Іі тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері



бет1/10
Дата20.01.2023
өлшемі415 Kb.
#165980
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі, Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі, Документ Microsoft Word (2) (30)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ


Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту.

Алматы - 2009
Мазмұны


Кіріспе.


І тарау. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың теориялық негіздері.

    1. Бастауыш сыныпта оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамытудың психологиялық-педагогикалық мәселелері.

    2. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәні арқылы оқу танымдық қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері.



ІІ тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері.

    1. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастыру мәселелері.

    2. 3-сынып ана тілі пәнін оқыту процесінде оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары.



Қорытынды.

Кіріспе.

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді.


1999 жылы маусымда ҚР-ң Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері айқындалды. Бұл принциптерде барлық азаматтардың тең құқылығы айқындалған. Халықың барлығы бірдей білім алу мүмкіндігі, жеке тұлғаның білім алуын ынталандыру және дарындылықты дамытуды қарастырады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” бағдарламасында “Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы туралы” Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін дамытуға ерекше көңіл бөлген.
Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттың ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты. Осы орайда егеменді еліміздің білім бнру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасаланып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде. Мектептегі оқу үрдісі оушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың белсенділігін, шығармашылық әрекетін дамыта білу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің біріне айналып отыр.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту болашақта білімді өз бетінше жинау алу қабілеттерін дамытуда жетекші рол атқарады және оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады.
Қызығу балалардың жақсы оқуына, оқығанын жақсылап ұғып алуына ықпалы зор. Егер балада қызығу болмаса, ол оқу пәндеріне, тәрбие жұмыстарына ешбір қызықпаса, оқудың да, тәрбиенің де жемісі болмас еді.
Қызығу туралы көптеген психологтар мен педагогтар зерттеген. Олардың ең көрнектілері И.О.Гербарт, К.Д.Ушинский, У.Мак Дугал, Э. Трондайк т.б. болды.
Әр түрлі жастағы оқушылардың танымдық қызығушылығының өзіндік мазмұны, ерекшеліктері жөнінде зерттеу бірқатар кеңестік ғалымдардың жұмыстаында қарастырылған. Оларды айтар болсақ: Н. Рыбникова, Л.Гордон, М.Беляева, И.Цветкова, Л.Маневцова, Н.Постникова, К.Романова, Р.Римбург, П.Сирбиладзе.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қызығушылық теориясын дамытуға үлес қосқан педагогтар мен халық ағарту қайраткерлерінің тамаша тобы қалыптасты. Олар – А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсыновтың ағартушық педагогикалық мұралары.
Ал қазіргі таңда қызығу теориясын зерттеуді жалғастырушылар Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев сияқты психологтар.
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев, О.Байқуатова сияқты педагогтар оқушылардың оқу танымдық қызығушылықтары шын мәнісінде оларда саналы оқу моивтерінің қалыптасуында екенін дәлелдеді. Балалардың оқу танымдық қызғушылығын дамыту мәселелерін шешуде Р.Жолдашқызы, Т.Жұрынова сияқты педагогтар бірнеше әдіс тәсілдер ұсынды.
Қазіргі кезде дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамытуда алатын орны ерекше. Дегенмен де, бұл мәселе әліде болса, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың жолдарын зертеуді қажет етеді. Сондықтан да біз диплом жұмысының тақырыбын “Бастауыш сыныпта ана тілін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту” деп алуымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет