Іі. Заттың сапалық ҚҰрамын анықтау


Сілтілердің NaOH, KOH әсері



бет67/125
Дата28.02.2023
өлшемі1,45 Mb.
#170468
түріҚұрамы
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125
Байланысты:
²³. Çàòòû? ñàïàëû? ??ðàìûí àíû?òàó
Асқорыту жүйесінің жас ерекшелігі., annotation124256, Нурмухамедов К., "Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау"
2. Сілтілердің NaOH, KOH әсері
NaOH, КОН ерітінділері Со2+ катионымен әрекеттесіп, бастапқыда көгілдір түсті СоОНСl тұнбасын түзеді, тұнба біртіндеп қызғылт түсті Со(ОН)2 тұн-басына өтеді:
СоСl2 + КОН → СоОНСl↓ + КСl
Со2+ + ОН- + Сl- → СоОНСl↓
СоОНСl↓ + КОН → Со(ОН)2↓ + КСl
Көгілдір СоОНСl↓ тұнбасы аммиак ерітіндісінде оңай еріп, сары түсті кобальт аммиакатын түзеді:
СоОНСl↓ + 7NH4OH → [Co(NH3)6](OH)2 + NH4Сl + 6H2O
Түзілген қызғылт тұнба Со(ОН)2↓ реактивтің артық мөлшерінде ерімейді, бірақ ауада тотығып қара-қоңыр түсті Со(ОН)3↓ тұнбасына өтеді:
4Со(ОН)2↓ + О2 + 2Н2О → 4Со(ОН)3
Егер, қызғылт Со(ОН)2↓ тұнбасына сутегі пероксидін қосса, қара-қоңыр түсті Со(ОН)3↓ тұнбасы бірден түзіледі:
2Со(ОН)2↓ + Н2О2 → 2Со(ОН)3
Кобальт(ІІ) тұздарына сілтілік ортада сутегі пероксидін қосқанда қара-қоңыр түсті Со(ОН)3↓ тұнбасы түзіледі:
2СоСl2 + Н2О2 + 4КОН → 2Со(ОН)3↓ + 4КСl
Тәжірибе:
3-4 тамшы кобальт(ІІ) тұзы ерітіндісіне жайлап бір тамшыдан NaOH неме-се КОН ерітіндісін қосып, көгілдір түсті негіздік кобальт тұзының СоОНСl↓ тұнбасының түзілгенін және ары қарай тамшылата NaOH немесе КОН қосып, кобальт гидроксидінің Со(ОН)2↓ қызғылт тұнбасының түзілгенін байқауға болады. Шамалы уақыт өткенде Со(ОН)2↓ қызғылт тұнбасы Со(ОН)3↓ тұнбасына дейін тотыққандықтан қоңырқайланады.
3. Аммоний немесе калий роданидінің NH4SCN, KSCN әсері
Со2+ катионы аммоний немесе калий роданидімен NH4SCN, KSCN әлсіз қышқылдық ортада тетрацианатокобальтат(ІІ) -ионының комплексті қосы-лысын түзеді:
СоСl2 + 4NH4SCN → (NH4)2[Co(SCN)4] + 2NH4Cl
Co2+ + 4SCN-[Co(SCN)4]2-
Аммоний кобальтатының тетрароданының (ІІ) (NH4)2[Co(SCN)4] әдемі ақшыл көк түсі бар [Co(SCN)4]2- ионы тұрақсыз, сулы ерітіндіде тез ыдырап кетеді. Бірақ, егер де ерітіндіге амил спиртін (немесе оның эфирмен қос-пасын) қосып шайқаса бұл комплекс еріткіштер қоспасына ауысып, (ол суға қарағанда жақсы ериді) спирт қабатын көк түске бояйды. Реакция журу үшін [Co(SCN)4]2- ионының диссоциациялануын жүргізбеу керек:
[Co(SCN)4]2- → Со2+ + 4SCN-
Ол үшін SCN- ионының артық мөлшерін қосады.
Тәжірибе:
Сынауыққа кобальт(II) тұзының ерітіндісінің 2-3 тамшысын құйып, оған 8-10 тамшы аммоний роданидінің қаныққан ерітіндісін, 5-6 тамшы эфир қоспасымен амил спиртін қосып, шайқағанда, ерітіндінің беткі қабаты ашық көк түске боялады.
Реакцияның жүру жағдайы:
1) Со2+ катионын анықтауға Cu2+, Fe3+, Bi3+ катиондары кедергі болуы мүмкін, сондықтан төмендегі жол бойынша Со2+ катионын бүкіл аналити-калық топ катиондарының қатысында анықтауға болады.
Тәжірибе:
Фильтр қағазының жолағына концентрлі аммоний роданиді еpiтіндісінің 1 тамшысын тамызады, осы даққа 1 тамшы кобальт(ІІ) тұзының ерітіндісін тамызып, қағазды аммиак буында ұстап (аммиактың концентрлі ерітінді-сінде), жанғыштың жалынында кептіреді. Егер, Со2+ катионы бар болса, дақтың шеткі бөлігі көк түске боялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет