Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет165/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

 
Аннотация:
Қазақ поэзиясында өзіндік дара шығармашылық тұлғасымен даралана танылған 
Өтежан Нұрғалиевтің лирикалық өлеңдері мен эпикалық шығармалары ХХ ғасырдың 50–70-
жылдарындағы қазақ поэзиясының өсу, кемелдену келбетін құрайды. Лирикалық және 
эпикалық шығармаларында өмір шындығы құбылыстары жеке мен жалпы, қарама-
қайшылықтардың күресі мен бірлігі және т.б. философиялық-психологиялық күрделі 
поэтикалық сипаты бар Өтежан Нұрғалиевтің поэзиясын арнайы қарастыруы өзектілігі 
осындай зәру мәселелер аясында айқындалады. 
 
ХХ ғасырдың 50-жылдары – қазақ поэзиясына хакім Абай дәстүріндегі жаңа толқынның 
мол шоғыры келген кезең. Қазақ поэзиясындағы хакім Абай және оның ақындық мектебінен 
(Шәкәрім, Ақылбай, Көкбай, т.б.), одан кейінгі Шәңгерей, Мағжан, Бернияз, Сұлтанмахмұт, 
т.б. тұлғалар жолы жаңа таланттармен жалғасты. Ғафу Қайырбеков, Тоқаш Бердияров, 
Қуандық Шаңғытбаев, Зейнолла Шүкіров т.б. таланттар жаңа серпінмен қосылды. Осы жаңа 
толқын өкілдерінің қатарындағы Өтежан Нұрғалиевтің шығармашылығы да ұлттық сөз өнері 
рухани қазынасын байытқан сипатымен даралана танылды.
Әлем халықтары ақындарының поэзиялық мұраларында лирикалық өлеңдердің мол 
жырланатыны мәлім. Лирикалық өлеңдер жырлаушы автордың жан әлемі кеңістігіндегі 
тебіреністерден, толғаныстардан туындайды. Лирикалық өлең – туынды авторының жан 
діліне ықпал еткен жағымды, жағымсыз жағдайлардың әсерін өмір шындығы 
құбылыстарымен, қасиеттерімен сабақтастырады. Шығарма авторын қоршаған қоғамдық-
әлеуметтік ортаның қабылдау ықыласын иеленетін лирикалық өлеңдер бүкіл адамзат 
ұрпақтарына ортақ сезім әлемін көркем шындықпен жырлаған құдіреттілігімен құнды.
Өтежан ақын шығармашылығында махаббат лирикасы тобындағы өлеңдері де мол. 
Ақын лирикасының басты ерекшелігі – нәзік сезімге, ойлы толғанысқа құрылуымен 
ерекшеленеді. Махаббат лирикасы – әлем әдебиетінің ежелгі замандардан бері үздіксіз 
жырланып келе жатқан, байырғы жанрларының бірі. Шығыстың және Батыстың классикалық 
поэзиясында тұрақты жырланған махаббат лирикасы өлеңдерінің қазақ поэзиясында да 
ұлттық бояулы өрнектерімен жырланып келе жатқаны мәлім. Хакім Абайдың, Шәкәрім 
Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Сәкен 
Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтің, Қасым Аманжоловтың, Мұқағали Мақатаевтың және 
т.б. ондаған ақындарымыздың поэзиясында махаббат лирикасы тобындағы өлеңдер ұлттық 
бояулы қалпымен әлем әдебиеті классикалық шығармаларымен үндес
 
деңгей жырланып 
келеді. 


179 
Ақынның өлеңдеріндегі лирикалық кейіпкерлер ғашықтық сезімдерінің аясында 
тіршіліктің барлық құбылыстарымен сырласады. Үнемі сағынумен, аңсаумен, кейде 
қуанумен, немесе ренжумен жүретін адамдардың жан дүние әлеміндегі сезім өрнектері 
ғашықтық ғаламатын жырлауға құрылады. Әсіресе сүйгенін сағынумен, аңсаумен жүретін 
ғашық жанның, жүрегінен төгілген сырларды поэзиялық тілмен жырлауда ақындардың 
махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері айрықша ықпалдылығымен ерекшеленеді. 
Мысалы, «Сағыныш» атты өлеңдегі лирикалық кейіпкердің тебіреністері табиғат пен адам 
көңіл-күйін психологиялық егіздеумен өрнектелген: 
Терезеңнен телміріп, Ай қараса, 
Күміс сәуле бетіңді аймаласа, 
Ол сағынған мен деп біл, 
Уақыт өтті, 
Уақыт өтті мінекей айдан аса, 
Сыбыр қағып мезгілсіз жасыл терек, 
Түнде ұйқыңды жіберсе ашып кенет, 
Ол да менің мазасыз жаным шығар, 
Бір көруге өзіңді асық жүрек [1. 31]. 
Ғашықтардың оңаша қауышқан, кездескен сәттері – Адам Ата мен Хауа Анадан беріп 
келе жатқан аса әсерлі қайталанбас тәтті, ыстық сезімдер тоғысуының кезеңдері. Шынайы 
сезімдер толқыныстарын, толғаныстарын тұтастырған екі жыныс иесінің құшақтасқан, 
аймаласқан қимылдары тұтасқан сол бір сәттер лирикалық өлеңдердің композициясындағы 
романтикалық және реалистік сарындар шынайылығымен суреттеледі. Лирикалық кейіпкер 
жігіттің аймалаған аруымен бірге қауышқан сәтті де, алыстап кеткендегі ұмытылмас 
бейнесін де бейнелеу өрнектерімен жырлауынан өмір шындығы суреттерінің романтикалық 
сипатпен қамтылуын танимыз: 
Мойнымда сезем бір сәт ақ білекті, 
Сол минут бар ғұмырдан тәттірек-ті. 
Тып-тыныш жапырақтар төбемізде, 
Күн де алыс
 
көпжиекте батты. [1 .37]. 
Демек, аталған кезеңдегі әдеби үдеріс арнасындағы Өтежан Нұрғалиев 
шығармашылығындағы балладалардың да болғаны – ұлттық сөз өнері дамуының 
жаңашылдық тағылымын байқатады. Ақынның балладалары әлем әдебиетіндегі романтизм 
көркемдік әдісімен жырлаудың қазақ поэзиясындағы көрнекті үлгілері қатарын құрайды. 
Балладалардың идеялық-композициялық желісінде сюжеттік бөліктері мен лирикалық 
толғаныстар тұтасқан құрылымнан өмір шындығы оқиғаларының көркемдік-эстетикалық 
ойлау тағылымы танылады. 
Тура 90 жыл өткенде әрісі романтикаға, берісі сұлу шумақтарға, мінсіз ұйқастарға, 
нәзік ырғақтарға буыны балқыған оқырманды Өтежан Нұрғалиев қазақтың соғыстарда 
шыңдалған кәдімгі қара сөзімен қайтадан жолықтырып, және бір селт еткізген еді. 
Бір ескеретін нәрсе, «Соғыстың соңғы жазынан» Өтежан Нұрғалиевтің бұған дейінгі 
лирикасына тән нәзік өрнекті суреттерді табу қиын. Ақын біріне-бірі байланған тағдырларды 
өзек еткен балладаларында жұлдызы сүттей ұйыған қою түндерге ғашық болмайды, 
алаураған таңға таң қалмайды, сәулетайы үшін күннің жалқынын жұтпайды, сүттей шам 
жанған көшеде жүрмейді, лаулаған қызыл орамалдай көктемін іздемейді… Ақын «Соғыстың 
соңғы жазында» махаббат лирикасының өзін өзге тілімен сөйлетеді: 
…Мен де жігіт болғаным ба, шынымен, 
Осы қызды ойлап шықтым түнімен. 
Көзім түсіп кеткен сайын көзіне 
Қорадағы баспақ құсап сүрінем… 
Бұл — пойызға мінген жасөспірімнің жирен сары қызды көргеннен кейінгі көңіл-
күйінің бір сәті.Тіпті бұл жылдардағы арманның да, бақыттың да, байлықтың да сипаты 
бөлек: «Ол кездегі қиялшылдың ермегі — Кере қарыс қарындашты армандау»; «Бақыт деген 


180 
— менің тұңғыш шалбарым, Он үш жаста күлген маған ақсиып»; «Сол баладан «бақыт не?» 
деп сұрасаң, «Есекке артқан екі қапшық ұн» дейді»; «Қандай бақыт мәңгі-бақи тоқтаса, Қан 
соғыстың қиян-кескі атысы!»; «Бір қарындаш — сойып берген қойындай, кітап берсе — қыз 
ұзатқан тойындай», «Отын керек уілдеген боранда, Шекер керек жемесең де, жалайтын»… 
Осы арада сәл іркілейік. Өтежан балладаларының жалпы мазмұны немесе жеке 
оқиғалары, түпкі идеясы әйтпесе шежірелік салмағы әр оқырманға жеткілікті таныс 
болғандықтан, бұл жайларды біз тағы да қайталап еске салуды жөн көрмедік. Бізге қалам 
ұстатқан жай мынау: Өтежан оқырманды ынтықтырып отыратын қандай тәсілдерді қалай 
пайдаланды? 
Айталық, кейіпкердің бейнесін әсерлі сомдау үшін тарихта болған немесе әдебиет 
арқылы әбден танымал образға айналған басқа бір кейіпкерді шендестіре пайдалану әдісі 
бұрыннан бар. Әрине, бұл ретте сол екеуінің әлдебір әрекетінде немесе сыртқы дене-
тұрпатында әлденендей ұқсастық болуы шарт. Ө.Нұрғалиевтің балладалары, міне, осы 
қағиданың ережелерін қанып ішіп алған тәрізді. 
«Талай жерде әзірейілдей тергеген», «жеті әкені құртып барып тоқтайтын», бүгінде 
«ши аяқ» шал болған, дертке шалдыққан Шынтемір бригадирді жетпісінші жылдардың 
соңында қайта көргелі тұрған ақынның тіліне мынадай жолдар іліге кетеді: 
…Кеше ғана Абылайдай Шынтемір 
Ордаларды отап жүрген ойрандап… 
Шіркін, айбынды да айдынды сурет емес пе?! Бригадирдің қаһарын көз алдыңа әкелу 
үшін хан Абылай мен ойрандалған ордадан артық нендей қосымша теңеу керек. Бұны 
түсінікті делік, бірақ Өтежан батырлыққа тіпті де қатысы болмаған, қару ұстамақ түгілі атқа 
мініп шапқаны неғайбыл әлдекімді жақынырақ таныстыру үшін атақты батырларды да 
құрбандыққа шала салады:
…Дырау жігіт Қобыланды, Манастай 
Болған екен суармаған ағаштай… 
Бұл — ешқандай да ерлік жасамаған, бар-жоғы «айналасы салтанатқа малынған», 
«жолағы бар костюмінің өзіне көркем қыздар әулиедей табынған», әттең, сол тірлікпен 
біржола қоштасқан, «азуы жоқ, тырнағы жоқ арыстанға», «тісі сынған пілге» айналған 
бұрынғы салқам мырзаның бүгінгі кейпі. Басқаша баяндалса, аса есте қалмауы да мүмкін, 
бірақ қасына Қобыланды мен Манасты қосқан соң, болымсыз бейне қанық бояуға малынып 
айқын көрінеді. 
Ақын бір мезет орыс тарихының бізге етене таныс беттерін парақтай 
кетеді.Шөпшілерге сойылып берілуге тиіс жынды өгіз мүйізін шанши өкіріп, жыртық 
үйлерді сүзіп, жұрттың үрейін алған шақта тәуекелге бел буған, бірді-екілі медальдары 
сылдырлаған Тәжібай басқарманың жеңін түрініп, қолына ақ балтаны алған сәті («Жынды 
өгіз бен Тәжібай») ақынның бала көңіліне былай тоқылып қалыпты: 
…Пугачев боп тұрды сонда Тәжібай — 
Айбалта ұстап босағадан көрінген… 
«Активтерін балапандай шұбыртып жүретін» осы басқарманың тағы бір суретін ақын 
былай безендіреді: 
…Биыл көктем өзі аздап арыған, 
Шығанақтық жасаймын деп тарыдан… 
Қазақ ақындарының ішіндегі ең білімдарлардың бірі, жер-жиһан әдебиетін шағып 
оқыған Өтежан, әрине, ежелгі шет жұрт мұраларының қай кейіпкерін де балладаларының 
ішіне мұрнын тескен тайлақтай жетектеп әкеліп қосып жібере алар еді (кейінгі «Афина 
мектебі» кітабын еске алыңыз), бірақ оған бармайды. Кей тұстарда ретімен ғана 
пайдаланады. Бірер мысал келтірейік. 
Қалқа — махаббаттың аққуы, Қалқа — заңды некедегі қосағы болғанымен «жиырма 
бес жылдық әскерлік оқуға алынған», «Горькийдегі генералдың қызына айтпай жүріп 
үйленіп алған» Жарасты күтумен өмірін өткізген мұңды ару. Сол Қалқаның тағдырын ақын 
«Қалқа туралы аңыз»балладасының бір тұсында былай айшықтайды: 


181 
…Махаббаты — мұзға кеткен жылудай, 
Махаббаты — жылжымаған ұлудай. 
Одиссейді он жеті жыл күтумен 
Кемпір болған Пенелопа сұлудай [2.62]. 
Қазақ (әрине, басқа ұлттар да) жоқшылық жалмаңдап тұрған замандарда, сиырдың 
сүтін былай қойғанда, ешкінің, түйенің сүтін (қазіргідей ем үшін емес, талғажау ету үшін) 
таңдайға басқан ғой. «Қара нардың желінінен жарылып, Таңдайыма төгіледі сүт аппақ» 
дейтін Өтежан тағы бір тұста бұл жағдайды «Түйе туралы аңыз» балладасында былайша 
нақтылап анықтай кетеді: 
…Қасқыр емген Рәміл мен Рымдай, 
Үшінші ана болды маған қара нар…[3.504] 
Көшер класком болатын жылы мектепке жаңадан келген мұғаліммен ақын былай 
таныстырады: 
…Бүгін ғана келген ағай алыстан, 
Бүгін ғана мектебімен танысқан. 
Жағал сүрік кепкесіне қараймыз 
Марсиандай келіп түскен ғарыштан… 
Ақынның кейіпкерлері осылар ғана ма? Жоқ, олар көп.
Бірер ғана өлең емес, бірнеше ғана баллада емес; тура төрт кітапқа жалғасқан тұтас 
дүние ұсынуға тәуекелі жеткен автордың, әрқалай оқиғалар әртүрлі тәсілдермен баяндалып 
отырған шақта, басты тақырыпқа негіз болған өткен күндер, өмір мен соғыс туралы 
байламдарды әлсін-әлсін осылай еске салып отыруы баяғы батырлар жырында кездескенде 
ішіңді бүлк еткізетін «әлқиссалар» секілді әсер беріп, сезіміңді кенет дір еткізеді екен. 
Жалпы, Өтежан Нұрғалиев өмірдегі сияқты өлеңдегі де жаттандылықты, 
бірсарындылықты ұнатпай өткені мәлім. Бұл туралы ақын Ертай Ашықбаев былай деп еске 
алады: «Мысалы, біз, КазГУ-дің журналистика факультетінің бастапқы курстарындағы елу 
шақты студент, бірде шағын аудиторияға Өтежанды кездесуге шақырғанбыз. Ағамыз сол 
кездесуге басқаны емес, әлі кітабы шықпаған, былайғы жұрт түгілі, өлең жазып жүрген біз де 
білмейтін, жаңылмасам, Семейден Алматыдағы «Жігер» фестиваліне қатысуға келіп жүрген 
Әбубәкір Қайранды (ол кезде Қайранов) ертіп келіп, ол туралы ғажайып мақтау сөздер 
айтты, Әбубәкірге қасқыр туралы өлеңін оқытып, «өлең осындай болуы керек» деген 
мағынада пікір білдірді.
Сонымен, 
ақын Өтежан Нұрғалиев шығармашылығын поэтикалық тұрғыда 
қарастырдық. Бұл жұмыста Ө.Нұрғалиевтің ақындық қолаңбасын, өзіндік даралығын, 
стильдік ерекшелігін танытқан сүбелі лирикаларының жанрлық қырларын жеке - жеке 
талдауға арнадық.
Қорыта келгенде, Өтежан Нұрғалиев қазақ әдебиеті тарихының 60-жылдардан бергі
кезеңінде айқын қолтаңбасы бар, даралығымен танылған, ерекше орны, биік сөресі
бар айтулы ақын екендігі зерттеу жұмысымызда тұжырымдалып, дәлелденді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет