Іі тарау. Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу танымдық қызғушылығын дамытудың әдістемелік негіздері



бет5/10
Дата20.01.2023
өлшемі415 Kb.
#165980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ана тілін оқыту формалары мен түрлері
2.1, Курс жұмыс тақырыптары (2), Ана тілі сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың тиімділігі, Ана тілін дебат технологиясы арқылы оқытудың ерекшелігі, Документ Microsoft Word (2) (30)
Жақсы жақтары:

  • өзімді қорғадым,

  • әлсіз досымды қорғадым,

  • өзімнің күшті екенімді дәлелдедім,

  • шындық үшін төбелестім т.б.

Жаман жақтары:

  • бетім көгерді,

  • ата-анам ұрысты,

  • жыладым,

  • досыммен араздастым т.б.

Бұл тапсырма бірте-бірте күрделеніп отырады. Мысалы: “Жаман-жақсы” ойыны. Балаға жақсы таныс зат не объект таңдап алынады. Сол затты сипаттау, оның жақсы немесе жаман қасиеттерін айтып шығу тапсырылады.
Мысалы: “Қарындаш”.
Жауаптар: -оның қызыл болғаны жақсы, ал жіңішке болғаны жаман, (неге екеніні дәлелдеу керек).

  • қолда ұстауға ыңғайлы, ал қалтаға салып жүруге болмайды.

  • ұзын болғаны жақсы, үшкір болғаны жаман.

  • ағаштан болғаны жақсы, тез ұштайсыз, ал бірақ абайсызда сынып қалатыны жаман.

  • қызыл болғаны жақсы гүлді бояйсың, ал шөпті бояуға болмайтыны жаман т.с.с.

Бұл тапсырмалар арқылы балалар объективті дүниені тану, диалектикалық заңдылықтарды ұғыну, оның қарама-қайшылықтарын түсіну сияқты қасиеттері қалыптасып, логикалық ойлай білуге үйренеді.
“Ақыл-ой Одиссеясы” технологиясы Элементтерін сабақ барысында қолдану нәтижесінде оқушылардың шығармашылық қабілеттері дамып, сабаққа қызығушылығы артады.
“Иә”, “Жоқ” әдісі
Бүкіл сыныптың тақырыптағы дұрыс, бұрысын дәлелдеп айту.
Абай ақын – иә.
әнші – жоқ.
ОилосоО – иә.
Дәптерге кез келген тақырып алып, әр қайсысы екі сөйлемнен жазып, яғни бір-бірлерінің ойын жалғастыру.
Дос – бір-бірлерінің түсінушілігі, бір-бірлеріне көмегін тигізу, қол ұшын беру, әрдайым қасында болу.
Топтастыру әдісі.

´сімдіктер сарғайып қурайды.


Құстар қайтады КҮЗ Күн қысқарып, түн ұзарады

Күн суытады


Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда сабақ түрлері мен әдістері көбейді. Ол сабақтарға сайыс сабағы, саяхат сабағы, ойын сабағы, т.б. Мұндай сабақтар оқушылардың есінде ұзақ сақталады, сонымен бірге көптеген мәлімет алады, ой-өрісі кеңейеді, ойлау қабілеті дамиды, сабақта белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.


Мысалы, сайыс сабағын өткенді қайталап пысықтағанда, саяхат сабығын танымдық қасиетті дамытуға, ойын сабағын жаңа тақырыпты түсіндіргенде немесе үй тапсырмасын сұрағанда жүргізуге болады.
Қазір әдіскер мұғалімдер сабақты тартымды, қызықты өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекі құралдар, дидиактикалық ойындар, сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолданып жүр. Бір сарынды сабақтар баланы жалықтырып, сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді.
Мысалы, тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар ңКім көп біледі?, ңСуретке қарап әңгіме құра, ңСөз ойла тез ойла т.б. ойындар ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорды молайтып, тіл дамытуға арналған.
ңКім тапқыр? Ойынын ана тілінен өткен сабақтарды қайталау мақсатында қолдануға болады. ´тілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты мәтіннің атын табу және жалғастырып айту.
3 – сыныптың ана тілі пәнінен ңҚыс таруындағы Абайдың ңҚыс атты өлеңін өту барысында оқушыларды қыстың өзіне тән ерекше белгілерімен, қысқы табиғаттың тамаша көріністерімен таныстырып, қыста ауа райының қалай өзгеретіні, оған адам мен хайуанаттардың қалай бейімделетіні, адамдардың қысқы еңбегі мен хайуанаттардың тіршілік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру маңызды. Сонымен бірге оқушылардың өздеріне қатысты мәселелер төңірегінде (қысқы ойындары, олардың Жаңа жыл мерекесін өткізуі, қоғамдық пайдалы еңбектері және т.б.) әңгіме жүргізу олардың көңілдерін көтеріп, сабаққа психологиялық дайындық жүргізілу қажет.
Бұл өлеңді өту кезінде оқушыларды әсерлендіріп, қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында мынадай әдісті қолдану тиімді.
ңСөзбен сурет салуң. Сөзбен сурет салу үшін бірінші шумақ бойынша мынадай сұрақтарды қамтитын жоспар жасалады:

  1. Шалдың киімі қандай? (аппақ).

  2. Денесі, түрі қандай? (денесі ұзын, ақ сақалды).

  3. Мінезі қандай? (мінезі қатал, ештеңені көрмейтін, соқыр адам сияқты).

  4. Үсті қандай? (үстін ақ қырау, мұз басқан, сондықтан жүргенде сықырлайды).

Осы айтқандарыңды көз алдырыңа келтеріңдер. Қыстың қатал көрінісі немесе сұсты Аяз ата елестейді. Егер сендер суретші болсаңдар осы көріністі қалай салар едіңдер деп, оқушыларға ауызша ңсөзбен сурет салғызадың.
Шығармашылық жұмыс.
ңЖазық, орман даланы, ауыл көрінісін көз алдырыңа елестетіңдерң деп әр қатарға жеке тапсырма беріледі:
1-қатарға жазық даланы, 2-қатарға орманды даланы, 3-қатарға ауыл көрінісін әңгімелеп беруі тиіс. Мұғалім: ңЖер аппақ, теп-тегіс, ағаштар көрпе жамылғандай, бүкіл орман тыныштықтаң дей келіп, осы айтқандарын көз алдарына 1-2 минут балалардың көздерін жұмғызып, елестетуді ұсынады. Осыдан кейін біртіндеп көздерін ашқызып, ңәне қоян көрінді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, құстардың даусы естілді, орман жәндіктерініңі тіршілігі басталдың деп, балалаларға түрлі елестер беру арқылы оларға Эмоционалдық әсер бере оқыту оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншелегін, сабаққа деген ынтасын арттырады.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда сабақ барысында мәтін мазмұнынна сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді. Мысалы: орыс жазушысы В.Сухомлинскийдің ңАқ шашң әңгімесін өту кезінде әңгіме екйіпкері Мишадан оқушыларға хат келеді. Хатта былай делінеді:
ңСәлеметсіңдер ме балалар? Сабақтарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет болып тұр. Маған көмектесіңдерші! Мен мамамның шашын ағартпас үшін, оның жүрегін ауыртпас үшін не істеуім керек?ң деп аяқтайды хатын Миша. Хатты бір оқушы алып оқиды. Қалғандары Мишаның сұрағына жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді және бұл тапсырманы үйде жазып келуге тапсыруға болады.
Балалардың қиялын, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту үшін әрі ынты-ықыласын артт ыру үшін ңҚиялдауң ойынын ойнатуға болады. Мысалы, Тұманбай Молдағалиевтың, МұзаОар әләмбаевтардың мамандыққа байланысты өлеңдерін оқыту барысында

  • Егер сен дәрігер болсаң не істер едің?

  • Егер сен мұғалім, инженер, жазушы, ғарышкер болсаң не істер едің? - деген тірізді сұрақтарға оқушылардан жауап ала отырып, әр мамандық иесінің орнына өздерін қойып, олардың ерекшеліктерін жете меңгерту көзделеді.

Сонымен қатар ұлттық-дидактикалық ойындардың да оқыту мен тәрбиеде алатын орны ерекше. ңКеруенң ойыны:
Мақсаты: Баалалардың ойлау шапшаңдығын қалыптастыру, зеректігін, байқағыштығын арттыру.
Мазмұны: Тізбектелген түйенің қатарын ңкеруенң деп түсінеміз. Әр түйеде тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылады. ңСоңғы түйенің жүгі ауырң деген мақалды пайдалана отырып, соңғы бала күрделірек тапсырманы орындап шығады.
Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, яғни жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу – табандылық, төзімділік, өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу, баланың өз түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандыру арқылы рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынадай оқыту әдістерін ұсынар едім:
µлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.
Бастауыш сыныртарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Мысалы, 3-сыныпта ана тілін оқыту барысында мақал-мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жасауға болады.

  1. Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу, оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету.

  2. Көрініске, табиғатқа, суретке қарап тұрып мақал айту + салу керек.

  3. Мақал-мәтелдер айтысы.

  4. Мақал-мәтелдерге сай оқиға ойластыру.

Мысалы: ңМал - баққанға бітедің.
Асанға атасы базардан бұзау сатып алып берді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Ербол оған қатты қызықты. Бірақ ол ойынды, сотқарлықты жақсы көретін.Бір күні көршісі Ерболға да ата-анасы бұзау сатып алды. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді, бірақ шөп орып беруге ерініп, ойынға қызығып кетіп қалатын. Суды да уақтылы бермейтін. Бір күні бұзауы ауырып өліп қалады. ңМал –баққанға ғана бітедің-деген осы емес пе?
Оқушыладың ана тілі пәніне қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Оқушы ана тілі пәніне көңіл бөлмей, ол бойынша үйге берілген тапсырманы да орындамайтын болса, мұндай жағдайда, оқушыларға көптеген ертігі, немесе әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және олардың ішінен біреуі туралы хабарлама дайындау тапсырылады. Ослай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы бірте-бірте арта береді.
Балалардың кітапқа деген құмарлығын арттыру үшін ңКітап әлеміне саяхатң атты көрме ұйымдастыруға болады. Мұғалім суретті кітаптарды көрсетіп, әңгімелерді мәнерлеп оқиды. Балалар әңігімеден алған әсерлері бойынша сурет салады. Осындай суреттерден көрме ұйымдастыруға болады.
Оқушылардың нана тіліне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызық өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.
Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі мақсатта қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі - ойын ойнау мақсатында.
Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді.
Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға баулиды. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.
Тақырапқа сай жүргізілген ойын түрлері ойын Элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.
´тілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.
Ана тілі сабақтарынад мынадай ойын түрлерін жүргізуге болады: ңКім көп біледі?ң ойын тәртібі бойынша мұғалім және оқушының алдында санағыш жатады. Берілген тапсырмаға сәйкес дұрыс жауап берген бала таяқшаларды қорапқа салып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет