As(V) катионын анықтау. Ерітіндіден As(V) магнезиалды қоспамен немесе молибден сұйығымен анықтайды.
Сr3+ катионын анықтау. Центрифугат ерітіндісінің сарғыш түсі ионының барын көрсетеді. Сr3+ катионының барын Н2СrО6 қышқылына ауыс-тыру арқылы да білуге болады.
V, VI аналитикалық топ катиондары гидроксидтерінің анализі.
Жұмыстың басында сақтап қойған V, VI аналитикалық топ катиондары тұнбасын H2О2 қатысында HNО3 қышқылымен өңдейді де, қыздырады.
Тұнба ериді (Mn4+ → Mn2+, Co3+ → Со2+ өтеді), ерітінді көлемін екі есе су қосып көбейтеді, гидролиз нәтижесінде SbO(OH)3 тұнбаға түседі, ерітіндіде V, VI аналитикалық топ катиондары болады: V топ катиондары − Fe3+, Mg2+, Mn2+, Bi3+ және VI топ катиондары − Cu2+, Cd2+, Со2+, Ni2+, Hg2+ түзіледі. Тұнбадан Sb+5 катионын анықтайды.
Sb5+ катионын анықтау.
SbO(OH)3 тұнбасын HC1 ерітіндісінде ерітіп, оған темір үгіндісін қосып қыздырады (Sb+5 → Sb°) немесе қалайы фольгасында қара түсті металдық сурьмаға дейін тотыксыздандырады.
Тұнбадан центрифугамен бөліп алынған V, VI аналитикалық топ катион-дары бар (Sb+5 басқа) ерітіндіге рН = 8-9 болғанша концентрлі NH4OH ерітін-дісін қосады. Ерітіндіде VI аналитикалық топ катиондарының аммиакаттары − [Cu(NH3)4]2+, [Cd(NH3)4]2+, [Hg(NH3)4]2+, [Co(NH3)6]2+, [Ni(NH3)6]2+ болады. Ал тұнбада V аналитикалық топ катиондарының гидроксидтері − Fe(OH)3, Mg(OH)2, Mn(OH)2, Bi(OH)3 түзіледі. Тұнбаны центрифугамен бөліп алып, анализдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |