Ііі халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет196/330
Дата07.02.2022
өлшемі7,21 Mb.
#84247
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   330
Байланысты:
3 том (1)

Субмәдениет
(лат.sub – төменгі, kultur – мәдениет) – ірі құрылым ішіндегі белгілі бір 
топтар, бірлестіктер мәдениеті дегенді білдіреді. Субмәдениет көбінде қоғамда өктем тұрған 


218 
мәдениет пен әлеуметтік құрылымға оң немесе теріс қатынас нәтижесінде пайда болады. 
Қазіргі жағдайда субмәдениет үлкен аймақтық, ұлттық мәдени құрылым негізінде пайда бола 
отыра сол мәдениеттегі классикалық дәстүрден тысқары тұрады. Субмәдениеттің әлеуметтік 
бастауын әр түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты топтар, бейресми бірлестіктер, т.б. 
құрайды [1– 558].
Субмәдениеттің көбіне жақсы және жаман әрекеттерін бөліп қарастыруға болады. 
Субмәдениеттің өкілдерін көшеге шықсаңыздар кез келген бұрыштан көре аласыздар. 
Субмәдениеттің жалпы алғанда 4топқа бөліп қарастыруға болады . Олар: 
1.
Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай 
біріккен топ;
2.
Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында 
қауымдасқан топ; 
3.
Интернет-субмәдениеті – Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ 
тіл табысқандар;
4.
Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және 
футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.
Қазірде ең көп таралған топ өкілдері музыкалық субмәдениет. Жастардың ең көп 
бөлігі осы музыкаға әуес. Музыка арқылы олар өздерінің мақсаттарын, ерік-жігерліктерін 
мүлде жоғалтады. Жастардың бұл мағынасыз бірлестіктерге кіруінің бірнеше себептері бар: 
отбасындағы түсініспеушіліктер, барлық адамдар сияқты болуды қаламау, тұрақталу қалауы, 
өзіне көңіл аудартқысы келеді, мода қуу, батыстық бейнеге еліктеу, өмірлік мақсаты болмау, 
жас ерекшелік, эмоционалдық қажеттілік т.б. 
Эмо, гот, рэппер, рокер, байкер деген сөздер жастар үшiн таңсық емес. Бұл сөздер 
жасөспiрiмдердiң ұйымдарына да қатысты айтылады. Алғашқы кезде субмәдениеттiң 
қалыптасуына 
музыкалық 
топтар 
әсер 
еттi. Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок өмiрге келдi. 
Нәтижесiнде готтар субмәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi ұстанатындар готикалық 
әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты өзгешелiктерi – киiмдерi қара түстi, металл 
бұйымдарды тағуы және өздерiне тән макияж жасауында. Сондай-ақ, ең басты қолданыстағы 
атрибуттары – анх символы, адамның бас сүйектерi, жарақат және пентаграммалар. Олардың 
өздерiне тән музыкалық әуендерi де жетерлiк. Дүниежүзiнде готикалық мәдениеттiң 
дамығаны соншалық, жыл сайын 25 мыңға жуық адам Германияның Лейпциг 
қаласында “Wave Gotik Treffen-WGT” атты фестивальге жиналады. Әйткенмен, готтардың 
субмәдениетiн қоғам жылы қабылдамады. Себебi олар суицидтi, депрессияны, сатанизмдi 
насихаттайды. Психологтардың пiкiрiнше, аталған топ өкiлдерi үнемi психологиялық 
күйзелiсте жүредi екен. Заманның жаңаруы жастардың жаңаруы шығар, бірақ заман өзгерді 
екен деп заманды қолдан өзгерту нағыз ақымақтық.
Қазіргі таңда жастар арасында 
жаргон
және 
сленг 
сөздер жиі қолданылып жүр.
Жаргон
– (франц. 
jargon
) – жалпыхалықтық тілден өзгеше, белгілі бір топтың 
арасында ғана қолданылатын әдеби нормадан тыс сөздер [2]. Ұрылардың жаргоны, 
дворяндық жаргон, мектеп жаргоны, солдаттар жаргоны т.б. түрде кездеседі. Жаргонның 
жалпыхалықтық тілден айырмашылығы оның лексикасы мен фразеологиясында. Жаргон 
аргомен мағыналас, оның аргодан айырмасы: жаргон жағымсыз (қорлау, жақтырмау) ұғымда 
қолданылады. Мыс: супен (сүйкімсіз), ылай, көк мойын, ащы (арақ), телик (теледидар) т.б. 
Сленг
– (англ. 
slang
жаргон) – белгілі бір кәсіп, мамандық немесе әлеуметтік топ 
адамдары қолданатын сөздер мен сөйлемшелер, мысалы, суретшілер сленгі, теңізшілер 
сленгі т.б. Яғни кәсіби сленгтер, сленг сөздер. 
Адам өмірінің ең қызықты шағы – студенттік кез. Студент атанысымен қоршаған орта да, 
тілі де, сөзі де өзгере бастайды. Мәселен университет – 
универ
, жатақхана – 
общага

Сонымен қатар студенттер арасында қалыптасып кеткен, өздері шығарған тұрақты 


219 
тіркестерге көз жүгіртсек. Мысалы: 
куратор – өгей шеше, лекция – ұйықтайтын жер, шпор 
– жедел жәрдем, семинар – жан беретін жер, стипендия (шәкіртақы) – бір күндік қуаныш, 
жатақхана – екінші үй, емтихан – тар жол тайғақ кешу
. Одан басқа 
тема, типа, короче, 
если что, зубрить, читалка, шеф, стрелять етті, потеря болды, сущняк алды
деген толып 
жатқан орыстың арзанқол сөздері жастар санасын жаулап алды. 
Көйлегің жынды екен, вкусыңа базар жоқ, біздің ботаник келе жатыр, маяк 
тасташы, қумашы, жыланбашы
, - деп қазақша сөйлегендерді 
мамбет
санап
косякқа
кіргізіп
, өздерінше
блотной 
болып 
құлаққа лапша іліп
жүрген қазақтың жастары ай! 
Бұл біздің біліп естіп жүрген таныс сөздеріміз. Біз естімеген әлі қаншама жаргондар бар 
десеңізші. Осындай құлаққа түрпідей естілетін сөздер өкінішке қарай жастар арасында ғана 
емес, үлкендер ішінде де жиі айтылып жүр. «Әке», «Ана» деген қасиетті сөздерді 
махан

пахан, батя
деген жыртық сөздермен жамап жүргеніне қалай көзіңді жұмып қарайсың? 
Қазақтың көркем, шырайлы, әсем сөздері айдаладан қаңғырып келген, қайдан шыққаны 
белгісіз лақпа сөздермен ластанып жатыр. 
Сленг жастар арасындағы қарым – қатынастың бір ерекше түрі. Жаргонмен сөйлеп 
олар бір – бірін жақсы түсінеді. Мұндай сөйлеу мәнерін түсіне алмайтын үлкен кісілерімізге 
жат нәрсе. Қазақ жастарының орысша сөйлеуі бір мәселе болса, түсініксіз жаргонда сөйлеу 
екінші мәселе. Оның шешімі бар ма? Осы сұрақтың жауабын табу өте қиын. Алдымен қазақ 
жастарын қалайша таза сөйлетуге болады? Егер кейбіреулері Абайды да білмесе? Есей 
Жеңісұлының «Абайды қайтем» деген мақаласында, қазіргі жастардың мәнері жазылған. 
Дөрекі сөйлеп, блогтарына балағат сөздер жазып, мәдениет және тәрбие дегенді 
білмейтіндігін нақты көрсеткен. Тек ұлдар ғана емес, қыздар да үнемі балағат сөздер 
айтатыны бәріне белгілі. Осыдан балалардың ішкі мәдениетін анық аңғаруға болады. 
«Абайды қайтем, жеті атамды жаттап алайын» деген бір 8-ші сыныпта оқитын баланың сөзі. 
Ұстаздарымыздың алдында мен қазіргі жастарымыз үшін ұяламын. Мәдениетті сөйлеу 
қоғамның дамуына да байланысты. Мұның бәріне ғаламтор, технологиялық жетістіктер, 
батыстың киноларының әсері шығар.
Міне жаһандану заманында ешбір сүзгіден өтпеген ақпараттар тасқыны ағылып, жастардың 
көзін тұмандандырып, санасын уландырып барады. Осыларға төтеп беретін қазақы тіл, 
ұлттық салт-дәстүр. Бүгінгі жастардың арасында тіл байлығының нашарлығынан дейміз бе, 
әйтеуір бір сүреңсіз, нәрсіз сөздер өршіп тұр. Алайда барлығына жастарды кіналай беруге де 
болмайды. Интернеттегі кейбір сананы улайтын сайттар, теледидардағы түкке тұрғысыз 
түрлі бағдарламалар, әлеуметтік желілердегі жеңіл әңгімелер, отбасындағы тәлім-тәрбие де 
баланың санасына әсер етеді. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» – деп ұлы 
ғұлама Әл-Фараби данамыз айтып кеткендей тәрбие болмаған жерге білім қонбайды. Ал, 
тәрбие басы бесіктен, отбасынан басталады. Сондықтан да ата-ана ұл-қыздарын дұрыс, 
мәдениетті сөйлеуге тілі шыққаннан баулу керек. ХХІ ғасырды ақпарат пен жаңа 
технологиялардың заманы деп компьютерге телміре бермей әдеби кітаптар да оқып тұрған 
жөн деп санаймын. 
Ахмет Байтұрсынұлы ағамыз айтқандай «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған 
жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, 
жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де 
жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға 
тырысады».
Тілі бардың, елі бар дейді. Әркім қазақ тілін бұзылмай сақталуын тілейді деп 
үміттенемін. Сол үшін Абайды, Мұқағали Мақатаевты, Ахмет Байтұрсынұлын, Мұхтар 
Әуезовты, Сәкен Сейфуллин және тағы басқа көптеген ақын жазушыларымызды оқып, 
білуіміз қажет деп есептеймін. Тілдің мәдениеті, болашағы сақталуы қоғамның қолында. 
«Тіліңді жоғалтсаң, діліңді жоғалтсаң, жоғалтасың бәрін» – деп, тіл жанашыры ақын 
Мұхтар Шаханов ағамыз бекер айтпаса керек-ті. Жастар, достар, өз тіліміз – сарқылмас, 
таптырмас байлығымыз! Қолда барда алтынның қадірін білейік! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   330




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет