – тапсырма.
Негізгі бөлімі жоқ ертегі мәтінін мазмұнына сәйкестендіріп оқиға ойлап жазу.
Бір шалдың ағайынды үш баласы болыпты. Олар ылғи да болмашы нәрсеге керісіп, төбелесіп қала береді екен. Бірде үшеуі ауыл шетіндегі орманға жиде теруге барады. Қайтар кезде басқа жолға түсіп кетеді де, ауылдарынан адасып қалады.
… … …?
… … …?
Осыдан кейін үш ұлы бірін-бірі сыйлап тату-тәтті өмір сүріпті.
5 – тапсырма.
Мазмұнын айту. Мәтіннің негізгі идеясын табу. (екі түрлі вариянт беріледі), (қайсысы тақырып, қайсысы негізді ойды білдіреді?).

  1. Кішкентай құмырсқалар.

  2. Құмырсқа илеуін бұзба!

Мысалы: Құмырсқа - ұйымдасып, жпбыла жұмыс істейтін жәндік. Құмырсқалар кішкентай болғанымен өте ұйымшыл келеді. Орманда жүріп адаасып кетсеңіз, құмырсқаның илеуіне қарап, бағыт-бағдарды анықтап алуға болатын көрінеді. ´йткені құмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайда келтіреді. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайда оларды қорғау сауап болады.
7 – тапсырма.
Берілген мәтіннің түрін анықтап, оны толықтыру.
Мысалы: Хабарландару! Менің өте әдемі, ақылды итім жоғалды. Тапқан адам болса, мына телеОонға хабарласыңыз: 91-12-17. (Қалай ойлайсыздар, иесі жоғалған итті осы хабарландыру арқылы таба ала ма? Бұл хабарландыруда тағы нені айту керек еді? Тұқымы, иттің түр-түсі, т.с.с. сипаттау керек).
Ана тілі сабағында (мысал ертегі) тірек сызбаны пайдалану, оқушыны ойын жүйелі жеткізуге үйретеді. Сызбаны оқытушы әр сабағының мән-мағынасына байланысты, Эстетикалық талғаммен қолдана білсі, материалданған әркет түрін иеңгеру үрдісін жеңілдетеді. Оқушның ой –толғауын суреттей алу, бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, өз бетінше ізденуге одан яғни тақырыптан жаңа ақпарат алыға тікелей ықпал етеді. Сызба арқылы әрекетету баланың сабаққа деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипттама бере білуге, тақырыпты талдай білуге ұмтылады.
Тірек –сызбаны тек ертегі, мысалдарда ғана емес өлең, әңгіме, т.б. тақырыптарда пайдалануға болады. ´йткені, әрбір өтілетін материалдарда әдебиет теориясы Элменттері; теңеу, Эпитет, оқиға желісін ажырату, кейіпкерлерге өз көзқарасын білдіру, жанр түрлерін ажырату, жоспар құру, өздігінен сұрақтар түзу, аяқталған ойдың шегін табу секілді тапсырматар ұЩан-теңіз. Ал, сызба жұмысы, осы мәселелерді ықшамды түрде шешуге, қорытынды жасауға тікіелей ықпал жасайды. Оқушыны жалықтармайды, қайта қызығушылығын, ынтысын, ойын дамытады.
Қызылтау мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Г.Қайырбекова 2-сыныпта өтілетінмысал, ертегілерге мынадай сызба түрлерін ұсынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет