Суда еритін дәрумендер. В1 дәрумені организмде белоктың, майдың, көмірсулардың алмасуына әсер етеді. Организмде бұл дәрумен жетіспесе нерв жүйесі аурулары өршиді. Бұл сүт құрамында не бары 2-3мг мөлшерінде ғана кездеседі. Сүтті қыздырған, қайнатқан кезде В1 дәруменінің мөлшері 10-20% азаяды. В2 дәрумені – 1-ші рет сүттің сары суынан бөлініп алынған. Организмде В2 дәрумені жетіспесе, ұлпалардың тыныс алу процесі нашарлап, органикалық заттардың тотығуы төмендейді.
В12 витаминінің құрамына кобальт кіреді. Организмде осы витаминнің азаюы қаны аздық ауруына шалдықтырады.Сүт құрамындағы мөлшері-0,4 мкг.
С витамині жетіспесе, адам цинга ауруына шалдығады. Витаминнің бұл түрі тотығу-тотықсыздандыру процесіне қатысады. С витаминінің сиыр сүтіндегі құрамы — 1,5 мг/%, бие сүтіндегі құрамы — 10 мг/%, кейде одан да жоғары. Сүтті қайнатқан, қыздырған кезде С витаминінің мөлшері 30—60 процентке дейін азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |